Саясат

Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі: сот шешімін жариялау кейінге шегерілді

© Photo : аккаунт Акжаркын Турлыбай в соцсетяхАқжаркын Тұрлыбай
Ақжаркын Тұрлыбай - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қытайда ұсталған қазақстандық қыз есірткі контрабандасы бойынша айыпталды

АСТАНА, 27 ақп — Sputnik. Қытайда сотталған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі бойынша шешім шығару мерзімі белгісіз уақытқа кейінге шегерілді, деп хабарлады журналистерге қыздың адвокаты Сұңқар Нұрмағамбетов. 

Бұған дейін Гуанжоудың апелляциялық соты 27-28 ақпанда шешім шығарады деп хабарланған болатын. 

Ақжарқын Тұрлыбай - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ақжарқын Тұрлыбай: әділдікке сенемін

"Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі бойынша үкімді жариялау белгісіз мерзімге шегерілді. Отырыс уақыты туралы барлық мүдделі тұлғалар ақпараттандырылатын болады", — деп хабарлады Нұрмағанбетов. 

Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылдың наурыз айында Гуанчжоу әуежайында есірткі заттарын тасымалдады деген күдікпен ұсталған болатын. 2015 жылы маусымда сот 21 жасар қызды ірі көлемде есірткі контрабандасына кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыруға соттады. Апелляциялық инстанция соты өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкімді жойды. 


Жаңалықтар
0