Денсаулық

Тағамдық аллергия: неден туындайды және қалай емдейді

Тағамдық аллергия – бұл белгілі бір тағамға қатысты иммундық реакция
Sputnik
Тағамдық аллергия – тағам компоненттеріне қатысты ағзаның айқын реакциясы. Ол тері бөртпелері, ісіну, асқазан-ішек жолдары жұмысының бұзылуы, іштің ауыруы түрінде көрініс беруі және өмірге қауіп төндіретін анафилактикалық шокқа дейін жетуі мүмкін. Sputnik Қазақстан тағамдық аллергияның пайда болу себептері және оны емдеу жолдары туралы толығырақ баяндайды.

Тағамдық аллергия деген не

Тағамдық аллергия – бұл белгілі бір тағамға қатысты иммундық реакция. Ол реакция адам тамақққа ерін тигізсе де туындауы мүмкін. Көбінесе реакция алғашқы 10-30 минутта пайда болады.
Денсаулық
Псориазды емдеу және алдын алу жолдары
Тағамдық аллергия иммундық жүйе бұзылған кезде дамитын ағзаның тағам өнімдеріне сезімталдығының жоғарылауы салдарынан туындайды. Аллергия көбінесе балаларда байқалады,ал ересектер әдетте аллергиямен бала кезінен зардап шегеді.
Мамандардың айтуынша, асқазан-ішек жолдары, бауыр, өт жолдары ауруларымен ауыратын адамдар арасында тағамдық аллергияның таралуы осы патологиядан зардап шекпейтін адамдарға қарағанда жоғары және 5-тен 50% -ке дейін жетеді.
Тағамдық аллергия басқа аллергиялық аурулары бар науқастарда да, атап айтқанда, поллинозға шалдыққан адамдарда жиі кездеседі. Тағамдық аллергияны оған өте ұқсас басқа жағдайдан, яғни тағамдық төзімсіздіктен ажырата білу керек.

Тағамдық аллергия мен тағамдық төзімсіздік арасындағы айырмашылықтар қандай

Тағамдық төзімсіздік кезінде иммундық жүйеде өзгерістер болмайды. Ал тағамдық аллергияда иммундық өзгерістер болады. Тағамдық төзімсіздік реакцияларының даму себептері көбінесе адамда қатар жүретін әртүрлі аурулардың болуымен байланысты, мысалы, асқазан, ішек, бауыр, жүйке және эндокриндік жүйелердегі аурулар.
Денсаулық
Асқазан-ішек жолдары аурулары: белгілері мен емдеу жолдары
Сонымен қатар тағамдық аллергия адамда өмір бойына сақталса, тағамға төзбеушілік оны тудырған себептер емделгеннен кейін жойылуы мүмкін.

Тағамдық аллергияның түрлері

Токсинді реакция
Құрамында токсинді заттар немесе жеуге жарамсыз деп танылатын компоненттері бар тағамдарды жеуге организмнің негативті реакциясы токсинді реакция деп аталады. Оның сипаты мен дәрежесі жеген тағамның мөлшеріне және оның құрамындағы заттарға байланысты болады.
Денсаулық
Ботокс: бұл не, не үшін қолданады және қауіпті ме
Токсинді әсер ету кезіндегі ең ауыр жағдайлар мыналар:
церебральды ауытқулар пайда болады;
сыртқы тыныс алу жүйесі бұзылады;
жүрек-қантамыр жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуі.
Бұл жағдайда үйдегі дәрі-дәрмекпен емдеу жеткіліксіз. Мүмкіндігінше тезірек жедел жәрдем шақыру керек.
Токсинді емес реакция
Егер барлық адам токсинді реакцияға бейім болса, токсинді емес аллергиялық реакция – ағзаның жеке ерекшелігі. Тағамдық аллергия немесе тағамдық жоғары сезімталдық ағзаның тағам өнімдеріне жағымсыз токсинді емес реакциясы ретінде сипатталады. Бұл жеңіл жайсыздықтан дереу ауруханаға жатқызуды қажет ететін өмірге қауіп төндіретін жағдайларға дейін жетуі мүмкін.
Токсинді емес тағамдық аллергия 2 түрге бөлінеді:
IgE антиденелері бар тағамдық аллергия
Азық-түлік: жаңғақтар, теңіз өнімдері, цитрус жемістері, бал және тағы басқа.
Латекс: латекс өнімдерін пайдалану, шырышты қабаттармен тікелей байланыста болу, ауаға шығарылған ұсақ бөлшектерді жұту.
Гүл тозаңы: жұту, аллергеннің шырышты қабатқа енуі.
IgE антиденелері жоқ тағамдық аллергия
Құрсақ қуысы органдарының аурулары: ішектің қабыну ауруы, гастроэзофагеальды рефлюксті ауруы (ГЭРА) және тағы басқа.
Аллергенмен тактильді байланыс кезінде пайда болатын аллергиялық дерматит.
Денсаулық
Инсульт: белгілері, емі және профилактикасы

Тағамдық аллергияның туындау себептері

Ересектердегі тағамдық аллергияның дамуына ықпал ететін факторлар:
генетикалық бейімділік;
жас ұлғайған сайын ішектің жұмыс істеу қабілетінің әлсіреуі;
иммуноглобулин тапшылығы;
антигендерге реакцияның жоғарылауы;
иммунды-супрессорлы әсері бар вирустық инфекциялар;
кандидоз;
паразиттер, алкогольді шамадан тыс тұтыну және тағы басқа сыртқы жағымсыз әсерлер.
Балалардағы тағамдық аллергияның себептері:
генетикалық бейімділік;
жасы кіші болуына байланысты ішектің жұмыс істеуге дайын еместігі;
жаңа туған баланы қоспаға ерте көшіру;
тағамның көлемі баланың салмағы және жасына сәйкес болмауы;
асқазан-ішек жолы аурулары, бауыр мен өт жолдарының аурулары және басқа факторлар.
Денсаулық
Күзгі аллергия: қалай күресу керек
Осылайша тағамдық аллергия генетикалық жолмен пайда болуы немесе өмір сүру кезеңінде қалыптасуы мүмкін.

Тағамдық аллергияның белгілері

Тағамдық аллергияның белгілері әртүрлі, олар жеңіл жайсыздықтан өмірге қауіп төндіретін жағдайларға дейін болуы мүмкін. Жеке органдарға немесе тұтастай алғанда бүкіл ағзаға әсер ететін әртүрлі ішкі және сыртқы шоғырлануы да кездеседі.
Ең жиі кездесетін белгілері мыналар:
терідегі реакциялар (ісіну, қызару, бөртпе, қышу);
асқазан-ішек жолында (түйіну мен ауырсыну, жүрек айну, құсу, диарея, ауыз қуысында ісіну);
тыныс алу жолдарында (демікпе, ентігу, жөтел, жұтқыншақтың ісінуі және қышуы);
көзден жас ағу, ісіну, қызару, қышу түрінде;
құлақтағы бітелу сезімі, ауырсыну, есту қабілетінің жоғалуы;
аллергиялық ринит деп аталатын мұрындағы шырышты қабықтың ісінуі, иіс сезудің жоғалуы;
бастың жеңіл және қатты ауырсынуы;
жүрек-тамыр жүйесінде (кеудедегі ауырсыну, жүрек соғысының бұзылуы, жоғары қан қысымы, естен тану).
Денсаулық
Миокард инфаркті: белгілері мен алдын алу шаралары
Бұл аталған жағдайлардың басым көпшілігінде ағзаның аллергенге реакциясы бірден пайда болады, тағамды тұтынғаннан кейін бірнеше минут немесе 1-2 сағат ішінде білінеді. Симптомдар бірнеше күнге, кейде бірнеше аптаға созылуы мүмкін. Реакцияның күші мен симптомдардың ұзақтығы аллергеннің мөлшері мен адамның жеке сезімталдығына байланысты болады.

Тағамдық аллергияны емдеу және алдын алу

Тағамдық аллергия анықталған кезде кешенді терапия тағайындалады. Ол мыналардан тұрады:
Аллерген бар тағамдарды, сондай-ақ ысталған және маринадталған тағамдарды міндетті түрде мәзірден алып тастау арқылы тамақтану режимін ұйымдастыру.
Қышуды және есекжемді жеңілдетуге арналған антигистаминді препараттар тағайындау.
Денсаулық
Бастағы қайызғақ: қалай күресу керек
Иммунотерапия жүргізу.
Аллергияны асқындыратын ілеспе ауруларды емдеу.
Гемопунктура, яғни науқастың қанын тері астына енгізу арқылы аллергиялық реакцияны басу әдісін қолдану.
Аллергия туындау қаупі бар топқа жататын адамдар тағамдық аллергияға себеп болуы мүмкін тағамдардан бас тартуы керек. Оларға спортпен айналысып, өздерін шыңдау ұсынылады. Ас қорыту жолдарының ауруларын уақытылы емдеу керек.
Тағамдық аллергия ауыр асқынуларды, мысалы, анафилактикалық шок немесе Квинке ісінуін тудыруы мүмкін. Тұрақты жоғары сезімталдық болса, аутоиммундық аурулар, бронх демікпесі және атопиялық дерматит дамуы мүмкін. Сондықтан дер кезінде дәрігердің көмегіне жүгініп, аллергенді анықтау және тиісті емдеуден өту маңызды.
Денсаулық
Радикулит: туындау себептері және емдеу әдістері