АСТАНА, 15 желтоқсан — Sputnik. Қытайда өлім жазасына кесілген қазақстандық елге оралды, деп хабарлады Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Әнуар Жайнақов.
Жұма күні есірткі контрабандасы үшін сотталған қазақстандық Үрімшіден этаппен әкелінді.
"Тұтқынды беру процесін Қазақстанның Қытайдағы елшілігі, ҚР Бас прокуратурасы және Қытай Әділет министрлігі ұйымдастырды", — деп түсіндірді Жайнақов.
28 жастағы Ақмола облысының тумасы 2009 жылы Гуанчжоу қаласындағы Гуандун провинциясында есірткі тасымалдағаны үшін ұсталды. Сот ер адамды үкімді орындауды екі жылға кейінге шегере отырып өлім жазасына кесуге үкім шығарды. ІІМ мәліметінше, 2011 жылы үкім өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.
2017 жылы Қытайдан Қазақстанға тағы төрт азамат этаппен әкелінген.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Сыртқы істер министрлігі Қытайда сөмкесінен есірткі шығып, өмір бойына бас бостандығынан айырылған отандасымыз Ақжарқын Тұрлыбайды елге қайтаруға күш салып жатыр.