https://sputnik.kz/20231008/qazaqtyn-tungysh-khany-kerey-khan-turaly-qyzyqty-derekter-39297814.html
Қазақтың тұңғыш ханы Керей хан туралы қызықты деректер
Қазақтың тұңғыш ханы Керей хан туралы қызықты деректер
Sputnik Қазақстан
Керей – Ақ Орданы басқарған Орыс ханның ұрпағы. Орыс ханнан Тоқтақия, одан Болат, ал Болаттан Керей хан тараған. "Тауарих-и гузида-йи нусратнаме" еңбегінде көрсетілген деректерге сәйкес, Керей хан – Болаттың жалғыз баласы.
2023-10-08T11:38+0500
2023-10-08T11:38+0500
2023-10-12T11:38+0500
қазақ хандығы
дерекқор
керей хан
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/0c/39298402_0:0:800:451_1920x0_80_0_0_38dfe80a0bc4ddced9a314248c1a962c.jpg
Қазақ хандығының негізін қалаған екі тарихи тұлғаның бірі, қазақтың алғашқы ханы Керей туралы дерек аз болса да, оның қазақ халқының тарихында алар орны зор. Жәнібек хан екеуі үлкен өзгерістерді бастап берді. Картада қазақ хандығы пайда болды. Sputnik Қазақстан бірінші ханның өмірі мен тарихи жолына қатысты қызықты деректерді ұсынады.Орыс ханның ұрпағыКерей – Ақ Орданы басқарған Орыс ханның ұрпағы. Орыс ханнан Тоқтақия, одан Болат, ал Болаттан Керей хан тараған. "Тауарих-и гузида-йи нусратнаме" еңбегінде көрсетілген деректерге сәйкес, Керей хан – Болаттың жалғыз баласы.15 ғасырдың ортасына дейінгі тарихи оқиғаларда Керей хан туралы мәліметтер кездеспейді. Ал Мұхаммед Хайдар Дулатидің "Тарих-и Рашиди" атты еңбегінде 15 ғасырда 50-жылдардың аяғына қарай Қазақ хандығының құрылуына қатысқан Керей хан мен оның туысы Жәнібек хан туралы нақты деректер бар."Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Жәнібек хан мен Керей Моғолстанға көшіп барды. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның батыс шетіндегі Шу мен Қозыбас аймақтарын берді. Олар барып орналасқан соң Әбілхайыр хан дүние салды да, өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды. Ірі-ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей хан, Жәнібек ханға көшіп кетті. Сөйтіп олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Қазақ сұлтандары 870 жылдары (1465-1466) билей бастады", - деп жазды Дулати.Керей мен Жәнібек қоныстанған аймақ Моғолстан билеушісі Есенбұға хан мен оның туған ағасы Жүніс хан иеліктерінің арасы болды.Қазақ хандығы қалай құрылды1457 жылдың күзінде Болатұлы Керей мен Барақұлы Жәнібек қол астындағы ру-тайпалармен бірге Шу өңіріне көшіп келген. Бұл оқиғаның себебі де тарихтан белгілі.1428 жылы Ақ Орданың ақырғы ханы Барақ ішкі феодалдық қырқыста қаза болды. Содан Ақ Орда мемлекеті ыдырап, ұсақ феодалдық иеліктерге бөлініп кетті, өзара қырқыс үдей түсті. Бұрынғы Ақ Орданың орнына Әбілхайыр хандығы мен Ноғай одағы құрылды. Шайбани тұқымынан шыққан Әбілхайыр хан бұрын Орда Ежен ұрпағы билеген Ақ Орда территориясы - Шығыс Дешті-Қыпшаққа 40 жыл (1248-1468) үстемдік етті. XV ғасырдың ортасында Әбілхайыр хандығында толассыз орын алған қан төгіс соғыстар мен ішкі феодалдық қырқыстар одан сайын үдеп, феодалдық езгі мен қанау халық бұқарасын ауыр күйзеліске түсірді. Аласапыран соғыстар мен феодалдық бытыраңқылық салдарынан Дешті-Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан мал жайылысын пайдаланудың дағдылы көшіп-қону тәртіптері бұзылды, көшпелі тайпалар мезгілінде жайлау-қыстауларына бара алмайтын болды. Бұл көшпенді мал шаруашылығына ауыр зардабын тигізді. Осындай ауыр тауқымет тартқан халық бейбіт өмірді, Әбілқайырдың үстемдігінен құтылып, өз алдына тіршілік етуді армандады.Керей хан мен Жәнібек хан бөлініп кеткеннен кейін көшпелі өзбектер мемлекетінде ыдырау процесі басталады. 1458 жылдың көктемінде Керейді хан етіп көтерді. Ал Әбілқайыр ханға наразы сұлтандар, әмірлер, ру-тайпа басылары Керей хан мен Жәнібекке келіп қосылады. Аз уақыт ішінде Қазақ хандығында халықтың саны 200 мыңнан асып кетеді.Қазақ-Моғолстан қатынасыМоғолстан ханы Есенбұға Керей мен Жәнібектерге жер бергеннен кейін ағасы Жүніске қарсы күресте сенімді, әрі мықты одақтасты тапты. Ал 1461-62 жылы Есенбұға хан қайтыс болады. Оған дейін Жүніс Моғолстан тағына қарсы ешқандай әрекет жасай алмайды.1461/62 –1469 жылдары Моғолстанды Досмұхаммед басқарды. Оның жүргізген саясаты салдарынан Керей хан Жүніске қолдау көрсете бастайды. Ақыры 1469 жылы Досмұхаммед хан қайтыс болғаннан кейін Моғолстандағы билік басына еш қиындықсыз Жүніс хан келеді.Керей хан тұсында негізі қаланған Қазақ-Моғолстан қатынасы 16 ғасырдың 30-жылдарына дейін достық, бейбіт сипатта болды.Әбілқайыр хан қазақ хандығына қарсы шыққанӘбілхайыр хан Керей хан мен Жәнібек хан ықпалының күшейе бастағанынан қауіптенді. Содан 1468-69 жылы оларды дер кезінде талқандау мақсатымен жорық ұйымдастырады. Бірақ жорық кезінде ауырып, қайтыс болады. Ал оның әскері кері қайтады.Хан қайтыс болғаннан кейін Көшпелі өзбектер мемлекетінде билік үшін талас-тартыс басталып кетеді. Кешегі Әбілхайырдың қарсыластары – Ахмет пен Махмұт хандар, ноғай мырзалары Мұса мен Жаңбырлы, Сібір ханы Ибақ, шайбанилық Берке сұлтан және қазақ хандары Әбілхайыр ханның мұрагері Шайх Хайдар ханға қарсы шығады.Қазақ хандығының жеріАлғашында қазақ хандығының территориясы батыс Жетісу жері, Шу өзені мен Талас өзенінің алабы еді. Дәл осы территорияға деректемелерде тұңғыш рет "Қазақстан" деген атау қолданылды, ежелден осы алапты мекендеген қазақтың ұлы жүз тайпалары Дешті-Қыпшақтан қоныс аударған қазақ тайпаларымен етене араласып кетті. Әбілхайыр хандығындағы аласапыран соғыс салдарынан қанжілік болған қазақ халқы бұл араға келіп ес жиып, етек жауып, экономикалық тұрмысы түзеле бастады. Мұны көрген Дешті-Қыпшақ көшпенділері Әбілхайыр хан қоластынан шығып, бөгеуін бұзған судай ағылып, қазақ хандығына келіп жатты.Амасанжы Тайшы бастаған ойрат жоңғарларының жасаған шабуылы салдарынан Моғолстан мемлекетінің шаңырағы шайқалған кезде Жетісуды мекендеген қазақ тайпаларының қазақ хандығына келіп қосылуы да үдей түсті. Олар жаңадан құрылған Қазақ хандығының үкімет билігін нығайтып, оның беделі мен әскери, саяси күш-қуатын арттыра түсті.Алайда жаңадан құрылған қазақ хандығының экономикалық негізі әлі де әлсіз еді. Бірсыпыра қазақ тайпалары Әбілхайыр хандығының, Моғолстанның, Ноғай одағының және Батыс Сібір хандығының қол астында төрт хандыққа телі болып отырған. Он шақты жылдың айналасында батыс Жетісу өңіріне екі жүз мың жан саны бар көшпелі тайпалардың жиналуы кең өріс, қоныс керек етті. Ал көшпелі елдің отырықшы-егіншілігі көркейген аудандармен, әсіресе қолөнері мен саудасы дамыған экономикалық орталық - Сырдария жағалауындағы қалалармен сауда-саттық қарым-қатынастарына қолайлы жағдай жасау халық тұрмысындағы маңызды мәселеге айналды. Бұл қарым-қатынастың оңалуына тек көшпелі халықтар ғана емес, отырықшы аймақтардағы егіншілік өнімдерін өткізіп, егіс көлігін алуды аңсаған егіншілер де, қолөнер өнімдерін өткізіп, шикізат (жүн, тері, т.б.) алуды аңсаған қолөнершілер де, сауда тауарын өткізіп пайда табуға саудагерлер де мүдделі болды.Түркі тайпалары қазақ халқын құрадыӘбілхайыр хан өлгеннен кейін хан тағы үшін болған өзара қырқысулар Дешті-Қыпшақта өрши түсті, оған туған жерге оралуды көздеп жүрген Жәнібек хан мен Керей хан да араласып кетті. Олар Әбілқайыр мұрагері Шейх-Хайдар ханмен кескілескен шайқасқа түсті. Өз әміршілері тарапынан ешқандай көмек ала алмаған Шейх-Хайдар билік үшін күресте жеңіліске ұшырады. Бұдан кейін Дешті-Қыпшақтағы билік Орыс ханның тұқымдары — Жәнібек хан мен Керей ханның қолдарына өтті, олар тағы да отыз жыл бойы шайбанилықтармен табан тіресе шайқасты.Биліктің Орыс хан тұқымдарының қолына өтуі де "Көшпелі өзбектер мемлекетіндегі" саяси жағдайды өзгерткен жоқ. Дегенмен бұл оқиға "Көшпелі өзбектер мемлекеті" атының Дешті-Қыпшақ болып өзгеруіне ықпал етті. Бір кездері Моғолстанға қоныс аударған адамдар Өзбек ұлысында "қазақтар" деп атала бастады және бұл атау бүкіл хандыққа тарай бастады.XVғасырдың орта шенінде ежелден Жетісу өңірін мекендеген түркі тайпалары бір этникалық топқа бірігіп, қазақ халқын құрады. Керей мен Жәнібек хандар Жетісу өңірі, Шу мен Талас өзендерінің бойын мекендеген қазақтардың басын қосуда көп еңбек сіңірді. Бұл мақсатпен олар өзара қырқысуларды басып, ірі феодалдарды маңайына топтастырды.Керей ханнан кейін билікке кім келді?"Тауарих-и гузида-йи нусратнаме" дерегінде қазақ хандары ретінде Керей хан мен Жәнібектің есімдері аталса, "Фатхнама", "Шайбанинаме" деректерінде тек қана Жәнібек ханның есімі кездеседі. Дегенмен Керей хан есімі тарихи деректерде соңғы рет 1472-1473 жылдары, Жүніс хан ордасына Бұрыш оғлан деген сұлтанның шабуыл жасауына байланысты аталады. Соған қарағанда Керей хан 1470 жылдың бас кезінде қайтыс болған. Аңыз бойынша, Керей хан Қазақ хандығын 10 жылдай билеген және Хан тауы етегінде жерленген.Керей ханның қандай жағдайда және қай жылы қайтыс болғаны белгісіз. Оның үш баласы қалған. Олар: Бұрындық хан, Қожа-Мұхаммед және Сұлтан Әлі. Олардың ішінде 30 жылдан астам Қазақ хандығын билеген Бұрындық ханнан соң тақ билігі түпкілікті түрде Жәнібек ханның ұрпақтарының қолына өтеді. Керей ханның қалған екі ұлы жөнінде деректер кездеспейді."Керей" сөзінің мағынасыЖазба деректер мен тарихи зерттеулерде алғашқы қазақ ханының есімі — "Гирей", "Герей", "Кирай", "Керей" түрінде кездеседі. Қазақ тілінде жазылған әдебиеттер мен зерттеулерде соңғы есім жиі және тұрақты пайдаланылатындықтан, тарихшылар осы есімді өз зерттеулерінде қолданады.Бұл сөздің түп-төркініне келсек, В.Бартольд ол жөнінде былай деп жазады: "Өзінің деректерін көрсетпей, Ахмед Вефик-паша өз сөздігінде "гирей" — моңғол сөзі, моңғолша "гарай" делініп, "еңбегі сіңген", "лайықты", "құқылы" деген мағынада қолданылады"."Гарай" – көне моңғол сөзі, оның екі мағынасы бар. Біріншісі – "биік"," "еңселі", "алып" дегенді білдірсе, екіншісі – "ержүрек", "батыл", "еркін", "берік" деген мағынаны білдіреді. Араб тілінде бұл мағыналардың "хайдар", "ғайдар" деген сөздермен берілетінін ескере келе, моңғол тіліндегі – "керей" сөзі мен араб тіліндегі – "хайдар" сөздерінің мағынасы ортақ, бірдей деген қорытындыға келеді тарихшылар.Тарихшы Берекет Кәрібаев бұл жөнінде былай дейді: "Мұндай есімнің Алтын Орда дәуіріне дейінгі араб, парсы тілдеріндегі шығармаларда кездеспеуіне және де тек қана осы дәуірде ғана Шыңғыс ұрпақтары мен көшпелі қоғамның жоғарғы тобы арасында жиі кездесуіне қарағанда бұл сөздің түп-төркіні моңғолдық, ал мағынасы жоғарыда айтып өткен "ержүрек", "батыл", "алып", "берік" деген мағынаны білдіреді".
https://sputnik.kz/20230908/kenesary-qasymuly--qazaqtyn-songy-khany-38343778.html
https://sputnik.kz/20230613/abylay-khan-turaly-qyzyqty-derekter-35871165.html
https://sputnik.kz/20191229/Altyn-Orda-750-12415050.html
https://sputnik.kz/20230817/amangeldi-imanov-alashordashylarmen-nege-kelispey-qaldy--37781154.html
https://sputnik.kz/20230624/makhambet-otemisuly-turaly-qyzyqty-derekter-36336806.html
https://sputnik.kz/20220209/qazaq-sozi-qalay-payda-boldy-22639928.html
https://sputnik.kz/20220207/qazaq-ush-zhuz-derekter-22587887.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/0c/39298402_61:0:772:533_1920x0_80_0_0_76fa7e356af69fb474719182c4f202cb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
керей хан казахское ханство қазақ хандығы жәнібек хан ақ орда алтын орда орыс хан әбілқайыр хан бұрындық хан
керей хан казахское ханство қазақ хандығы жәнібек хан ақ орда алтын орда орыс хан әбілқайыр хан бұрындық хан
Қазақтың тұңғыш ханы Керей хан туралы қызықты деректер
11:38 08.10.2023 (жаңартылды: 11:38 12.10.2023) 15 ғасырдың ортасына дейінгі тарихи оқиғаларда Керей хан туралы мәліметтер кездеспейді
Қазақ хандығының негізін қалаған екі тарихи тұлғаның бірі, қазақтың алғашқы ханы Керей туралы дерек аз болса да, оның қазақ халқының тарихында алар орны зор. Жәнібек хан екеуі үлкен өзгерістерді бастап берді. Картада қазақ хандығы пайда болды.
Sputnik Қазақстан бірінші ханның өмірі мен тарихи жолына қатысты қызықты деректерді ұсынады.
Керей – Ақ Орданы басқарған Орыс ханның ұрпағы. Орыс ханнан Тоқтақия, одан Болат, ал Болаттан Керей хан тараған. "Тауарих-и гузида-йи нусратнаме" еңбегінде көрсетілген деректерге сәйкес, Керей хан – Болаттың жалғыз баласы.
15 ғасырдың ортасына дейінгі тарихи оқиғаларда Керей хан туралы мәліметтер кездеспейді. Ал Мұхаммед Хайдар Дулатидің "Тарих-и Рашиди" атты еңбегінде 15 ғасырда 50-жылдардың аяғына қарай Қазақ хандығының құрылуына қатысқан Керей хан мен оның туысы Жәнібек хан туралы нақты деректер бар.
"Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Жәнібек хан мен Керей Моғолстанға көшіп барды. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның батыс шетіндегі Шу мен Қозыбас аймақтарын берді. Олар барып орналасқан соң Әбілхайыр хан дүние салды да, өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды. Ірі-ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей хан, Жәнібек ханға көшіп кетті. Сөйтіп олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Қазақ сұлтандары 870 жылдары (1465-1466) билей бастады", - деп жазды Дулати.
Керей мен Жәнібек қоныстанған аймақ Моғолстан билеушісі Есенбұға хан мен оның туған ағасы Жүніс хан иеліктерінің арасы болды.
Қазақ хандығы қалай құрылды
1457 жылдың күзінде Болатұлы Керей мен Барақұлы Жәнібек қол астындағы ру-тайпалармен бірге Шу өңіріне көшіп келген. Бұл оқиғаның себебі де тарихтан белгілі.
1428 жылы Ақ Орданың ақырғы ханы Барақ ішкі феодалдық қырқыста қаза болды. Содан Ақ Орда мемлекеті ыдырап, ұсақ феодалдық иеліктерге бөлініп кетті, өзара қырқыс үдей түсті. Бұрынғы Ақ Орданың орнына Әбілхайыр хандығы мен Ноғай одағы құрылды. Шайбани тұқымынан шыққан Әбілхайыр хан бұрын Орда Ежен ұрпағы билеген Ақ Орда территориясы - Шығыс Дешті-Қыпшаққа 40 жыл (1248-1468) үстемдік етті. XV ғасырдың ортасында Әбілхайыр хандығында толассыз орын алған қан төгіс соғыстар мен ішкі феодалдық қырқыстар одан сайын үдеп, феодалдық езгі мен қанау халық бұқарасын ауыр күйзеліске түсірді. Аласапыран соғыстар мен феодалдық бытыраңқылық салдарынан Дешті-Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан мал жайылысын пайдаланудың дағдылы көшіп-қону тәртіптері бұзылды, көшпелі тайпалар мезгілінде жайлау-қыстауларына бара алмайтын болды. Бұл көшпенді мал шаруашылығына ауыр зардабын тигізді. Осындай ауыр тауқымет тартқан халық бейбіт өмірді, Әбілқайырдың үстемдігінен құтылып, өз алдына тіршілік етуді армандады.
Керей хан мен Жәнібек хан бөлініп кеткеннен кейін көшпелі өзбектер мемлекетінде ыдырау процесі басталады. 1458 жылдың көктемінде Керейді хан етіп көтерді. Ал Әбілқайыр ханға наразы сұлтандар, әмірлер, ру-тайпа басылары Керей хан мен Жәнібекке келіп қосылады. Аз уақыт ішінде Қазақ хандығында халықтың саны 200 мыңнан асып кетеді.
Моғолстан ханы Есенбұға Керей мен Жәнібектерге жер бергеннен кейін ағасы Жүніске қарсы күресте сенімді, әрі мықты одақтасты тапты. Ал 1461-62 жылы Есенбұға хан қайтыс болады. Оған дейін Жүніс Моғолстан тағына қарсы ешқандай әрекет жасай алмайды.
1461/62 –1469 жылдары Моғолстанды Досмұхаммед басқарды. Оның жүргізген саясаты салдарынан Керей хан Жүніске қолдау көрсете бастайды. Ақыры 1469 жылы Досмұхаммед хан қайтыс болғаннан кейін Моғолстандағы билік басына еш қиындықсыз Жүніс хан келеді.
Керей хан тұсында негізі қаланған Қазақ-Моғолстан қатынасы 16 ғасырдың 30-жылдарына дейін достық, бейбіт сипатта болды.
Әбілқайыр хан қазақ хандығына қарсы шыққан
Әбілхайыр хан Керей хан мен Жәнібек хан ықпалының күшейе бастағанынан қауіптенді. Содан 1468-69 жылы оларды дер кезінде талқандау мақсатымен жорық ұйымдастырады. Бірақ жорық кезінде ауырып, қайтыс болады. Ал оның әскері кері қайтады.
Хан қайтыс болғаннан кейін Көшпелі өзбектер мемлекетінде билік үшін талас-тартыс басталып кетеді. Кешегі Әбілхайырдың қарсыластары – Ахмет пен Махмұт хандар, ноғай мырзалары Мұса мен Жаңбырлы, Сібір ханы Ибақ, шайбанилық Берке сұлтан және қазақ хандары Әбілхайыр ханның мұрагері Шайх Хайдар ханға қарсы шығады.
Алғашында қазақ хандығының территориясы батыс Жетісу жері, Шу өзені мен Талас өзенінің алабы еді. Дәл осы территорияға деректемелерде тұңғыш рет "Қазақстан" деген атау қолданылды, ежелден осы алапты мекендеген қазақтың ұлы жүз тайпалары Дешті-Қыпшақтан қоныс аударған қазақ тайпаларымен етене араласып кетті. Әбілхайыр хандығындағы аласапыран соғыс салдарынан қанжілік болған қазақ халқы бұл араға келіп ес жиып, етек жауып, экономикалық тұрмысы түзеле бастады. Мұны көрген Дешті-Қыпшақ көшпенділері Әбілхайыр хан қоластынан шығып, бөгеуін бұзған судай ағылып, қазақ хандығына келіп жатты.
Амасанжы Тайшы бастаған ойрат жоңғарларының жасаған шабуылы салдарынан Моғолстан мемлекетінің шаңырағы шайқалған кезде Жетісуды мекендеген қазақ тайпаларының қазақ хандығына келіп қосылуы да үдей түсті. Олар жаңадан құрылған Қазақ хандығының үкімет билігін нығайтып, оның беделі мен әскери, саяси күш-қуатын арттыра түсті.
Алайда жаңадан құрылған қазақ хандығының экономикалық негізі әлі де әлсіз еді. Бірсыпыра қазақ тайпалары Әбілхайыр хандығының, Моғолстанның, Ноғай одағының және Батыс Сібір хандығының қол астында төрт хандыққа телі болып отырған. Он шақты жылдың айналасында батыс Жетісу өңіріне екі жүз мың жан саны бар көшпелі тайпалардың жиналуы кең өріс, қоныс керек етті. Ал көшпелі елдің отырықшы-егіншілігі көркейген аудандармен, әсіресе қолөнері мен саудасы дамыған экономикалық орталық - Сырдария жағалауындағы қалалармен сауда-саттық қарым-қатынастарына қолайлы жағдай жасау халық тұрмысындағы маңызды мәселеге айналды. Бұл қарым-қатынастың оңалуына тек көшпелі халықтар ғана емес, отырықшы аймақтардағы егіншілік өнімдерін өткізіп, егіс көлігін алуды аңсаған егіншілер де, қолөнер өнімдерін өткізіп, шикізат (жүн, тері, т.б.) алуды аңсаған қолөнершілер де, сауда тауарын өткізіп пайда табуға саудагерлер де мүдделі болды.
Түркі тайпалары қазақ халқын құрады
Әбілхайыр хан өлгеннен кейін хан тағы үшін болған өзара қырқысулар Дешті-Қыпшақта өрши түсті, оған туған жерге оралуды көздеп жүрген Жәнібек хан мен Керей хан да араласып кетті. Олар Әбілқайыр мұрагері Шейх-Хайдар ханмен кескілескен шайқасқа түсті. Өз әміршілері тарапынан ешқандай көмек ала алмаған Шейх-Хайдар билік үшін күресте жеңіліске ұшырады. Бұдан кейін Дешті-Қыпшақтағы билік Орыс ханның тұқымдары — Жәнібек хан мен Керей ханның қолдарына өтті, олар тағы да отыз жыл бойы шайбанилықтармен табан тіресе шайқасты.
Биліктің Орыс хан тұқымдарының қолына өтуі де "Көшпелі өзбектер мемлекетіндегі" саяси жағдайды өзгерткен жоқ. Дегенмен бұл оқиға "Көшпелі өзбектер мемлекеті" атының Дешті-Қыпшақ болып өзгеруіне ықпал етті. Бір кездері Моғолстанға қоныс аударған адамдар Өзбек ұлысында "қазақтар" деп атала бастады және бұл атау бүкіл хандыққа тарай бастады.
XVғасырдың орта шенінде ежелден Жетісу өңірін мекендеген түркі тайпалары бір этникалық топқа бірігіп, қазақ халқын құрады. Керей мен Жәнібек хандар Жетісу өңірі, Шу мен Талас өзендерінің бойын мекендеген қазақтардың басын қосуда көп еңбек сіңірді. Бұл мақсатпен олар өзара қырқысуларды басып, ірі феодалдарды маңайына топтастырды.
Керей ханнан кейін билікке кім келді?
"Тауарих-и гузида-йи нусратнаме" дерегінде қазақ хандары ретінде Керей хан мен Жәнібектің есімдері аталса, "Фатхнама", "Шайбанинаме" деректерінде тек қана Жәнібек ханның есімі кездеседі. Дегенмен Керей хан есімі тарихи деректерде соңғы рет 1472-1473 жылдары, Жүніс хан ордасына Бұрыш оғлан деген сұлтанның шабуыл жасауына байланысты аталады. Соған қарағанда Керей хан 1470 жылдың бас кезінде қайтыс болған. Аңыз бойынша, Керей хан Қазақ хандығын 10 жылдай билеген және Хан тауы етегінде жерленген.
Керей ханның қандай жағдайда және қай жылы қайтыс болғаны белгісіз. Оның үш баласы қалған. Олар: Бұрындық хан, Қожа-Мұхаммед және Сұлтан Әлі. Олардың ішінде 30 жылдан астам Қазақ хандығын билеген Бұрындық ханнан соң тақ билігі түпкілікті түрде Жәнібек ханның ұрпақтарының қолына өтеді. Керей ханның қалған екі ұлы жөнінде деректер кездеспейді.
Жазба деректер мен тарихи зерттеулерде алғашқы қазақ ханының есімі — "Гирей", "Герей", "Кирай", "Керей" түрінде кездеседі. Қазақ тілінде жазылған әдебиеттер мен зерттеулерде соңғы есім жиі және тұрақты пайдаланылатындықтан, тарихшылар осы есімді өз зерттеулерінде қолданады.
Бұл сөздің түп-төркініне келсек, В.Бартольд ол жөнінде былай деп жазады: "Өзінің деректерін көрсетпей, Ахмед Вефик-паша өз сөздігінде "гирей" — моңғол сөзі, моңғолша "гарай" делініп, "еңбегі сіңген", "лайықты", "құқылы" деген мағынада қолданылады".
"Гарай" – көне моңғол сөзі, оның екі мағынасы бар. Біріншісі – "биік"," "еңселі", "алып" дегенді білдірсе, екіншісі – "ержүрек", "батыл", "еркін", "берік" деген мағынаны білдіреді. Араб тілінде бұл мағыналардың "хайдар", "ғайдар" деген сөздермен берілетінін ескере келе, моңғол тіліндегі – "керей" сөзі мен араб тіліндегі – "хайдар" сөздерінің мағынасы ортақ, бірдей деген қорытындыға келеді тарихшылар.
Тарихшы Берекет Кәрібаев бұл жөнінде былай дейді: "Мұндай есімнің Алтын Орда дәуіріне дейінгі араб, парсы тілдеріндегі шығармаларда кездеспеуіне және де тек қана осы дәуірде ғана Шыңғыс ұрпақтары мен көшпелі қоғамның жоғарғы тобы арасында жиі кездесуіне қарағанда бұл сөздің түп-төркіні моңғолдық, ал мағынасы жоғарыда айтып өткен "ержүрек", "батыл", "алып", "берік" деген мағынаны білдіреді".