https://sputnik.kz/20241018/qaragandy-oblysynda-shakhtada-bolgan-apatty-arnayy-komissiya-tekseredi-47938465.html
Қарағанды облысында шахтада болған апатты арнайы комиссия тексереді
Қарағанды облысында шахтада болған апатты арнайы комиссия тексереді
Sputnik Қазақстан
Жарақат алған жұмысшылардың бірі қазір жансақтау бөлімінде жатыр 18.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-18T20:37+0500
2024-10-18T20:37+0500
2024-10-18T20:43+0500
шахта
"саранская" шахтасындағы тж
https://sputnik.kz/img/242/30/2423003_0:28:1156:678_1920x0_80_0_0_79f1b76489cf6b266a278fc616b5e62a.jpg
АСТАНА, 18 қазан – Sputnik. Қарағанды облысындағы шахтада болған апатты арнайы комиссия тексеретін болды, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.Еске сала кетейік, 2024 жылдың 14 қазанында "Qarmet" АҚ Көмір департаментіне қарасты "Саранская" шахтасында апат болды. Металл бекіткіш профилін жылжытқан кезде үстіңгі бөліктерден тау жыныстарының бір бөлігі аршылып, тау-кен тазарту жұмысшысы Д.Сембеков (1988 ж.т.), кен шебері А. Григорьевич (1989 ж.т.) және тау-кен механизаторы А.Рудия (1983 ж.т.) жарақат алған.Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, зардап шеккендер проф. Х.Ж. Мақажанов атындағы облыстық травматология және ортопедия атындағы облыстық орталыққа жеткізілді. Дәрігерлер тексергеннен кейін Д.Сембеков пен А.Григорьевич еңбекке жарамсыздық парағын ашпай, үйіне жіберілді. А.Рудий қазір жансақтау бөлімінде жатыр.Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/242/30/2423003_0:0:1024:768_1920x0_80_0_0_b2ff6d93b37db7b8c9f74af443ab1065.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шахта, "саранская" шахтасындағы тж
шахта, "саранская" шахтасындағы тж
Қарағанды облысында шахтада болған апатты арнайы комиссия тексереді
20:37 18.10.2024 (жаңартылды: 20:43 18.10.2024) Жарақат алған жұмысшылардың бірі қазір жансақтау бөлімінде жатыр
АСТАНА, 18 қазан – Sputnik. Қарағанды облысындағы шахтада болған апатты арнайы комиссия тексеретін болды, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
"3 адам зардап шеккен "Саранская" шахтасындағы жазатайым оқиғаны тексеру үшін Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті комиссия құрып жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Еске сала кетейік, 2024 жылдың 14 қазанында "Qarmet" АҚ Көмір департаментіне қарасты "Саранская" шахтасында апат болды. Металл бекіткіш профилін жылжытқан кезде үстіңгі бөліктерден тау жыныстарының бір бөлігі аршылып, тау-кен тазарту жұмысшысы Д.Сембеков (1988 ж.т.), кен шебері А. Григорьевич (1989 ж.т.) және тау-кен механизаторы А.Рудия (1983 ж.т.) жарақат алған.
Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, зардап шеккендер проф. Х.Ж. Мақажанов атындағы облыстық травматология және ортопедия атындағы облыстық орталыққа жеткізілді. Дәрігерлер тексергеннен кейін Д.Сембеков пен А.Григорьевич еңбекке жарамсыздық парағын ашпай, үйіне жіберілді. А.Рудий қазір жансақтау бөлімінде жатыр.
Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады.