АСТАНА, 25 жел — Sputnik. Бастапқы мәліметтер бойынша, ұшақ бортында Қорғаныс министрлігінің Александров атындағы ән және би ансамблі мен тоғыз тілші болған деп хабарлайды қарулы күштер құрылымының дереккөзі РИА Новости агенттігіне.
Радарлардан жоғалып кеткен Қорғаныс министрлігі ұшағы Чкаловскіден ұшып шығып, Сочиге жанармай толтыру үшін қонған. Ұшақ Краснодар өңірінің таулы аумағына құлауы ықтимал.
Бұдан бұрын, Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Адлер әуежайынан жоспарлы түрде ұшып шыққан Ту-154 ұшағы радиолокациялық радарлардан көрінбей кеткен.
Бортта 83 жолаушы мен 8 экипжа мүшесі болғандығы айтылады. Ұшақты іздеуге Краснодар өңірі мен көршілес аймақтардағы Оңтүстік әскери округы әуе бөлімшелерінің бүкіл іздеу-құтқару қызметтері жұмылдырылған.