АСТАНА, 25 жел — Sputnik. Бастапқы мәліметтер бойынша, Қорғаныс министрлігінің ұшағы Ту-154 Сочиден ұшып шыққан соң радар экрандарынан жоғалып кеткен, бортта 70-ке жуық адам болған деп хабарлады жедел қызметтер дереккөзі жексенбі күні РИА Новости агенттігіне.
"Бастапқы берілген мәліметтер бойынша, Қорғаныс министрлігінің ұшағы Ту-154 Сочи әуежайынан ұшып шыққан соң радар экрандарынан жоғалып кеткен, бортта 70-ке жуық адам болған", — деді агенттікке сұхбат беруші.
Қорғаныс министрлігінің ұшағы сириялық Латакияға баруы тиіс болатын.