Қоғам

Ақжарқын Тұрлыбай: әділдікке сенемін

© Photo : аккаунт Акжаркын Турлыбай в соцсетяхАқжарқын Тұрлыбай
Ақжарқын Тұрлыбай - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қытай қаласы Гуанчжоудың апелляциялық соты есірткі контрабандасы үшін сотталған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты шешім шығаруы тиіс.

АСТАНА, 2 қар — Sputnik.  Қытайда өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілген Қазақстан азаматшасы Ақжарқын Тұрлыбай апелляциялық сотта әділеттілік жеңіске жетіп, сот үкімі өз пайдасына шығарылады деп үміттенеді.

Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылдың наурыз айында Гуанчжоу әуежайында есірткі заттарын тасымалдады деген күдікпен ұсталған болатын. 2015 жылы маусымда сот 21 жасар қызды ірі көлемде есірткі контрабандасына кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыруға соттады. Апелляциялық инстанция соты өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкімді жойды. 

Сәрсенбі күні 2 қарашада Гуанчжоу қаласында Тұрлыбайдың ісі бойынша апелляциялық тыңдау болды.

"Ақжарқын Тұрлыбай сот залында аудармашының көмегінсіз қытай тілінде сөйледі. Ол өзінің жазықсыз екендігін айтты. Жағдайы жаман емес, халықтың қолдау көрсеткені үшін алғысын айтып жатыр", — деп хабарлады Тұрлыбайдың адвокаты Сұңқар Нұрмағанбетов тілшілерге. 

Тыңдаудан кейін апелляциялық сот шешім қабылдау үшін кеңес бөлмесіне кетті.

Хабар 24 арнасы Ақжарқын Тұрлыбайдың қазақстандықтарға видеомәлімдемесін жазып алды.    


Жаңалықтар
0