АСТАНА, 25 жел — Sputnik. Жоғалып кеткен Ту-154 ұшағының бөліктері Сочиде Қара теңіз жағалауынан бір жарым шақырымдай қашықтықта, 50-70 метр тереңдікте табылды деп хабарлайды РИА Новости Ресей Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
"Сочи қаласының Қара теңіз жағалауынан 1,5 километрдей қашықтықта 50-70 метр тереңдікте Қорғаныс министрлігі Ту-154 ұшағының бөліктері табылды", — делінген хабарламада.
Сириядағы Латакия қаласына ұшып бара жатқан ұшақтың бортында сегіз экипаж мүшесі мен 83 жолаушы болған, олардың арасында Қорғаныс министрлігі Александров атындағы ән және би ансамбілінің әртістері мен "Первый" және "Звезда" телеарналарының тоғыз тілшісі болған.