Қоғам

Ақжарқын Тұрлыбайды елге қайтарамыз деген үміт бар – СІМ

© Sputnik / Болат ШайхиновҚР СІМ ғимараты
ҚР СІМ ғимараты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бойжеткеннің сөмкесінен есірткі шығып, өмір бойына бас бостандығынан айырылған болатын

АСТАНА, 14 желтоқсан – Sputnik. ҚР Сыртқы істер министрлігі Қытайда жазасын өтеп жатқан отандасымыз Ақжарқын Тұрлыбайды елге қайтарамыз деген үмітте. Бұл туралы бүгін СІМ Консулдық қызмет департаментінің директоры Ардақ Мадиев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Сұңқар Нұрмағанбетов пен Андрей Малахов - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қытайда сотталған Ақжарқын Тұрлыбайдың адвокаты Малаховтың шоуына қатысты
"Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі естеріңізде шығар. Консулдық қызметтің, елшіліктің көмегімен бүгінгі күні Қазақстан азаматы Тұрлыбайдың ісі қайта қаралып, жоғары инстанцияға апелляция беріліп, Қытайдың сот органдарымен келіссөздер жүргізілді. Біз аталған іс оң шешім табады деген ойдамыз. Тұрлыбайды елге қайтарамыз деген үміт бар", — деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Ақжарқын Тұрлыбай осыдан үш жыл бұрын Гуанчжоу әуежайында ұсталған болатын. Әлдебір таныстарының өтінішімен Малайзияға тауар жеткізуге кеткен қыздың сөмкесінен есірткі шыққан. Кейін қазақстандық бойжеткен есірткі тасымалдағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Жаңалықтар
0