Әлем

Ту-154 апаты: сынықтардың бір бөлігі Абхазияда болуы мүмкін

© Sputnik / Нина Зотина / Медиабанкке өтуІздеу-құтқару операциясы
Іздеу-құтқару операциясы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Абхазия билігі іздеу-құтқару операциясы аясында жәрдем беруге дайын

АСТАНА, 26 жел — Sputnik. Апатқа ұшыраған Ту-154 ұшағының сынықтары теңіз ағысымен Абхазия аумағына өтіп кетуі мүмкін деген болжам жасады РФ транспорт министрі Максим Соколов деп жазады РИА Новости.

Ұшақ - Sputnik Қазақстан
Ресейде құлаған Ту-154 ұшағының сынықтары табылды

"Кеше Абхазия президентімен, премьер-министрімен хабарластым. Ұшақтың құлаған жерінен теңіз ағысы мемлекеттік шекараға қарай бағытталады. Болжам бойынша, ұшақ сынықтарының бір бөлігі шекарадан ағып өтіп кетуі мүмкін. Сол себепті абхаз әріптестеріміз іздеу-құтқару операциясы аясында бірлесіп қимылдау үшін күш жұмылдыруға дайын", — деп хабарлады Соколов дүйсенбі күнгі жиналыста.

Ұшақтың құлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Соколов әуе апатын тергеу жөніндегі үкіметтік комиссияны басқарады.

Жаңалықтар
0