Қоғам

Қытайда сотталған Ақжарқынның анасы қызына қатысты бар шындықты айтты

© Photo : Аккаунт Сункара Нурмаганбетова в FacebookАқжарқын Тұрлыбай мен адвокат Сұңқар Нұрмағанбетов (сол жақта)
Ақжарқын Тұрлыбай мен адвокат Сұңқар Нұрмағанбетов (сол жақта) - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақжарқын Тұрлыбайдың отбасы қаржыдан қатты қиналып отыр, тіпті адвокат ақысын да толық бере алмаған

ШЫМКЕНТ, 6 тамыз — Sputnik, Жансая Тәуекелқызы. Қытай Халық Республикасының түрмесінде отырған Қазақстан азаматшасы Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы қызының қазіргі жағдайы мен атышулы қылмыстық іске қатысты тың деректерді Sputnik Қазақстан тілшісіне айтып берді. 

Ақжарқын Тұрлыбай - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ақжарқын Тұрлыбай Қытай түрмесінде немен айналысып жүр?

2014 жылдың наурыз айында Гуанчжоу әуежайында 4,5 келі есірткімен ұсталған Ақжарқын Тұрлыбай ісі күллі елді дүрліктіргені белгілі. Бірі оны ақшаның соңынан кетті деп айыптаса, енді бірі 20 жастағы қазақ қызы есірткі бизнесімен айналысты дегенге сенбеді. Таныстарының өтінішімен Малайзияға тауар жеткізіп беруге келіскен ол әлдекімдердің шырмауына түсті деді. Қаршадай қыздың туыстары Ақжарқынның кінәсіз екенін айтып, елден көмек күтті. Тіпті анасы Елбасыдан араша да сұрады. 2015 жылы Гуанчжоу соты қазақ қызына өмір бойына бас бостандығын айыру жазасын берді. Ақжарқынның адвокаттары (авт: қазақстандық Сұңқар Нұрмағамбетов және қытайлық екі қорғаушы) соттың бұл үкімімен келіспей, Жоғарғы сотқа шағым түсірді. 2016 жылдың сәуірінде апелляциялық сот қазақ қызын өмір бойына бас бостандығынан айырған Гуанчжоу соты үкімінің заңды күшін жойып, істі қайта қарау туралы қаулы шығарды. Одан бері 2 жыл, 4 ай өтті. Жалпы есеппен алғанда Ақжарқын Тұрлыбай 4 жыл, 5 ай ғұмырын Қытай абақтысында өткізіп отыр. 

Ақжарқын Тұрлыбайдың адвокаты отандасымыздың денсаулық жағдайы туралы айтты

"Қызымды үш-ақ рет көрдім…" 

"Тұла бойы тұңғышымның есірткі бизнесімен айналысты дегені жалған айып, ана жүрегім алдамайды" деген Ақжарқынның анасы сары уайымға салынғанынан биыл инсульт алып, ауруханадан бір-ақ шыққан. Бірнеше ай ем қабылдаған ол бүгінде жағдайым жақсы, өзегімді өртейтіні перзентіме деген сағынышым дейді. 

"Ақжарқын Қытайда ұсталғалы бері үш-ақ рет көрдім. Соңғы рет 2016 жылы сот отырысында кездестім. Одан бері 2,5 жыл өтті. Мен үшін бұл қандай ауыр екенін сөзбен жеткізе алмаймын. Қорғаушыларының айтуынша, жағдайы бірқалыпты. Жұмыс істеп жүр деді. Өзіне қажетті кітаптарды Қытайдағы қорғаушысы апарып беріп жүр. Бірақ саны шектеулі және тек ағылшын тілінде болуы керек", —  деген Ақжарқынның анасы Зухра Сейтімова бірінші кезекте ата-әжесі үшін де алаңдап отырғанын жеткізді. 

Өйткені Ақжарқын ата-әженің қолында тәрбиеленген. Оның Қытай елінде ұсталды дегенін естіген қариялар үшін бұл хабар қатты соққы болып тиген.  

Қытайлық мамандар да Ақжарқын жағында 

Сұхбат барысында "Қызымның ақталып шығатынына сенімдімін" деп бірнеше рет айтқан Зухра Сейтімова адвокаттары да сот үкімі Ақжарқынның пайдасына шығады деп болжам жасап отыр дейді. 

Қолына кісен салынған адам, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қытайда өлім жазасына кесілген қазақстандық елге оралды

"Ақжарқын осы уақытқа дейін тағылған кінәні мойындаған жоқ. Басында оның ісі құжаттарда басқаша жазылған, кейін оған тағылған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы алынды. Енді іс қайта қаралып жатқан соң құжаттар да өзгертілетіні белгілі. Өткенде қорғаушысы істің созылып кетуін осымен байланыстырды. Шынымды айтсам, не ойларымды да білмеймін. Ішкі түйсігім алдамайды деп отырмын" деген Зухра Сейтімова қытайлық кейбір мамандар да Ақжарқынның кінәсіз екеніне сеніп отыр дейді. 

"Ақжарқынның әуежайда ұсталған кезіндегі видеожазбаларды көрген қытайлық психолог мамандары егер сөмкесінде есірткі барын білетін адамның жүзінде кішкене болсын эмоцияның байқалып, қобалжуы тиістігін айтыпты. Ал Ақжарқын ешбір алаңсыз тұрған. Мамандардың айтуынша, егер адам бір рет болса да есірткі қолданса, қан құрамында ол бірнеше уақытта жойылып кетуі мүмкін, бірақ тырнақ пен шашта өмір бойына сақталады екен. Тіпті есірткіні жай ұстап көрген адамның қолындағы клеткаларда оның құрамы сақталады дейді. Бұл екі сараптама қорытындысында да Ақжарқын таза боп шықты. Адвокаттары да шындықтың жеңіп шығатынына сендіріп отыр",-деді Қытай түрмесінде отырған бойжеткеннің анасы. 

Қазақстанның сыртқы қарызы 0,8 миллиард долларға қысқарды

"Адвокат ақысын таппай отырмын" 

Ақжарқын Тұрлыбай істі болған соң ата-анасы үйлерін сатып, туыстарынан жылу жинаған. Кейін кредит алған. Бас-аяғы жиналған 10 мың АҚШ долларын Қытайдағы қос адвокаттың қызмет ақысы ретінде төлеген. Оның бірі ағылшын және орыс, екіншісі қытай тілін еркін меңгерген. Ал Қазақстандағы қорғаушы Сұңқар Нұрмағанбетов Ақжарқынға ақысыз араша болып келеді.  

"Қытайдағы екі қорғаушының қызмет ақысының бір миллион теңгесі қалған. Оны наурыз айында беруім керек еді. Өзім "Қызмет ақысын әлі күнге дейін төлемеген соң, жұмыс істемей жатыр ма екен?" деп ойланып отырмын. Бір миллион теңге біз үшін оңай ақша емес. Өзім екі жерде жұмыс істеймін, тапқан табысым кредитім (Ақжарқын ұсталған кезде қорғаушы ақысын төлеу үшін алынған – автор) мен күнделікті ас-ауқаттан артылмайды. Ақжарқыннан өзге де перзенттерім бар ғой" деп мұңын шаққан ана қаржының жоқтығы қолды байлап отырғанын айтты. Тіпті Қытай еліне бармақ түгілі, виза жасатудың өзіне ақша таппай отыр екен. СІМ жасап берген виза мерзімі өтіп кетіпті. 

 Үкім шығатын күнді ешкім білмейді

Сұңқар Нұрмағанбетов пен Андрей Малахов - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қытайда сотталған Ақжарқын Тұрлыбайдың адвокаты Малаховтың шоуына қатысты

"Қорғаушылар үкім өткен жылдың басында шығып қалар деп үміттендіріп еді. Кейін сол жылдың соңында ары кетсе үш айда үкім шығуы мүмкін деп те болжам жасады. Одан бері қаншама уақыт өтті. Қазір хабар жоқ. Адвокаттары күтуден басқа амал жоқ дейді. Үкімнің қашан шығатыны туралы тіпті болжам да жасай алмай отыр ол кісілер. Қорғаушылары қолдарынан келгеннің барын жасап жатқанына сенімдімін. Осы тамыз айының ішінде Қытайдағы қорғаушыларының бірі Алматыға келмекші. Жақсы хабар болар деп үміттеніп отырмын",-деді Зухра Сейтімова. 

Еске сала кетсек, жуырда ғана Ақжарқын Тұрлыбайдың Қазақстандағы адвокаты Сұңқар Нұрмағанбетов Қытай еліне барып қайтты. 

"Шілденің 17-20 аралығынды Қытайда болдым. Жұмысым Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты. Қазір не болып жатыр? Сот шешімі жария ету сатысында тұр. Сот (жаңа құрам) кеңес беру бөлмесіне кетті. Ақжарқынның жағдайы бұрынғыдай қанағаттанарлық деңгейде”, – деп жазды адвокат желідегі парақшасында. 


Жаңалықтар
0