Сочиден Сирияға бет алған РФ Қорғаныс министрлігінің Ту-154 ұшағы Қара теңізге құлады. Бортта сегіз экипаж мүшесі мен 84 жолаушы болған: Александров атындағы ән және би ансамблінің әртістері, "Первый" және "Звезда" телеарналарының тілшілері, қоғам қайраткері Елизавета Глинка.