https://sputnik.kz/20230908/kenesary-qasymuly--qazaqtyn-songy-khany-38343778.html
Кенесары Қасымұлы – қазақтың соңғы ханы
Кенесары Қасымұлы – қазақтың соңғы ханы
Sputnik Қазақстан
Кенесары хан (1802-1847) — мемлекет қайраткері, әскери қолбасшы, қазақ халқының 1837–1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысының көсемі, Қазақ хандығының соңғы ханы (1841–1847). Шыңғыс ханның 27-ұрпағы, Абылай ханның немересі
2023-09-08T11:51+0500
2023-09-08T11:51+0500
2023-09-11T12:53+0500
дерекқор
кенесары қасымұлы
кенесары хан
қызықты деректер
өмірбаян
https://sputnik.kz/img/396/46/3964667_0:0:1281:721_1920x0_80_0_0_16f46bd5bf3748b992f1a2d872a3b0c0.jpg
Қазақ хандығының соңғы ханы Кенесары Қасымұлы он жылға (1837-1847) созылған ұлт-азаттық қозғалыстың көсемі болды. Атасы Абылай ханның тұсында жасалған келісімдердің бұзылғанына наразылық білдіріп, патша өкіметінің отарлау саясатына қарсы соғысты. Қазақ халқының жерін, тәуелсіздігін қалпына келтіруге тырысты. Парасатты әмірші, әскери өнерді жетік меңгерген қолбасшы, жаужүрек батыр ғана емес, ғажайып дипломат ретінде тарихта қалды. Sputnik Қазақстан Шыңғыс ханның 27-ұрпағы, Абылай ханның немересі Кенесары Қасымұлына қатысты қызықты деректерді ұсынады.Жас сұлтанның балалық шағыКенесары 1802 жылы Көкшетау өңірінде дүниеге келген. Сол жерде атасы Абылай хан ордасын тіккен. Оның отыз ұлы болған. Абылайдың бір әйелі Топыш ханым - қалмақ ханы Қалдан-Сереннің туысы, Хошу мерген ноянның қызы. Одан Қамбар мен Қасым сұлтан туады. Қасымның бәйбішесі Айкүмістен: Кенесары, Саржан, Есенгелді, Көшек, Ағатай мен Бопай. Ал Кенесарының інісі Наурызбай Қасым сұлтанның екінші әйелінен өмірге келген.Жас сұлтан өзге бауырлары секілді көшпелі әскери ақсүйектер қауымының дәстүріне сай жастайынан шабандоз, ұшы-қиырсыз даланың қатал табиғатына шыныққан, қиындыққа төзімді болып өсті. Ал бойындағы ерлік қасиеттері, бірбеткейлігі, алға қойған мақсатына жету жолындағы қайсарлығы, дүлей күш-жігері мен жетекшілік қабілеті бірден көзге түсті. Атасының барлық қасиеттерін бойына сіңірген Кенесары жас кезінен-ақ халық кұрметіне бөленді.Тарихшы Ермұхан Бекмаханов айтуынша, Кенесарыға халық аңыздары мен қиссаларында жырланған атасының образын бала кезінен үлгі тұтқан."Ол Абылайды мақтан тұтатын және өзінің әрқашан оның ісін жалғастырушы және оның құқықтарының заңды мұрагері екендігін атап айтып отыратын. Міне, сондықтан Кенесарының патша өкіметі орындарына жазған хаттарында және қазақтың әртүрлі руларына арнаған үндеулерінде Абылай есімі жиі аталатынын көреміз... Өзінің үндеулерінде ол "Абылай тұсында қазақтар еркін және бейбіт өмір сүргендігін" еске салып отырады. Абылай есімі Кенесары әскерінің жауға шапқандағы ұраны болды", - деп жазды Бекмаханов.Абылайдың немерелері қалай көтерілдіАбылай хан ұрпақтары Кенесарыға дейін ұлт-азаттық көтеріліске талай рет шыққан. Себебі Ресей империясы бұрынғы келісімдерді сақтамай, отарлау саясатын күшейте түсті. Хандық құрылымды, дәстүрлі билік үлгілерін жоюға, қазақ елін жалпыресейлік басқару жүйесіне кіргізуге тырысты. Ақтау, Ақмола, Қызылжар мен Көкшетауда әскери бекіністер салынды. Солтүстік, Шығыс Қазақстанда суы мен жайылымы мол Ертіс, Есіл өзендерінің бойындағы жерлер біртіндеп орыс-казак шаруаларына таратылды. Ал жергілікті халыққа алым-салық салынды.Ресей империясының бұл саясатына алғашқыда Ғұбайдолла сұлтан қарсы шықты. Әкесі Уәли хан қайтыс болғаннан кейін оны хан етіп сайлайды. Алайда патша өкіметі бұл шешімді бекітпейді. Қытайлықтар ғана Ғұбайдолланы хан деп таниды. Ал Қазақ хандығын таратуды мақсат тұтқан Ресей империясы "Сібір қазақтарын басқару туралы" арнайы жарғы шығарып, қазақ жерінде сыртқы округтерді ұйымдастыра бастайды. Содан мұрагер ханзаданы Көкшетау округінің аға сұлтаны етіп тағайындайды. Оған медаль беріп, шапан жабуға шешім қабылдайды. Ғұбайдолла ақ патшаның бұл шен-шекпенінен, барлық сыйлығынан бас тартып, туысы Қасым сұлтанның баласы Саржанмен бірге Ресей империясына наразылық танытады.1824 жылы Ғұбайдолла хан Қытаймен байланыс жасауға әрекеттеніп жүргенінде сотник Карбышевтың отряды оны Баянауылда 90-ға жуық сұлтан-билерімен бірге ұстап алады. Ғұбайдолла Березовкаға жер аударылады.Қасым төре патшаға қандай талап қойдыПатша саясатына өз наразылығын Кенесарының әкесі - қарт Қасым төре де білдірді. 1824 жылы 17 қыркүйекте Қасым Абылайұлы Батыс–Сібір генерал – губернаторы Капцевичке ультиматум іспеттес хат жолдайды."... Сіз менің мына сұрақтарыма жауап берсеңіз екен:1. Сіздер неге біздің халыққа қысымшылық жасап отырсыздар?2. Біздің жерде неге құрылыстар салынып жатыр?3. Суымызға неге ау құрылған?4. Орыстар иемденіп жатқан көлдерден неге қазақтарға тұз алуға болмайды?Осының бәрі кімнің бұйрығымен жасалып отыр?Менің әкем мен ағам Уәлидің мұрагері, хан болып сайланған Ғұбайдолла серіктерімен бірге зорлықпен ұсталды. Ғұбайдолла Ресейге қандай қиянат жасаған екен? Маған айтыңыздар! Ал қазақтарға жамандық жасаса, анығын білу өзіміздің де қолымыздан келеді. Егер менің бауырымның не істегенін ашып айтпасаңыздар, бізге өкпелемейсіздер, сәті түскенде жауапқа тартамыз.Біздің қол астымыздағы, сіздерге бодан болған қазақтарға жамандық жасамаңыздар, себебі, әкем Абылай хан мен мемлекет басшысы Императрица арасындағы бейбіт келісімде шекара көрсетілген.Егер де біздің жердегі салынған құрылыстар жойылмаса, қазақтарға деген қастандық тоқтатылмаса – бұл жағдайда ренжімейтін боласыздар. Ресей жерін алатын болсақ, оған байланысты біздің арам ниетіміз жоқ. Ал,енді, Сіздер бізге қарсы соғыс ашатын күнде біз қарап отыра алмаймыз. Ресей тарапынан жасалған түрлі алдау, арбау және қастандыққа көнетін шамамыз жоқ. Сөз боп отырған мәселелер жайындағы ойларыңызды дереу хабарлаңыз...", - деп жазды төре.Бұл хатқа Қасым сұлтанның мөрі басылып, қолы да қойылған.Кенесары азаттық қозғалысқа қалай қосылдыҒұбайдолладан кейін патшаға қарсы күресті Саржан сұлтан басқарды. Інісі Есенгелді де атсалысты. Кенесары оларға 23 жасында қосылған. Ағалары Қоқан ханымен одақтаса отырып, Ресейге қарсы күреспек болған. Бірақ алданып қалды. 1836 жылы Қоқан билеушісінің нұсқауымен Кенесарының бауырлары бірталай жігіттерімен бірге өлтірілді. Ал 1840 жылы әкесі Қасым төре де солардың қолдарынан қаза тапты. Осыдан кейін Кенесары қазақ халқының дербестігін қалпына келтіру жолындағы ұзақ та ауыр күресті бастады. Оның артынан інісі Наурызбай да ерді.Кенесары отаршылдыққа қарсы соғысты бірден бастаған жоқ. Алдымен бірнеше рет дипломатиялық жолмен шешіп көрді. І Николай патшаға, Орынбор генерал-губернаторлары В.А.Перовскийге, В.А.Обручевке, Сібір генерал-губернаторы П.Д.Горчаковке хат жолдап, тиісті талаптар қойды. Батыс Сібір генерал-губернаторына жолдаған бір хатында: "Ақтау, Ортау, Қазылық, Жарқайың, Обаған, Тобыл, Құсмұрын, Өлкейек, Тоғызақтан Жайыққа дейінгі жерлер қазіргі патшаның тұсында тартып алынып, қаптаған бекіністер тұрғызылды. Міне, енді күн сайын жерімізге баса-көктеп кіріп, бекіністер салып, халықтың зығырданын қайнатып отырсыздар. Бұл біздің болашағымыз үшін ғана емес, бүгінгі тірлігіміз үшін де қатерлі. Менің тілегім - екі жақтың да халқы мизамшуақ өмір сүруі", - деп жазды.1837 жылдың соңында осындай мазмұнда І Николай патшаға да хат жіберген. Императорды атасы Абылай хан заманында екі ел арасында орын алған бейбіт қатынасқа және шекара есебінде қабылданған межеге қайта оралуға шақырады. "... Сіздің арғы бабаларыңыз, ал бізде менің атам Абылай патшалық құрған уақытта халық бейбіт және тыныш жағдайда өмір сүрді, оны ешкім бұзған емес. Екі жақ та өзара сауда жасады; біздің жұртымызға ешқандай да салық салынған жоқ. Ал одан кейінгі мезгілде бәрі өзгерді, біздің халқымыздан салық жинала бастады, оларға басқа да түрлі қитұрқы әрекеттер жасалынды. Бұрынғы жасалынған бейбіт келісімді бұзып, Сіздің төменгі қарауыңыздағы басшыларыңыз бүкіл қазақ халқы Ресей бодандығына қарады деп жалған көрсетті, соның салдарынан менің Абылай атама қарасты жерлерде сегіз дуан орнады. Бұл біздің халқымыз үшін өте қайғылы жағдай, әсіресе оған салықтың салынуы өкінішті-ақ. Сондықтан да біздің бүтін қазақ халқымыз таршылық көрмей, тыныш өмір сүрсе екен деп, ұлы мәртебелім, Сізге өтініш айтуға өзімді бақытты санап, біздің халқымызды сол бұрынғы күйінде қалдырып, даламызда орналасқан сегіз округтік дуандар мен өзге де мекемелеріңізді жоюыңызды сұраймын", - деп жазды Кенесары.Алайда сұлтанның заңды талап-тілегі орындалмады. Содан Кенесары ту ұстап, тұлпар мініп, қол бастады.Соғысқа дайындықКенесары Қасымұлы ақылды саясаткер және шебер әскери қолбасшы ретінде соғысқа жан-жақты дайындалды. Жасағына қару-жарақ соғу, соның ішінде зеңбірек құю үшін орыс және өзге ұлт шеберлерін тартып, оларға жақсы жағдай жасады. Қол астына 20 мыңға жуық сарбаз жиналды. Олардың ішінде Орта жүздің арғын, қыпшақ руларымен бірге Кіші жүздің шекті, тама, табын, алшын, шөмекей, жаппас, жағалбайлы тағы да басқа рулары, Ұлы жүздің үйсін, дулат тағы да басқа руларының сарбаздары болды.Ағыбай, Иман, Басығара, Аңғал, Жанайдар, Жәуке, Сұраншы, Байсейіт, Жоламан Тіленшіұлы, Бұқарбай, Мыңжасар тәрізді батырлар да қосылды.Ағылшын саяхатшысы Томас Аткинсон қазақ сахарасында жеті жыл өмір сүріп, еліне оралғаннан кейін екі еңбегін жариялады. Онда Кенесары Қасымұлының әскери дайындығы жан-жақты суреттелген."Кенесары қазақтардан ғажайып жауынгерлер даярлады. Найза мен айбалтаны тамаша игерген, шапшаңдығына көз ілеспейтін жігіттері өзінен күші басым жаудан қаймықпай соғысып, жеңіп шыға беретінін естігенім бар. Егер білікті офицерлері болса, қазақтар әлемдегі ең әйгілі атты әскер құрар еді. Оларға тарихта даңқы асқан Шыңғыс хан жиһангерлерінің керемет қасиеттерінің бәрі тән", - деп жазды Аткинсон.Ал Кенесарының өзі ұландары арасында шексіз беделді болған. Олар оған құдайдай құлшынатын, бірақ жетесіз кеткендерді де аямайтын, өлім жазасына кесті."Жаумен кескілескен айқастарда ұран салып, айбалтасы жарқылдап, соғысқа бірінші кіретін. Бұл жігіттерге сенім беретін, оның көптеген бастамасының баянды болуына негіз қалайтын... Одан тек қырғыздар ғана емес, тіпті өздерінің қоныстарының шебінде отырған орыстар да Кенесарының батыл шапқыншылығынан сескенетін... ", - дейді саяхатшы.Орыс тарихшысы Николай Середа Кенесарының батыл мінезін былай суреттейді: "Оның рухы дем берген жауынгерлерге еуропалық әскер қолбасшыларының өзі қызығар еді. Жортуылда жолындағының бәрін жайпайтын дала дауылындай екпінді де тегеурінді Кенесары хан ешбір бөгет алдында кідірмейтін, қайта кездескен кедергі оның қайрат-жігерін жанып, шамырқандыра түсіп, көздеген мақсат жолындағы тосқауылдарды талқандар керемет күш бітіріп, одан сайын өршелендіріп жіберетін. Кенесарының бойындағы күллі осындай қасиеттерді көшпенділер биік бағалап, оның қаракет-қимылына қатысушылардың жүрегі басшысына деген шексіз сүйіспеншілікпен соғып, жанын пида етуге дейін барғызады".Кенесарының жасағы көп ұлтты болды. Оның қол астында орыстар да, башқұрттар мен татарлар да, қарақалпақ, түрікпен, өзбек, қырғыздар да қару-жарақ жасап, оқ-дәрі әзірлеп, соғысқа қатысып әртүрлі жұмыс, әскери қызмет атқарды. Кенесары шайқастарда қолға түскен тұтқындарға да қорлық-зорлық көрсетпеді.Тұтқында болған урядник Андрей Ивановтың айтуынша, тұтқындар отын дайындау мен құдық қазу жұмыстарына ғана жегілген. Кенесарының бұйрығымен тұтқындар әртүрлі ауылдар мен жеке байларға таратылды. Кенесары тұтқындардың қожайындарынан оларды жақсылап тамақтандыруды, зәбірлемеуді үнемі талап етіп отырыпты.Қазақтың соңғы ханы сайланды1841 жылы қыркүйекте үш жүздің өкілдері бас қосқан арнайы жиында Кенесары ақ киізге көтеріліп, хан болып сайланды. Сол жылы оның әскері Қоқан хандығының иелігінде болған Созақ, Жаңақорған мен Ақмешіт қамалдарын алды. Ал 1843 жылы Ресей үкіметі Кенесары ханға қарсы кең көлемді әскери жорық ұйымдастырды. Соған қарамастан Кенесары ханның әскері Ресей армиясы мен Ресей жағында күресуші қазақ сұлтандарына бірнеше рет ойсырата соққы берді. Әсіресе, 1843 жылдың қыркүйегіндегі Орынбор жасағымен болған шайқас бір жұмаға созылды.1844-1845 жылдары Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтеріліс шарықтау шегіне жетті. Оны үш жақтан қоршауға да алды. Сол кезде Қарақұмға шегінуге жол бермеу үш бірдей жасақ жіберілді. Бірақ Кенесары оларды жер қаптырып, құтылып кетті. Осыдан кейін Константинов қамалына шабуыл жасады. Жантөрин мен полковник Дуниковский бастаған орыс әскерімен шайқасты. Сұлтан жасағына тылдан шабуыл жасап, жойып жіберді. Осы ұрыста 44 сұлтан қаза тапты.Кенесарыны қарудың күшімен бағындыра алмасын білген патша өкіметі онымен келіссөз жүргізе бастады. Қапияда қолға түскен сүйікті жары Күнімжан ханымды тұтқыннан босатты. Содан Кенесары өз ордасын Жетісуға көшіріп жіберді. Ұлы жүзден оған Байсейіт, Сұраншы, Саурық, Тойшыбек, Байзақ батырлар жасақтарымен келіп қосылды.Сол кездері отарлаушы орыс мемлекеті қазақтарға қарсы Хиуа, Қоқанды, қырғыздарды айдап салса, қырғыздар Орта жүзге Ұлы жүзді қарсы қоюға жанталасып, Хиуа Есет батырды Жанғожаға, Жанғожаны Кенесарыға қарсы қоюға тырысты. Ал Патша өкіметі сатқын сұлтандарды Кенесары ханның соңына салып қойды.Кенесарыны қалай өлтіргенКенесары хан қырғыз манаптарын азаттық үшін бірге күресуге үндеді. Бірақ олар патша шенеуніктерімен құпия байланыста болып, ханның ұсынысынан бас тартты. Оның қатыгездігі, жауыздығы жөнінде небір сұмдық өсектерді таратты. Тіпті, Кенесарыны жақтайтын ауылдарды шауып, малын айдап әкетті. Атақты Саурық батырды өлтіріп кетті.Қырғыздың бұл пиғылын аңғарған Кенесары қырғызға қарсы бір қосын жібереді. Артынан өзі де аттанып, қырғыздың құсшы тайпасын шауып, 700 тұтқынды қолға түсіреді. Алайда тұтқындарға тиіспейді. Келесі жылы ат-тонын беріп еліне қайтарады. Мақсаты – қырғыздарға дұшпан емес, дос екенін, бұл аймаққа бейбіт ниетпен келгенін жеткізу еді. Соған орай қырғыздарға арнайы хат та жазады. Алайда қырғыздар бұл жолы да келісуден бар тартады. Бұған Кенесары қапа болады. Содан Ұлы жүздің би-батырларын жинап, қырғызды бұл аумақтан қуып шығуға бекінеді. 1847 жылы қырғыз жеріне басып кіреді.Өз жақтастары ішіндегі опасыздық салдарынан Кенесары қоршауға түсті. Оның қасында бір мыңдай қазақ, 500 мылтық қалды. Кекіліктің Сеңгір деген жерінде қырғыздар Кенесарыны қамап, таудан аққан бұлақтың басын бұрып жіберді. Осылайша, қамауда қалған қазақтарды сусыз қалдырды. Сонда да қазақтар үш күн бойы соғысты. Ақыры аты да, адамы да болдырып, титығы құрып, қолға түскен.Кенесары ханның ағайындарынан бұл ұрыста сұлтан Наурызбай Қасымұлы, сұлтан Ержан, сұлтан Құдайменді Саржанұлы шейіт болды. Ал сұлтан Көшек Қасымұлы, сұлтан Жаһангер Есенгелдіұлы, сұлтан Әбілфейіс Ағатайұлы, сұлтан Арысыланбек Көшекұлы мен сұлтан Қоршақбай Саржанұлы аман құтылды.1847 жылы Қырғызстанның Жетіжал жотасының оңтүстік алабындағы Кекілік-Сеңгір аңғарында Кенесары ханды айуандықпен өлтірген. Жаулары оның басын кесіп алып, орыс әкімшілігіне жіберді. Ал князь Горчаков Кенесарының басын Батыс Сібір бас басқармасындағы "Кенесары бүлігі туралы" іске қосып, сақтауға бұйрық берді.Кенесары құрған мемлекеттік жүйеКенесары хан мемлекет басында ең алдымен ірі тұлғалардың тұрғанын қалады. Олар – батырлар билер және орта топтағы қазақ байлары. Мемлекет билігінің сапалы әрі нәтижелі жүзеге асуын қамтамасыз ету мақсатында хан кеңесі құрылған, кеңесті Кенесары ханның өзі басқарды.Хан кеңесінің құрамына ел мүддесіне адал қызмет ететін адамдар ғана кірген. Кеңес құрамындағы адамдарға қойылған талаптар – жауынгерлік ептілік, ақылды болу, парасаттылық, әділеттілік және қиындықтан шығуда кәсіби біліктілік, шеберлік және тағы басқа. Кеңес құрамындағы батырлар, билер елдің ішкі және сыртқы жағдайларын қатаң бақылап, талқыға салып отырған. Талқыланған мәселенің шешімін Кенесары ханның өзі шығарып отырған. Кеңеске бытыраңқылықты қолдайтын текті феодал шонжарларды кіргізбеді. Кеңеске азаттық күрес барысында хан құрметі мен сеніміне бөленген адамдар ғана мүше болды.Кенесары хан ру араздығына қарсы аянбай күресті және жеке сұлтандар мен старшындардың дербестігін шектеді. Сонымен қатар қазақтардың әдеттегі құқығына жаңалықтар енгізе отырып, ол сот билігін толық өз қолына шоғырландырды. Алғаш Тәуке заңдары бойынша сот құқығы мемлекеттік өкімет органдарына берілді. Орталықтандырылған мемлекетке қарсы болған ру билері мен сұлтандарының мүддесіне осылайша елеулі соққы берілді.Хан заңы аз уақыт ішінде қоғам өмірінде әділеттілікті қалыптастырды, зиялылардың ел игілігіне қызмет етуіне мүмкіндік туғызды. Ол ру билерінің сотын таратып, сот ісін өзі тағайындаған билер мен жасауылдардың қолына берді. Ал қызметін жеке мүддесіне пайдаланған билерді дереу орнынан алып, олардың орнына халық сеніміне ие болған адамдарды қойған.200 жылдан кейін ғана шынайы баға берілдіКенесары Қасымұлының өмірі мен азаттық жолындағы күресі көптеген ақын-жазушылардың шығармаларына арқау болды. Нысанбай ақынның "Кенесары - Наурызбай дастаны" 1875 жылы сұлтан Жантөриннің тәржімасымен "Орыс географиялық қоғамы Орынбор бөлімшесінің жазбаларында" орыс тілінде жарияланды.ХХ ғасырдың 30-жылдары М.Әуезов "Хан Кене" пьесасын, 60-жылдары Ілияс Есенберлин "Қаһар" романын жазды.1888 жылы Ташкентте "Кенесары мен Садық" деген атпен шыққан Кенесарының баласы сұлтан Ахмет Кенесариннің естеліктер жинағы да құнды еңбек санатына жатады. Кеңес үкіметі тұсында Кенесарының күрес жолына іргелі ғылыми зерттеу арнаған тарихшы-ғалым Ерұмхан Бекмаханов саяси қуғын-сүргінге ұшырады. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін ғана Кенесары Қасымұлы тұлғасына шынайы баға беріле бастады.2002 жылы Кенесары ханның туғанына 200 жыл толуына орай халықаралық шаралар ұйымдастылды. Астана қаласында Кенесары ханға ескерткіш қойылған және оның атымен аталатын көше бар. Бірақ бас сүйегі әлі табылған жоқ.
https://sputnik.kz/20230817/amangeldi-imanov-alashordashylarmen-nege-kelispey-qaldy--37781154.html
https://sputnik.kz/20230809/shakarim-qudayberdiuly-elsiz-zherge-nege-ketip-qaldy--37833036.html
https://sputnik.kz/20230724/buqar-zhyrau-turaly-qyzyqty-derekter-37045154.html
https://sputnik.kz/20230624/makhambet-otemisuly-turaly-qyzyqty-derekter-36336806.html
https://sputnik.kz/20230613/abylay-khan-turaly-qyzyqty-derekter-35871165.html
https://sputnik.kz/20230530/sultan-beybarys-turaly-qyzyqty-derekter-35400624.html
https://sputnik.kz/20230525/qazaqtyn-aygili-kuyshisi-dina-nurpeyisova-turaly-qyzyqty-derekter-35045191.html
https://sputnik.kz/20230518/ayteke-bi-turaly-ne-bilemiz-35063702.html
https://sputnik.kz/20230515/adamzattyn-ustazy-al-farabi-turaly-ne-bilemiz--34769379.html
https://sputnik.kz/20230512/qaz-dauysty-qazybek-bi-turaly-ne-bilemiz-34872414.html
https://sputnik.kz/20230510/tole-bi-qyzyqty-derekter-34783660.html
https://sputnik.kz/20230428/general-panfilov-turaly-ne-bilemiz-34364669.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/396/46/3964667_0:0:1227:920_1920x0_80_0_0_6f405883cdd07ff1ae10c7b5d2a3e4d0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кенесары хан кенесары касымов кенесары қасымұлы руы көтерілісі ұлт-азаттық қозғалыс казахское ханство абылай хан интересные факты қазақ хандығы қызықты деректер қазақ хандығының соңғы ханы қазақтың соңғы ханы төре отарлау саясаты патша үкіметі ресей империясы қырғыздар кенесарының басы кенесарының өлімі
кенесары хан кенесары касымов кенесары қасымұлы руы көтерілісі ұлт-азаттық қозғалыс казахское ханство абылай хан интересные факты қазақ хандығы қызықты деректер қазақ хандығының соңғы ханы қазақтың соңғы ханы төре отарлау саясаты патша үкіметі ресей империясы қырғыздар кенесарының басы кенесарының өлімі
Қазақ хандығының соңғы ханы Кенесары Қасымұлы он жылға (1837-1847) созылған ұлт-азаттық қозғалыстың көсемі болды. Атасы Абылай ханның тұсында жасалған келісімдердің бұзылғанына наразылық білдіріп, патша өкіметінің отарлау саясатына қарсы соғысты. Қазақ халқының жерін, тәуелсіздігін қалпына келтіруге тырысты. Парасатты әмірші, әскери өнерді жетік меңгерген қолбасшы, жаужүрек батыр ғана емес, ғажайып дипломат ретінде тарихта қалды.
Sputnik Қазақстан Шыңғыс ханның 27-ұрпағы, Абылай ханның немересі Кенесары Қасымұлына қатысты қызықты деректерді ұсынады.
Жас сұлтанның балалық шағы
Кенесары 1802 жылы Көкшетау өңірінде дүниеге келген. Сол жерде атасы Абылай хан ордасын тіккен. Оның отыз ұлы болған. Абылайдың бір әйелі Топыш ханым - қалмақ ханы Қалдан-Сереннің туысы, Хошу мерген ноянның қызы. Одан Қамбар мен Қасым сұлтан туады. Қасымның бәйбішесі Айкүмістен: Кенесары, Саржан, Есенгелді, Көшек, Ағатай мен Бопай. Ал Кенесарының інісі Наурызбай Қасым сұлтанның екінші әйелінен өмірге келген.
Жас сұлтан өзге бауырлары секілді көшпелі әскери ақсүйектер қауымының дәстүріне сай жастайынан шабандоз, ұшы-қиырсыз даланың қатал табиғатына шыныққан, қиындыққа төзімді болып өсті. Ал бойындағы ерлік қасиеттері, бірбеткейлігі, алға қойған мақсатына жету жолындағы қайсарлығы, дүлей күш-жігері мен жетекшілік қабілеті бірден көзге түсті. Атасының барлық қасиеттерін бойына сіңірген Кенесары жас кезінен-ақ халық кұрметіне бөленді.
Тарихшы Ермұхан Бекмаханов айтуынша, Кенесарыға халық аңыздары мен қиссаларында жырланған атасының образын бала кезінен үлгі тұтқан.
"Ол Абылайды мақтан тұтатын және өзінің әрқашан оның ісін жалғастырушы және оның құқықтарының заңды мұрагері екендігін атап айтып отыратын. Міне, сондықтан Кенесарының патша өкіметі орындарына жазған хаттарында және қазақтың әртүрлі руларына арнаған үндеулерінде Абылай есімі жиі аталатынын көреміз... Өзінің үндеулерінде ол "Абылай тұсында қазақтар еркін және бейбіт өмір сүргендігін" еске салып отырады. Абылай есімі Кенесары әскерінің жауға шапқандағы ұраны болды", - деп жазды Бекмаханов.
Абылайдың немерелері қалай көтерілді
Абылай хан ұрпақтары Кенесарыға дейін ұлт-азаттық көтеріліске талай рет шыққан. Себебі Ресей империясы бұрынғы келісімдерді сақтамай, отарлау саясатын күшейте түсті. Хандық құрылымды, дәстүрлі билік үлгілерін жоюға, қазақ елін жалпыресейлік басқару жүйесіне кіргізуге тырысты. Ақтау, Ақмола, Қызылжар мен Көкшетауда әскери бекіністер салынды. Солтүстік, Шығыс Қазақстанда суы мен жайылымы мол Ертіс, Есіл өзендерінің бойындағы жерлер біртіндеп орыс-казак шаруаларына таратылды. Ал жергілікті халыққа алым-салық салынды.
Ресей империясының бұл саясатына алғашқыда Ғұбайдолла сұлтан қарсы шықты. Әкесі Уәли хан қайтыс болғаннан кейін оны хан етіп сайлайды. Алайда патша өкіметі бұл шешімді бекітпейді. Қытайлықтар ғана Ғұбайдолланы хан деп таниды. Ал Қазақ хандығын таратуды мақсат тұтқан Ресей империясы "Сібір қазақтарын басқару туралы" арнайы жарғы шығарып, қазақ жерінде сыртқы округтерді ұйымдастыра бастайды. Содан мұрагер ханзаданы Көкшетау округінің аға сұлтаны етіп тағайындайды. Оған медаль беріп, шапан жабуға шешім қабылдайды. Ғұбайдолла ақ патшаның бұл шен-шекпенінен, барлық сыйлығынан бас тартып, туысы Қасым сұлтанның баласы Саржанмен бірге Ресей империясына наразылық танытады.
1824 жылы Ғұбайдолла хан Қытаймен байланыс жасауға әрекеттеніп жүргенінде сотник Карбышевтың отряды оны Баянауылда 90-ға жуық сұлтан-билерімен бірге ұстап алады. Ғұбайдолла Березовкаға жер аударылады.
Қасым төре патшаға қандай талап қойды
Патша саясатына өз наразылығын Кенесарының әкесі - қарт Қасым төре де білдірді. 1824 жылы 17 қыркүйекте Қасым Абылайұлы Батыс–Сібір генерал – губернаторы Капцевичке ультиматум іспеттес хат жолдайды.
"... Сіз менің мына сұрақтарыма жауап берсеңіз екен:
1. Сіздер неге біздің халыққа қысымшылық жасап отырсыздар?
2. Біздің жерде неге құрылыстар салынып жатыр?
3. Суымызға неге ау құрылған?
4. Орыстар иемденіп жатқан көлдерден неге қазақтарға тұз алуға болмайды?
Осының бәрі кімнің бұйрығымен жасалып отыр?
Менің әкем мен ағам Уәлидің мұрагері, хан болып сайланған Ғұбайдолла серіктерімен бірге зорлықпен ұсталды. Ғұбайдолла Ресейге қандай қиянат жасаған екен? Маған айтыңыздар! Ал қазақтарға жамандық жасаса, анығын білу өзіміздің де қолымыздан келеді. Егер менің бауырымның не істегенін ашып айтпасаңыздар, бізге өкпелемейсіздер, сәті түскенде жауапқа тартамыз.
Біздің қол астымыздағы, сіздерге бодан болған қазақтарға жамандық жасамаңыздар, себебі, әкем Абылай хан мен мемлекет басшысы Императрица арасындағы бейбіт келісімде шекара көрсетілген.
Егер де біздің жердегі салынған құрылыстар жойылмаса, қазақтарға деген қастандық тоқтатылмаса – бұл жағдайда ренжімейтін боласыздар. Ресей жерін алатын болсақ, оған байланысты біздің арам ниетіміз жоқ. Ал,енді, Сіздер бізге қарсы соғыс ашатын күнде біз қарап отыра алмаймыз. Ресей тарапынан жасалған түрлі алдау, арбау және қастандыққа көнетін шамамыз жоқ. Сөз боп отырған мәселелер жайындағы ойларыңызды дереу хабарлаңыз...", - деп жазды төре.
Бұл хатқа Қасым сұлтанның мөрі басылып, қолы да қойылған.
Кенесары азаттық қозғалысқа қалай қосылды
Ғұбайдолладан кейін патшаға қарсы күресті Саржан сұлтан басқарды. Інісі Есенгелді де атсалысты. Кенесары оларға 23 жасында қосылған. Ағалары Қоқан ханымен одақтаса отырып, Ресейге қарсы күреспек болған. Бірақ алданып қалды. 1836 жылы Қоқан билеушісінің нұсқауымен Кенесарының бауырлары бірталай жігіттерімен бірге өлтірілді. Ал 1840 жылы әкесі Қасым төре де солардың қолдарынан қаза тапты. Осыдан кейін Кенесары қазақ халқының дербестігін қалпына келтіру жолындағы ұзақ та ауыр күресті бастады. Оның артынан інісі Наурызбай да ерді.
Кенесары отаршылдыққа қарсы соғысты бірден бастаған жоқ. Алдымен бірнеше рет дипломатиялық жолмен шешіп көрді. І Николай патшаға, Орынбор генерал-губернаторлары В.А.Перовскийге, В.А.Обручевке, Сібір генерал-губернаторы П.Д.Горчаковке хат жолдап, тиісті талаптар қойды. Батыс Сібір генерал-губернаторына жолдаған бір хатында: "Ақтау, Ортау, Қазылық, Жарқайың, Обаған, Тобыл, Құсмұрын, Өлкейек, Тоғызақтан Жайыққа дейінгі жерлер қазіргі патшаның тұсында тартып алынып, қаптаған бекіністер тұрғызылды. Міне, енді күн сайын жерімізге баса-көктеп кіріп, бекіністер салып, халықтың зығырданын қайнатып отырсыздар. Бұл біздің болашағымыз үшін ғана емес, бүгінгі тірлігіміз үшін де қатерлі. Менің тілегім - екі жақтың да халқы мизамшуақ өмір сүруі", - деп жазды.
1837 жылдың соңында осындай мазмұнда І Николай патшаға да хат жіберген. Императорды атасы Абылай хан заманында екі ел арасында орын алған бейбіт қатынасқа және шекара есебінде қабылданған межеге қайта оралуға шақырады. "... Сіздің арғы бабаларыңыз, ал бізде менің атам Абылай патшалық құрған уақытта халық бейбіт және тыныш жағдайда өмір сүрді, оны ешкім бұзған емес. Екі жақ та өзара сауда жасады; біздің жұртымызға ешқандай да салық салынған жоқ. Ал одан кейінгі мезгілде бәрі өзгерді, біздің халқымыздан салық жинала бастады, оларға басқа да түрлі қитұрқы әрекеттер жасалынды. Бұрынғы жасалынған бейбіт келісімді бұзып, Сіздің төменгі қарауыңыздағы басшыларыңыз бүкіл қазақ халқы Ресей бодандығына қарады деп жалған көрсетті, соның салдарынан менің Абылай атама қарасты жерлерде сегіз дуан орнады. Бұл біздің халқымыз үшін өте қайғылы жағдай, әсіресе оған салықтың салынуы өкінішті-ақ. Сондықтан да біздің бүтін қазақ халқымыз таршылық көрмей, тыныш өмір сүрсе екен деп, ұлы мәртебелім, Сізге өтініш айтуға өзімді бақытты санап, біздің халқымызды сол бұрынғы күйінде қалдырып, даламызда орналасқан сегіз округтік дуандар мен өзге де мекемелеріңізді жоюыңызды сұраймын", - деп жазды Кенесары.
Алайда сұлтанның заңды талап-тілегі орындалмады. Содан Кенесары ту ұстап, тұлпар мініп, қол бастады.
Кенесары Қасымұлы ақылды саясаткер және шебер әскери қолбасшы ретінде соғысқа жан-жақты дайындалды. Жасағына қару-жарақ соғу, соның ішінде зеңбірек құю үшін орыс және өзге ұлт шеберлерін тартып, оларға жақсы жағдай жасады. Қол астына 20 мыңға жуық сарбаз жиналды. Олардың ішінде Орта жүздің арғын, қыпшақ руларымен бірге Кіші жүздің шекті, тама, табын, алшын, шөмекей, жаппас, жағалбайлы тағы да басқа рулары, Ұлы жүздің үйсін, дулат тағы да басқа руларының сарбаздары болды.
Ағыбай, Иман, Басығара, Аңғал, Жанайдар, Жәуке, Сұраншы, Байсейіт, Жоламан Тіленшіұлы, Бұқарбай, Мыңжасар тәрізді батырлар да қосылды.
Ағылшын саяхатшысы Томас Аткинсон қазақ сахарасында жеті жыл өмір сүріп, еліне оралғаннан кейін екі еңбегін жариялады. Онда Кенесары Қасымұлының әскери дайындығы жан-жақты суреттелген.
"Кенесары қазақтардан ғажайып жауынгерлер даярлады. Найза мен айбалтаны тамаша игерген, шапшаңдығына көз ілеспейтін жігіттері өзінен күші басым жаудан қаймықпай соғысып, жеңіп шыға беретінін естігенім бар. Егер білікті офицерлері болса, қазақтар әлемдегі ең әйгілі атты әскер құрар еді. Оларға тарихта даңқы асқан Шыңғыс хан жиһангерлерінің керемет қасиеттерінің бәрі тән", - деп жазды Аткинсон.
Ал Кенесарының өзі ұландары арасында шексіз беделді болған. Олар оған құдайдай құлшынатын, бірақ жетесіз кеткендерді де аямайтын, өлім жазасына кесті.
"Жаумен кескілескен айқастарда ұран салып, айбалтасы жарқылдап, соғысқа бірінші кіретін. Бұл жігіттерге сенім беретін, оның көптеген бастамасының баянды болуына негіз қалайтын... Одан тек қырғыздар ғана емес, тіпті өздерінің қоныстарының шебінде отырған орыстар да Кенесарының батыл шапқыншылығынан сескенетін... ", - дейді саяхатшы.
Орыс тарихшысы Николай Середа Кенесарының батыл мінезін былай суреттейді: "Оның рухы дем берген жауынгерлерге еуропалық әскер қолбасшыларының өзі қызығар еді. Жортуылда жолындағының бәрін жайпайтын дала дауылындай екпінді де тегеурінді Кенесары хан ешбір бөгет алдында кідірмейтін, қайта кездескен кедергі оның қайрат-жігерін жанып, шамырқандыра түсіп, көздеген мақсат жолындағы тосқауылдарды талқандар керемет күш бітіріп, одан сайын өршелендіріп жіберетін. Кенесарының бойындағы күллі осындай қасиеттерді көшпенділер биік бағалап, оның қаракет-қимылына қатысушылардың жүрегі басшысына деген шексіз сүйіспеншілікпен соғып, жанын пида етуге дейін барғызады".
Кенесарының жасағы көп ұлтты болды. Оның қол астында орыстар да, башқұрттар мен татарлар да, қарақалпақ, түрікпен, өзбек, қырғыздар да қару-жарақ жасап, оқ-дәрі әзірлеп, соғысқа қатысып әртүрлі жұмыс, әскери қызмет атқарды. Кенесары шайқастарда қолға түскен тұтқындарға да қорлық-зорлық көрсетпеді.
Тұтқында болған урядник Андрей Ивановтың айтуынша, тұтқындар отын дайындау мен құдық қазу жұмыстарына ғана жегілген. Кенесарының бұйрығымен тұтқындар әртүрлі ауылдар мен жеке байларға таратылды. Кенесары тұтқындардың қожайындарынан оларды жақсылап тамақтандыруды, зәбірлемеуді үнемі талап етіп отырыпты.
Қазақтың соңғы ханы сайланды
1841 жылы қыркүйекте үш жүздің өкілдері бас қосқан арнайы жиында Кенесары ақ киізге көтеріліп, хан болып сайланды. Сол жылы оның әскері Қоқан хандығының иелігінде болған Созақ, Жаңақорған мен Ақмешіт қамалдарын алды. Ал 1843 жылы Ресей үкіметі Кенесары ханға қарсы кең көлемді әскери жорық ұйымдастырды. Соған қарамастан Кенесары ханның әскері Ресей армиясы мен Ресей жағында күресуші қазақ сұлтандарына бірнеше рет ойсырата соққы берді. Әсіресе, 1843 жылдың қыркүйегіндегі Орынбор жасағымен болған шайқас бір жұмаға созылды.
1844-1845 жылдары Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтеріліс шарықтау шегіне жетті. Оны үш жақтан қоршауға да алды. Сол кезде Қарақұмға шегінуге жол бермеу үш бірдей жасақ жіберілді. Бірақ Кенесары оларды жер қаптырып, құтылып кетті. Осыдан кейін Константинов қамалына шабуыл жасады. Жантөрин мен полковник Дуниковский бастаған орыс әскерімен шайқасты. Сұлтан жасағына тылдан шабуыл жасап, жойып жіберді. Осы ұрыста 44 сұлтан қаза тапты.
Кенесарыны қарудың күшімен бағындыра алмасын білген патша өкіметі онымен келіссөз жүргізе бастады. Қапияда қолға түскен сүйікті жары Күнімжан ханымды тұтқыннан босатты. Содан Кенесары өз ордасын Жетісуға көшіріп жіберді. Ұлы жүзден оған Байсейіт, Сұраншы, Саурық, Тойшыбек, Байзақ батырлар жасақтарымен келіп қосылды.
Сол кездері отарлаушы орыс мемлекеті қазақтарға қарсы Хиуа, Қоқанды, қырғыздарды айдап салса, қырғыздар Орта жүзге Ұлы жүзді қарсы қоюға жанталасып, Хиуа Есет батырды Жанғожаға, Жанғожаны Кенесарыға қарсы қоюға тырысты. Ал Патша өкіметі сатқын сұлтандарды Кенесары ханның соңына салып қойды.
Кенесарыны қалай өлтірген
Кенесары хан қырғыз манаптарын азаттық үшін бірге күресуге үндеді. Бірақ олар патша шенеуніктерімен құпия байланыста болып, ханның ұсынысынан бас тартты. Оның қатыгездігі, жауыздығы жөнінде небір сұмдық өсектерді таратты. Тіпті, Кенесарыны жақтайтын ауылдарды шауып, малын айдап әкетті. Атақты Саурық батырды өлтіріп кетті.
Қырғыздың бұл пиғылын аңғарған Кенесары қырғызға қарсы бір қосын жібереді. Артынан өзі де аттанып, қырғыздың құсшы тайпасын шауып, 700 тұтқынды қолға түсіреді. Алайда тұтқындарға тиіспейді. Келесі жылы ат-тонын беріп еліне қайтарады. Мақсаты – қырғыздарға дұшпан емес, дос екенін, бұл аймаққа бейбіт ниетпен келгенін жеткізу еді. Соған орай қырғыздарға арнайы хат та жазады. Алайда қырғыздар бұл жолы да келісуден бар тартады. Бұған Кенесары қапа болады. Содан Ұлы жүздің би-батырларын жинап, қырғызды бұл аумақтан қуып шығуға бекінеді. 1847 жылы қырғыз жеріне басып кіреді.
Өз жақтастары ішіндегі опасыздық салдарынан Кенесары қоршауға түсті. Оның қасында бір мыңдай қазақ, 500 мылтық қалды. Кекіліктің Сеңгір деген жерінде қырғыздар Кенесарыны қамап, таудан аққан бұлақтың басын бұрып жіберді. Осылайша, қамауда қалған қазақтарды сусыз қалдырды. Сонда да қазақтар үш күн бойы соғысты. Ақыры аты да, адамы да болдырып, титығы құрып, қолға түскен.
Кенесары ханның ағайындарынан бұл ұрыста сұлтан Наурызбай Қасымұлы, сұлтан Ержан, сұлтан Құдайменді Саржанұлы шейіт болды. Ал сұлтан Көшек Қасымұлы, сұлтан Жаһангер Есенгелдіұлы, сұлтан Әбілфейіс Ағатайұлы, сұлтан Арысыланбек Көшекұлы мен сұлтан Қоршақбай Саржанұлы аман құтылды.
1847 жылы Қырғызстанның Жетіжал жотасының оңтүстік алабындағы Кекілік-Сеңгір аңғарында Кенесары ханды айуандықпен өлтірген. Жаулары оның басын кесіп алып, орыс әкімшілігіне жіберді. Ал князь Горчаков Кенесарының басын Батыс Сібір бас басқармасындағы "Кенесары бүлігі туралы" іске қосып, сақтауға бұйрық берді.
Кенесары құрған мемлекеттік жүйе
Кенесары хан мемлекет басында ең алдымен ірі тұлғалардың тұрғанын қалады. Олар – батырлар билер және орта топтағы қазақ байлары. Мемлекет билігінің сапалы әрі нәтижелі жүзеге асуын қамтамасыз ету мақсатында хан кеңесі құрылған, кеңесті Кенесары ханның өзі басқарды.
Хан кеңесінің құрамына ел мүддесіне адал қызмет ететін адамдар ғана кірген. Кеңес құрамындағы адамдарға қойылған талаптар – жауынгерлік ептілік, ақылды болу, парасаттылық, әділеттілік және қиындықтан шығуда кәсіби біліктілік, шеберлік және тағы басқа. Кеңес құрамындағы батырлар, билер елдің ішкі және сыртқы жағдайларын қатаң бақылап, талқыға салып отырған. Талқыланған мәселенің шешімін Кенесары ханның өзі шығарып отырған. Кеңеске бытыраңқылықты қолдайтын текті феодал шонжарларды кіргізбеді. Кеңеске азаттық күрес барысында хан құрметі мен сеніміне бөленген адамдар ғана мүше болды.
Кенесары хан ру араздығына қарсы аянбай күресті және жеке сұлтандар мен старшындардың дербестігін шектеді. Сонымен қатар қазақтардың әдеттегі құқығына жаңалықтар енгізе отырып, ол сот билігін толық өз қолына шоғырландырды. Алғаш Тәуке заңдары бойынша сот құқығы мемлекеттік өкімет органдарына берілді. Орталықтандырылған мемлекетке қарсы болған ру билері мен сұлтандарының мүддесіне осылайша елеулі соққы берілді.
Хан заңы аз уақыт ішінде қоғам өмірінде әділеттілікті қалыптастырды, зиялылардың ел игілігіне қызмет етуіне мүмкіндік туғызды. Ол ру билерінің сотын таратып, сот ісін өзі тағайындаған билер мен жасауылдардың қолына берді. Ал қызметін жеке мүддесіне пайдаланған билерді дереу орнынан алып, олардың орнына халық сеніміне ие болған адамдарды қойған.
200 жылдан кейін ғана шынайы баға берілді
Кенесары Қасымұлының өмірі мен азаттық жолындағы күресі көптеген ақын-жазушылардың шығармаларына арқау болды. Нысанбай ақынның "Кенесары - Наурызбай дастаны" 1875 жылы сұлтан Жантөриннің тәржімасымен "Орыс географиялық қоғамы Орынбор бөлімшесінің жазбаларында" орыс тілінде жарияланды.
ХХ ғасырдың 30-жылдары М.Әуезов "Хан Кене" пьесасын, 60-жылдары Ілияс Есенберлин "Қаһар" романын жазды.
1888 жылы Ташкентте "Кенесары мен Садық" деген атпен шыққан Кенесарының баласы сұлтан Ахмет Кенесариннің естеліктер жинағы да құнды еңбек санатына жатады. Кеңес үкіметі тұсында Кенесарының күрес жолына іргелі ғылыми зерттеу арнаған тарихшы-ғалым Ерұмхан Бекмаханов саяси қуғын-сүргінге ұшырады. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін ғана Кенесары Қасымұлы тұлғасына шынайы баға беріле бастады.
2002 жылы Кенесары ханның туғанына 200 жыл толуына орай халықаралық шаралар ұйымдастылды. Астана қаласында Кенесары ханға ескерткіш қойылған және оның атымен аталатын көше бар. Бірақ бас сүйегі әлі табылған жоқ.