Қоғам

Қарағанды облысындағы шахтада болған апаттың құрбандар саны төрт адамға жетті

© Sputnik / Юлия КузнецоваАурухана
Аурухана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Саранская" шахтасында арбаның құлауы салдарынан бас сүйегі сынған 50 жастағы ер кісі көз жұмды.

АСТАНА, 11 қар – Sputnik. Қарағанды облысындағы "Саранская" шахтасында зардап шеккендердің бірі көз жұмды, деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасында. 

Шахтада - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Сарань шахтасында болған ТЖ тергеу прокурорлар бақылауында

Қайғылы оқиға 10 қарашада орын алды. "АрселорМиттал Темиртау" компаниясының "Саранская" шахтасында жұмысшыларды жоғарыға көтеру кезде ТЖ орын алып, салдарынан үш адам қаза тапты, бес адам ауруханаға жатқызылды. 

"1966 жылы туылған ер адам бас сүйегі сынып ауыр хәлде ауруханаға түсті. Ол жан сақтау бөлімінде болған, жақында қайтыс болды", — деді Sputnik-пен әңгімелесуші телефон арқылы. 

Басқармада ақпараттандырғандай, қалған зардап шеккендердің жағдайы тұрақты. 

"Барлық қажетті медициналық тексеру жүргізіліп, оларға көмек көрсетіліп жатыр", — деп қорытылған баспасөз қызметінде. Бұл дерек Сарань ішкі істер бөлімі сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде тіркелген. Тергеу барысы облыс прокуратурасының қадағалауында. Кеншілер қазасын арнайы комиссия тексеруде. 


Жаңалықтар
0