2016 жылы 10 қарашада "Саранская" шахтасында қайғылы оқиға орын алды. Кеншілерді көтеріп шығаратын арбаның арқаны үзіліп кетіп, нәтижесінде үш адам "жедел жәрдем" келіп жеткенше қаза тапқан. Зардап шеккен қалған бес адам ауруханаға жатқызылды. Болған оқиғаға қатысты арнайы комиссия тергеу жұмысын жүргізуде.