https://sputnik.kz/20230510/tole-bi-qyzyqty-derekter-34783660.html
Төле би туралы қызықты деректер
Төле би туралы қызықты деректер
Sputnik Қазақстан
Аңыз бойынша Төле орта бойлы, сымбатты, нұрлы кісі болған.
2023-05-10T17:28+0500
2023-05-10T17:28+0500
2023-05-11T17:31+0500
дерекқор
өмірбаян
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/16/30528557_0:347:1045:934_1920x0_80_0_0_8acb02b642d4150cc4c5ca3ca3a81e7a.jpg
Қазақ халқының бірлігін нығайтуға зор үлес қосқан мемлекет және қоғам қайраткері, ойшыл дана, "Жеті жарғы" авторларының бірі, шешен Төле Әлібекұлының өмірбаянын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.Төле бидің өмірбаяныТөле Әлібекұлының өмір сүрген жылдары мен туған жері туралы нақты дерек жоқтың қасы. Кейбір деректер бойынша Төле би 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысы, Шу өңірі аймағында дүниеге келген. Ұлы жүздің дулат тайпасы жаныс руынан.Жас Төле бала күнінен әкесіне еріп жүріп, ел көреді, жұрт таниды, қазақ халқының ақындық-шешендік өнерінен тәлім алады. Әкесі Әлібек ортасына сыйлы шешен би болған. Атасы Құдайберді би Есім хан мен Тұрсын хан егесі кезінде Есім ханды қолдаған деседі. Бала Төле он беске толғанда, анасы дүниеден озады.Төле билікке он бес жасынан араласып, әділдігімен, шешендігімен елге танылады. Туралықты тұғыр еткен Төле биді халық арасында "Қарлығаш әулие" деп те атап кеткен. Аңыз бойынша Төле орта бойлы, сымбатты, нұрлы кісі болған.Төле Әлібекұлы Ұлы жүздің бас биі болған. Қазыбек би, Әйтеке бидің қолдауымен үш жүзге төбе би болып сайланып, ел ішілік, ел аралық дауларды шешкен. Қазақтың Тәуке, Болат, Әбілмәмбет, Жолбарыс, Абылай хандары тұсында мемлекет басқару ісіне араласқан мемлекет және қоғам қайраткері.Әз Тәуке хан құрған "Билер кеңесінің" мүшесі, "Жеті жарғы" заңдар жинағын шығаруға зор еңбек сіңірген.Әйгілі Абылай ханның ел тізгінін ұстайтын тұлға болып қалыптасуында Төле бидің рөлі ерекше болған.Төле бидің мемлекеттік істерге араласуыТәуке ханның тұсында Төле би "Билер кеңесінің" мүшесі ретінде мемлекеттік істердің оң шешілуіне айтарлықтай үлес қосты. Жыл сайын өтетін бүкілхалықтық жиынды ұйымдастырушылардың бірі болған. Ол Орта жүздің төбе биі Қазыбекпен, Кіші жүздің төбе биі Әйтекемен бірге Тәукенің Түркістан қаласын орталық етіп, үш жүз ұлыстарын бір орталыққа бағындыруға, сөйтіп Қазақ хандығын нығайтуға, жоңғар шапқыншылығына қарсы бауырлас қырғыз, қарақалпақ, өзбек халықтарының одағын құруға бағытталған шараларды жүзеге асыруға белсене қатысты. Бұл Қазақ пен Жоңғар хандықтарының арасы шиеленісіп тұрған кез болатын.Тәуке хан өлгеннен кейін Қазақ хандығы іштей әлсірей бастайды. Ұлы жүзді басқарып отырған Төле би жоңғар басқыншыларына біраз уақыт тәуелді болды. Оларға салық төлеп тұрғанымен, Төле би саяси басқаруды өз қолына алады. Қазақтардың басын біріктіріп, жоңғар бұғауынан құтқаруда маңызды рөл атқарады.Ордабасы жиыны кезінде Төле би басшылық жасап, жоңғар басқыншылығына қарсы бүкілхалықтық тойтарыс беруге ұйытқы болды. Шашырап кеткен қазақтардың басын қосып, Ресей мен Қытай секілді екі алпауыт мемлекет арасында оңтайлы саясат жүргізген Абылай ханды өкіл бала етіп тәрбиелеп, азамат қатарына қосуда Төле бидің еңбегі орасан.1742 жылы Абылай тұтқиылдан шабуыл жасаған жоңғарлардың қолына түсіп қалғанда, оны тұтқыннан босатуда Төле би белсенділік танытты. Тарихи жырларда қазақ билеушілерінің атынан Әбілқайыр хан мен Төле бидің Орынбор әкімшілігінен Абылайды тұтқыннан босатуға ықпал жасауын өтінгені айтылады. Қазақтың үш жүзінен Төле би бастаған 90 адам елші боп барып, келіссөз жүргізіп, 1743 жылы қыркүйекте Абылайды тұтқыннан шығарып алады.Төле би ішкі және сыртқы саясатта сара бағыт ұстанды. Хандық пен мемлекет тұтастығын, тәуелсіздігін діттеп, жаугершілікте дұшпан қолында қалған қалалар мен жерлерді қайтаруға күш салды. Ресей мен Қазақ хандығы арасында байланыс орнатып, қарым-қатынасты дамытуға да үлес қосты.Жеті жарғыТәуке хан тұсында қабылданған "Жеті жарғы" заңдар жинағын шығарушылардың бірі – Төле би.Он жетінші ғасырда Қазақ хандығына ыдырау қаупі төніп, Тәуке хан елдің ауызбіршілігін нығайту үшін жаңа шараларды қолға алады. Қазақ қоғамына мықты билік пен бірлікті қамтамасыз ететін жаңа заңдар жүйесі қажет еді. Тәуке хан үш жүздің игі жақсыларын жинап, Күлтөбенің басында "Тәуке ханның Жеті жарғысы" деген заңдар жинағын қабылдайды. Олардың арасында атақты Төле би де болған.Жеті жарғыға сүйенген қазақ билері ел ішіндегі дау-жанжалдар мен саяси маңызы бар мәселелерді тиімді шеше алды. Жаңа заң жүйесі қазақ халқының өмірлік мәселелерін барлық жағынан қамтыды."Жеті жарғы" жеті заңнан құралды: жер дауы заңы, отбасы – неке заңы, әскери заң, сот заңы, қылмысты істер заңы, құн заңы және жесір дауы заңы.Мәселен, "Жеті жарғы" бойынша көтеріліс жасап, бүлік шығарғандар, түркі халқының мүддесін сатып, елге опасыздық жасағандар өлім жазасына кесілген. Ондағы мақсат – мемлекеттің бүтіндігін сақтау және қорғау.Жазалаудың ең көп таралған түрі құн төлеу болған. Қылмыскердің және өлген адамның әлеуметтік жағдайына байланысты құн мөлшері өзгеріп отырған."Жеті жарғыны" қазақ халқы ХІХ ғасырдың ортасына дейін қолданып келді.Төле бидің "Қарлығаш әулие" атануыЕл ішінде Төле бидің "Қарлығаш әулие" атануы жөнінде мынадай аңыз бар.Бір жаугершілік кезде елге жоңғарлар шауып, ауыл адамдары үйлерін тастай қашқан. Осы уақытта тек Төле би ғана түтінін бұзбастан орнында отыра беріпті. Ауылға басып кірген жоңғар қонтайшысы түтінін тұтатқан жалғыз үйді көреді. Ел үдере көшкенде, өзінен қорықпай отырған адамның кім екенін білмекке кісі жібереді. Баса көктеп үйге енген жоңғарлар жөн сұраспастан, бірден жауап алмаққа дүрсе қоя береді. Сонда Төле би жоңғарларға амандықсыз сөз бастағанын айтып, бір тықыртса, көшпеуінің себебін айтып, екінші тықыртқан екен. Жұртпен бірге бас сауғалап, үйін тастамағанының себебін би былай түсіндірген екен:"Биыл шаңырағыма қарлығаш ұя салған екен. Балапандары қанаттанғанша үйімді бұзбайын деп шештім. Жау жағадан алды екен деп ұясын бұзып, балапандарды шырылдатқым келмеді. Сендердің де үйлеріңді ойран етіп, бала-шағаларыңды шырылдатса, өздеріңе жақсы болар ма еді?".Төле бидің жауабын естіген жоңғар қонтайшысы Төле биді әулие деп танып, әскеріне би шаңырағына да, ол отырған ауылға да шаппауын бұйырады. Содан бері Төле би "Қарлығаш әулие" атанып кеткен екен.Төле бидің даналығыЕл аузында Төле би туралы көптеген тарихи аңыздар сақталған. Оның атымен байланысты айтылатын нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, билік кесімдер де ел арасына кеңінен тараған.Төле бала Әнет бабаға барыпты. Жасы жүзге келіп отырған Әнет баба ынтымақ, ел бірлігі жөнінде әңгіме айтып отырады. "Қалай еткенде бірлік болады, оның күші қандай болмақ" дегенді сұрайды. Сонда Әнет баба әуелі жауап айтпас бұрын бір бума солқылдақ шыбық алдырады.- Балам, мынаны сындырып көрші?Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп сындыра алмайды.- Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы? – Төле ортасынан буылған шыбықты шешіп, біртіндеп пырт-пырт еткізіп, оп-оңай сындырып береді. Әнет баба:- Бұдан не түсіндің, балам? – дейді.Сонда Төле бала:- Түсіндім, баба, бұл мысалыңыздың мәнісі: ынтымағы, бірлігі мықты елді жау да, дау да ала алмайды. "Саяқ жүрген таяқ жейді" демекші, бірлігі, ынтымағы жоқты жау да, дау да оп-оңай алады дегеніңіз ғой.- Бәрекелді, балам, дұрыс таптың. Ел билеу үшін алдымен елді ауыз бірлікке, ынтымаққа шақыра біл. "Бақ қайда барасың, ынтымаққа барамын" дегеннің мәнісі осы,- депті.Жаңбыр жаумаса жер жетім,Басшысы болмаса ел жетім.Ұқпасқа айтқан сөз жетім,Көре алмаған көз жетім.Атың жақсы болса,Жан мен тәннің шырағы.Қызың жақсы болса,Жайқалып өскен құрағың.Әйелің жақсы болса,Бірінші – иманың,Екінші – жиғаның,Үшінші – ырысыңның тұрағы.Атадан ұл туса игі,Өзі біліп тұрса игі,Ата жолын қуса игі.Жаудан бұққан немені,Өзіне келер ұятын,Ортасынан қуса игі.Төле би өз көңілін сұрай келген билердің еліңізге қандай өсиет қалдырасыз деген сұрағына былай деп жауап берген екен:"Жүзге бөлінгендердің жүзі қара. Руға бөлінгендердің құруға асыққаны. Атаға бөлінгендер адыра қалады. Көпті қорлаған көмусіз қалады. Хан азса, халқын сатады. Халық азса, хандыққа таласады".Төле би қайда жерленгенТөле би 1756 жылы жылы Ақбұрхан-орда, қазіргі Түркістан облысы, Төле би ауданында қайтыс болған. Сүйегі Ташкентте жерленген.Кейбір деректер бойынша Төле би Жолбарыс хан өлген соң, Ташкентті алты жыл басқарыпты.Бүгінде Ташкенттегі Төле би кесенесі – шаһардағы көрікті жерлердің бірі. Мұнда Орталық Азиядан және басқа да шет елдерден туристер көп келеді.1993 жылы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Каримов Төле бидің басына арнайы келіп, зиярат жасап, Құран оқытқан. Сол кезден бастап 26 мамыр Төле биді еске алу күніне айналған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/16/30528557_0:249:1045:1032_1920x0_80_0_0_c948b7f56c81eb9bf5ba38befe451f03.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
төле би әлібекұлы жеті жарғы ташкент кесене зираты шешен нақыл сөздер өмірбаян биография
төле би әлібекұлы жеті жарғы ташкент кесене зираты шешен нақыл сөздер өмірбаян биография
Қазақ халқының бірлігін нығайтуға зор үлес қосқан мемлекет және қоғам қайраткері, ойшыл дана, "Жеті жарғы" авторларының бірі, шешен Төле Әлібекұлының өмірбаянын
Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.
Төле Әлібекұлының өмір сүрген жылдары мен туған жері туралы нақты дерек жоқтың қасы. Кейбір деректер бойынша Төле би 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысы, Шу өңірі аймағында дүниеге келген. Ұлы жүздің дулат тайпасы жаныс руынан.
Жас Төле бала күнінен әкесіне еріп жүріп, ел көреді, жұрт таниды, қазақ халқының ақындық-шешендік өнерінен тәлім алады. Әкесі Әлібек ортасына сыйлы шешен би болған. Атасы Құдайберді би Есім хан мен Тұрсын хан егесі кезінде Есім ханды қолдаған деседі. Бала Төле он беске толғанда, анасы дүниеден озады.
Төле билікке он бес жасынан араласып, әділдігімен, шешендігімен елге танылады. Туралықты тұғыр еткен Төле биді халық арасында "Қарлығаш әулие" деп те атап кеткен. Аңыз бойынша Төле орта бойлы, сымбатты, нұрлы кісі болған.
Төле Әлібекұлы Ұлы жүздің бас биі болған. Қазыбек би, Әйтеке бидің қолдауымен үш жүзге төбе би болып сайланып, ел ішілік, ел аралық дауларды шешкен. Қазақтың Тәуке, Болат, Әбілмәмбет, Жолбарыс, Абылай хандары тұсында мемлекет басқару ісіне араласқан мемлекет және қоғам қайраткері.
Әз Тәуке хан құрған "Билер кеңесінің" мүшесі, "Жеті жарғы" заңдар жинағын шығаруға зор еңбек сіңірген.
Әйгілі Абылай ханның ел тізгінін ұстайтын тұлға болып қалыптасуында Төле бидің рөлі ерекше болған.
Төле бидің мемлекеттік істерге араласуы
Тәуке ханның тұсында Төле би "Билер кеңесінің" мүшесі ретінде мемлекеттік істердің оң шешілуіне айтарлықтай үлес қосты. Жыл сайын өтетін бүкілхалықтық жиынды ұйымдастырушылардың бірі болған. Ол Орта жүздің төбе биі Қазыбекпен, Кіші жүздің төбе биі Әйтекемен бірге Тәукенің Түркістан қаласын орталық етіп, үш жүз ұлыстарын бір орталыққа бағындыруға, сөйтіп Қазақ хандығын нығайтуға, жоңғар шапқыншылығына қарсы бауырлас қырғыз, қарақалпақ, өзбек халықтарының одағын құруға бағытталған шараларды жүзеге асыруға белсене қатысты. Бұл Қазақ пен Жоңғар хандықтарының арасы шиеленісіп тұрған кез болатын.
Тәуке хан өлгеннен кейін Қазақ хандығы іштей әлсірей бастайды. Ұлы жүзді басқарып отырған Төле би жоңғар басқыншыларына біраз уақыт тәуелді болды. Оларға салық төлеп тұрғанымен, Төле би саяси басқаруды өз қолына алады. Қазақтардың басын біріктіріп, жоңғар бұғауынан құтқаруда маңызды рөл атқарады.
Ордабасы жиыны кезінде Төле би басшылық жасап, жоңғар басқыншылығына қарсы бүкілхалықтық тойтарыс беруге ұйытқы болды. Шашырап кеткен қазақтардың басын қосып, Ресей мен Қытай секілді екі алпауыт мемлекет арасында оңтайлы саясат жүргізген Абылай ханды өкіл бала етіп тәрбиелеп, азамат қатарына қосуда Төле бидің еңбегі орасан.
1742 жылы Абылай тұтқиылдан шабуыл жасаған жоңғарлардың қолына түсіп қалғанда, оны тұтқыннан босатуда Төле би белсенділік танытты. Тарихи жырларда қазақ билеушілерінің атынан Әбілқайыр хан мен Төле бидің Орынбор әкімшілігінен Абылайды тұтқыннан босатуға ықпал жасауын өтінгені айтылады. Қазақтың үш жүзінен Төле би бастаған 90 адам елші боп барып, келіссөз жүргізіп, 1743 жылы қыркүйекте Абылайды тұтқыннан шығарып алады.
Төле би ішкі және сыртқы саясатта сара бағыт ұстанды. Хандық пен мемлекет тұтастығын, тәуелсіздігін діттеп, жаугершілікте дұшпан қолында қалған қалалар мен жерлерді қайтаруға күш салды. Ресей мен Қазақ хандығы арасында байланыс орнатып, қарым-қатынасты дамытуға да үлес қосты.
Тәуке хан тұсында қабылданған "Жеті жарғы" заңдар жинағын шығарушылардың бірі – Төле би.
Он жетінші ғасырда Қазақ хандығына ыдырау қаупі төніп, Тәуке хан елдің ауызбіршілігін нығайту үшін жаңа шараларды қолға алады. Қазақ қоғамына мықты билік пен бірлікті қамтамасыз ететін жаңа заңдар жүйесі қажет еді. Тәуке хан үш жүздің игі жақсыларын жинап, Күлтөбенің басында "Тәуке ханның Жеті жарғысы" деген заңдар жинағын қабылдайды. Олардың арасында атақты Төле би де болған.
Жеті жарғыға сүйенген қазақ билері ел ішіндегі дау-жанжалдар мен саяси маңызы бар мәселелерді тиімді шеше алды. Жаңа заң жүйесі қазақ халқының өмірлік мәселелерін барлық жағынан қамтыды.
"Жеті жарғы" жеті заңнан құралды: жер дауы заңы, отбасы – неке заңы, әскери заң, сот заңы, қылмысты істер заңы, құн заңы және жесір дауы заңы.
Мәселен, "Жеті жарғы" бойынша көтеріліс жасап, бүлік шығарғандар, түркі халқының мүддесін сатып, елге опасыздық жасағандар өлім жазасына кесілген. Ондағы мақсат – мемлекеттің бүтіндігін сақтау және қорғау.
Жазалаудың ең көп таралған түрі құн төлеу болған. Қылмыскердің және өлген адамның әлеуметтік жағдайына байланысты құн мөлшері өзгеріп отырған.
"Жеті жарғыны" қазақ халқы ХІХ ғасырдың ортасына дейін қолданып келді.
Төле бидің "Қарлығаш әулие" атануы
Ел ішінде Төле бидің "Қарлығаш әулие" атануы жөнінде мынадай аңыз бар.
Бір жаугершілік кезде елге жоңғарлар шауып, ауыл адамдары үйлерін тастай қашқан. Осы уақытта тек Төле би ғана түтінін бұзбастан орнында отыра беріпті. Ауылға басып кірген жоңғар қонтайшысы түтінін тұтатқан жалғыз үйді көреді. Ел үдере көшкенде, өзінен қорықпай отырған адамның кім екенін білмекке кісі жібереді. Баса көктеп үйге енген жоңғарлар жөн сұраспастан, бірден жауап алмаққа дүрсе қоя береді. Сонда Төле би жоңғарларға амандықсыз сөз бастағанын айтып, бір тықыртса, көшпеуінің себебін айтып, екінші тықыртқан екен. Жұртпен бірге бас сауғалап, үйін тастамағанының себебін би былай түсіндірген екен:
"Биыл шаңырағыма қарлығаш ұя салған екен. Балапандары қанаттанғанша үйімді бұзбайын деп шештім. Жау жағадан алды екен деп ұясын бұзып, балапандарды шырылдатқым келмеді. Сендердің де үйлеріңді ойран етіп, бала-шағаларыңды шырылдатса, өздеріңе жақсы болар ма еді?".
Төле бидің жауабын естіген жоңғар қонтайшысы Төле биді әулие деп танып, әскеріне би шаңырағына да, ол отырған ауылға да шаппауын бұйырады. Содан бері Төле би "Қарлығаш әулие" атанып кеткен екен.
Ел аузында Төле би туралы көптеген тарихи аңыздар сақталған. Оның атымен байланысты айтылатын нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, билік кесімдер де ел арасына кеңінен тараған.
Төле бала Әнет бабаға барыпты. Жасы жүзге келіп отырған Әнет баба ынтымақ, ел бірлігі жөнінде әңгіме айтып отырады. "Қалай еткенде бірлік болады, оның күші қандай болмақ" дегенді сұрайды. Сонда Әнет баба әуелі жауап айтпас бұрын бір бума солқылдақ шыбық алдырады.
- Балам, мынаны сындырып көрші?
Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп сындыра алмайды.
- Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы? – Төле ортасынан буылған шыбықты шешіп, біртіндеп пырт-пырт еткізіп, оп-оңай сындырып береді. Әнет баба:
- Бұдан не түсіндің, балам? – дейді.
- Түсіндім, баба, бұл мысалыңыздың мәнісі: ынтымағы, бірлігі мықты елді жау да, дау да ала алмайды. "Саяқ жүрген таяқ жейді" демекші, бірлігі, ынтымағы жоқты жау да, дау да оп-оңай алады дегеніңіз ғой.
- Бәрекелді, балам, дұрыс таптың. Ел билеу үшін алдымен елді ауыз бірлікке, ынтымаққа шақыра біл. "Бақ қайда барасың, ынтымаққа барамын" дегеннің мәнісі осы,- депті.
Жаңбыр жаумаса жер жетім,
Басшысы болмаса ел жетім.
Ұқпасқа айтқан сөз жетім,
Үшінші – ырысыңның тұрағы.
Төле би өз көңілін сұрай келген билердің еліңізге қандай өсиет қалдырасыз деген сұрағына былай деп жауап берген екен:
"Жүзге бөлінгендердің жүзі қара. Руға бөлінгендердің құруға асыққаны. Атаға бөлінгендер адыра қалады. Көпті қорлаған көмусіз қалады. Хан азса, халқын сатады. Халық азса, хандыққа таласады".
Төле би 1756 жылы жылы Ақбұрхан-орда, қазіргі Түркістан облысы, Төле би ауданында қайтыс болған. Сүйегі Ташкентте жерленген.
Кейбір деректер бойынша Төле би Жолбарыс хан өлген соң, Ташкентті алты жыл басқарыпты.
Бүгінде Ташкенттегі Төле би кесенесі – шаһардағы көрікті жерлердің бірі. Мұнда Орталық Азиядан және басқа да шет елдерден туристер көп келеді.
1993 жылы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Каримов Төле бидің басына арнайы келіп, зиярат жасап, Құран оқытқан. Сол кезден бастап 26 мамыр Төле биді еске алу күніне айналған.