https://sputnik.kz/20220327/arys-taraz-zharylys-23769456.html
Арыс пен Тараз маңындағы жарылыс: төтенше жағдай салдарын жою қайта жанданады
Арыс пен Тараз маңындағы жарылыс: төтенше жағдай салдарын жою қайта жанданады
Sputnik Қазақстан
Бұл жұмыстарға 650-ден астам әскери маман жұмылдырылды 27.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-27T18:34+0500
2022-03-27T18:34+0500
2022-03-27T18:46+0500
өңірлер
арыстағы жарылыс
тараз
https://sputnik.kz/img/1144/19/11441916_0:43:1920:1123_1920x0_80_0_0_51c6de961c727db6e35b3a1fc7ce771a.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 27 наурыз — Sputnik. Қорғаныс министрлігі Түркістан және Жамбыл облыстарындағы әскери қоймалардағы жарылыс салдарын жою бойынша жұмыстарға кірісті. Қарулы күштердің инженерлік-саперлік бөлімшелері 28 наурыздан бастап Арыс және Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы жарылыстардың салдарын жою жұмысына кірісетінін хабарлады. Жалпы осы жұмыстарға 650-ден астам әскери маман тартылды. Қорғаныс министрілігінде хабарлағандай, жергілікті халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылып отыр. Арыстағы және Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы оқ-дәрі қоймаларында болған оқиғалар салдарын жою жұмыстары биыл қараша айының соңына дейін жалғасады. Қоймалардағы жарылыстарЕске салсақ, 2019 жылдың 24 маусымында Арыс қаласының жанындағы арсеналда өрт шықты. Ол оқ-дәрі бөлігінің жарылысына алып келді. Екі әскери қызметкер және бір жергілікті тұрғын қаза тапты. Төрт айдан кейін оқ-дәрінің көзін жою жұмыстары кезінде сапер қаза болды.Арыс Шымкенттен 85 шақырым және Түркістаннан 168 шақырым қашықтықта орналасқан. Қала халқының саны шамамен 45 мың адамды құрайды. Жарылыстан қирап қалған қаланы қайтадан тұрғызуға тура келді. 2021 жылдың 26 тамызында Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймасында өрт шығып, бұл оқ-дәрінің бірнеше жарылысына әкеп соқты. Төтенше оқиғадан 17 адам мерт болды.Әскери бөлімде қызмет еткен 34 жастағы Бауыржан Дәуітбаев із-түссіз жоғалып, әлі күнге дейін табылмады.
тараз
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1144/19/11441916_195:0:1902:1280_1920x0_80_0_0_bc94086561f09c33f80bfff479663cc1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
арыстағы жарылыс, тараз
Арыс пен Тараз маңындағы жарылыс: төтенше жағдай салдарын жою қайта жанданады
18:34 27.03.2022 (жаңартылды: 18:46 27.03.2022) Бұл жұмыстарға 650-ден астам әскери маман жұмылдырылды
НҰР-СҰЛТАН, 27 наурыз — Sputnik. Қорғаныс министрлігі Түркістан және Жамбыл облыстарындағы әскери қоймалардағы жарылыс салдарын жою бойынша жұмыстарға кірісті.
Қарулы күштердің инженерлік-саперлік бөлімшелері 28 наурыздан бастап Арыс және Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы жарылыстардың салдарын жою жұмысына кірісетінін хабарлады.
"Арыста жару жолымен жойылатын оқ-дәрі қалдықтары қоймалардың техникалық аумағынан арнайы жабдықталған полигонға жеткізіледі. Жамбыл облысындағы инженерлік оқ-дәрі қоймасының аумағында оқ-дәрі қалдықтарын жоюға арналған орын жабдықталған. Ал қалған бөлігі арнайы полигондарға шығарылып жойылады", - деп хабарлады әскери ведомствода.
Жалпы осы жұмыстарға 650-ден астам әскери маман тартылды. Қорғаныс министрілігінде хабарлағандай, жергілікті халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылып отыр. Арыстағы және Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы оқ-дәрі қоймаларында болған оқиғалар салдарын жою жұмыстары биыл қараша айының соңына дейін жалғасады.
Еске салсақ, 2019 жылдың 24 маусымында Арыс қаласының жанындағы арсеналда өрт шықты. Ол оқ-дәрі бөлігінің жарылысына алып келді. Екі әскери қызметкер және бір жергілікті тұрғын қаза тапты. Төрт айдан кейін оқ-дәрінің көзін жою жұмыстары кезінде сапер қаза болды.
Арыс Шымкенттен 85 шақырым және Түркістаннан 168 шақырым қашықтықта орналасқан. Қала халқының саны шамамен 45 мың адамды құрайды. Жарылыстан қирап қалған қаланы қайтадан тұрғызуға тура келді.
2021 жылдың 26 тамызында Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймасында өрт шығып, бұл оқ-дәрінің бірнеше жарылысына әкеп соқты. Төтенше оқиғадан 17 адам мерт болды.
Әскери бөлімде қызмет еткен 34 жастағы Бауыржан Дәуітбаев із-түссіз жоғалып, әлі күнге дейін табылмады.