АСТАНА, 11 қар – Sputnik. Бір күн бұрын шахтасында төрт адамның қазасына алып келген төтенше жағдай орын алған "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-да жағдайдың болжамын айтып берді.
Қайғылы оқиға 10 қарашада орын алды. "АрселорМиттал Темиртау" компаниясының "Саранская" шахтасында жұмысшыларды жоғарыға көтеру кезде ТЖ орын алып, салдарынан үш адам қаза тапты, бес адам ауруханаға жатқызылды. Бір тәуліктен кейін, жұма күні күндіз ауруханада бас сүйегі сынған 1966 жылы туылған кенші көз жұмды.
"Алдын ала ақпарат бойынша, 10 қараша күні сағат 14.25-те жұмысшылар техникалық стандарттарға сәйкес келмейтін көлікті пайдаланған. Арнаулыланбаған көлікті дұрыс пайдаланбау үш адамның қаза тауып, бес адамның зардап шегуіне әкеліп соқтырды. Кеншілер жер асты лавасының жұмысына тартылған", — делінген жұмада таратылған хабарламада.
Х.Макажанова атындағы облыстық травматология және ортопедия орталығында жатқан төрт адамның жағдайы қалыпты, олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.