2014 жылдың наурыз айында Гуанчжоу әуежайында 4,5 келі есірткімен ұсталған Ақжарқын Тұрлыбай ісі бүкіл елді дүрліктірген болатын. 2015 жылы Гуанчжоу соты қазақ қызына өмір бойына бас бостандығын айыру жазасын берді. Ақжарқынның қазақстандық адвокаты Сұңқар Нұрмағамбетов және қытай екі қорғаушысы соттың бұл үкімімен келіспей, Жоғарғы сотқа шағым түсірді. 2016 жылдың сәуірінде апелляциялық сот Тұрлыбайды өмір бойына бас бостандығынан айырған Гуанчжоу соты үкімінің заңды күшін жойып, істі қайта қарау туралы қаулы шығарды. Жалпы биылғы жылдың тамыз айындағы жағдай бойынша Ақжарқын Тұрлыбайдың Қытай түрмесінде отырғанына 4 жыл, 5 ай болды. Толығырақ
Sputnik материалдарынан оқыңыз.