Қоғам

Қытай түрмесінде отырған Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты тың мәлімет жарияланды

© Photo : Аккаунт Сункара Нурмаганбетова в FacebookАқжарқын Тұрлыбай (ортада) мен адвокат Сұңкар Нұрмаганбетов (сол жақта)
Ақжарқын Тұрлыбай (ортада) мен адвокат Сұңкар Нұрмаганбетов (сол жақта) - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Төрт жылдан астам уақыт Қытай түрмесінде жатқан қазақстандық қыз апелляциялық соттың шешімін күтіп отыр

АЛМАТЫ, 29 шілде — Sputnik. Қытай түрмесінде жатқан қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайдың адвокаты Сұңқар Нұрмағамбетов оның денсаулық жағдайы туралы айтып берді. 

Сұңқар Нұрмағамбетов таяуда Қытайға жұмыс сапарымен барғанын әлеуметтік желідегі жеке парақшасында хабарлады.   

"Ақжарқын Тұрлыбайдың жағдайы бұрынғысынша, қанағаттанарлық", — деп хабарлады Қытай соты өмір бойына бас бостандығынан айырған қазақстандықтың адвокаты.

Сондай-ақ ол апелляциялық алқа қарап жатқан Тұрлыбайдың ісі жариялау кезеңінде екенін еске салып өтті: жаңа құрамдағы сот кеңес бөлмесіне кеткен. Шешімнің қашан жарияланатыны әзірге белгісіз.    

Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі

Ақжарқын Тұрлыбай - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ақжарқын Тұрлыбай Қытай түрмесінде немен айналысып жүр?

Ақжарқын Тұрлыбай Қытай түрмесінде отырғанына төрт жылдан асты. Ол 2014 жылдың наурызында есірткі тасымалдады деген күдікпен Гуанчжоу қаласының әуежайында ұсталған болатын. Отандасымыз ол кезде 20 жаста болды. 2015 жылдың маусымында Қытай соты оны өмір бойына бас бостандығынан айырды. Сотта Ақжарқын шетелдік досы алдап кеткенін айтып, кінәсін мойындаған жоқ. 

Кейін апелляциялық инстанция соты өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкімді жойды.

2016 жылдың қарашасында Тұрлыбайдың ісі бойынша апелляциялық тыңдау өтті. 

Ақжарқын Тұрлыбайдың апелляциялық алқа шешімін күтіп жүргеніне бір жарым жыл болды.

Қытайда мыңдаған адам үйлерін тастап қашып жатыр

Қытайды топан су басқаны жайлы жантүршігерлік кадрлар жарияланды 

Жаңалықтар
0