АСТАНА, 11 қар — Sputnik. Қарағанды облысындағы "Саранская" шахтасында арба арқанының үзіліп кетуінен болған төтенше жағдайды тергеу арнайы комиссияға тапсырылды. Тергеу ісі облыстық прокуратура бақылауында деп хабарлады ведмствода.
10 қараша күні "Арселор Миттал Теміртау" АҚ "Саранская" шахтасында жұмысшыларды жер бетіне көтеру кезінде қайғылы оқиға орын алған. Оқиға салдарынан үш адам (1959, 1960, 1983) көз жұмып, бес адам (1961, 1964, 1969, 1971 және1983) ауруханаға жатқызылды
Сол күні ТЖ орнында арнайы құрылған комиссия тергеу жұмысын бастап кетті. Комиссия құрамында ҚР индустриялық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары бастаған Қарағанды облысы ІІД тергеушілері қызмет етеді.
Бұл факті ҚР ҚК 155-бабы, 4-бөлігі бойынша Сарань қаласының ішкі істер бөлімшесінің сот алды тергеудің бірыңғай реестріне тіркелген. Тергеу барысын облыстық прокуратура қадағалап отыр.