https://sputnik.kz/20230724/buqar-zhyrau-turaly-qyzyqty-derekter-37045154.html
Бұқар жырау туралы қызықты деректер
Бұқар жырау туралы қызықты деректер
Sputnik Қазақстан
Қазақ халқының аса көрнекті ойшылы, әйгілі жырау, Абылай ханның ақылшы-биі, абыз, халық арасында "көмекей әулие" атаған Бұқар Қалқаманұлының туғанына 330 жыл толды.
2023-07-24T16:07+0500
2023-07-24T16:07+0500
2023-07-27T16:07+0500
бұқар жырау
дерекқор
https://sputnik.kz/img/07e7/07/1b/37045762_0:123:827:588_1920x0_80_0_0_5a9b3714430faab6f6f9267368da7dc4.jpg
Қазақ халқының аса көрнекті ойшылы, әйгілі жырау, Абылай ханның ақылшы-биі, абыз, халық арасында "көмекей әулие" атаған Бұқар Қалқаманұлының туғанына 330 жыл толды. Көкірегі даңғыл, алмас тілді, дуалы ауыз данагөй хан шеше алмаған ауыр түйін, қиын жұмбақ, көмескі келешекті бұлжытпай болжайтын. Ал Абылай оны қасынан бір елі қалдырмаған. Жырау қос бүйірдегі екі алып мемлекеттің арасында оңтайлы саясат ұстануына, әскери дипломатиялық қарым-қатынастарды реттеуге үлкен үлес қосты."Тілің шықпай жасыңда, бала болдың сен мылқау"Бұқар жырау 1683 жылы Жиделі Байсын дейтін жерде дүниеге келген. Бұхар қаласының маңында туған балаға Бұқар есімі берілді. Үмбетей жырау өзінің бір толғауында:"Туған жерің Жиделі Байсын екен,Елібай деп атаған Бұқар маңы.Атыңды Бұқар қойған сол себептенМәлім ғой, ол қазақтың ескі заңы.Соғыста қалмақ жеңіп басып келген,Белгісіз келген жанның қанша саны,Бастап келген Қалқаман сенің әкеңБатырды қарсы алыпты Бұхар ханы", – деп сол кездегі оқиғаларды жырға қосқан.1695 жылы Бұқар сол кездегі аса білімдар абыз Әнет бабаның нұсқауымен Бұхара қаласындағы Көкілташ медресесіне аттанады. Бұқар бала кезінде томаға-тұйық, кісікиіктеу болыпты. Қиялға беріліп, өз бетімен жүретін. Содан адамдар оны мылқау деп ойлаған. Ал он екі жасында үйлесімді ұйқасқан өлең жырымен жұртты таңғалдырады."Тілің шықпай жасыңда,Бала болдың сен мылқау.Бір алуан жан десетінІштен шыққан кем-сырқау.Сырқат па, әлде мінез бе?Мұны қиын жобалауДәл он екі жасыңда,Бақыт қонды басыңа.Тілің шықты сөйледің,Қолдан-қолға тимедің.Төре, қара қасында,Бұлбұл құстай сайрадың,Топты көрсең жайнадың.Көріктей басқан күпілдеп,Көмекейің бүлкілдеп", – дейді Үмбетей жырау.Бұқар жырау Көкілташ медресесінде 1695-1702 жылдары оқыған. Содан бірден Қазақ хандығының астанасы – Түркістан шаһарының жанындағы Қарнақ медресесінде мүддәріс дәрежесінде ұстаздық қызметіне кіріскен. Ал бір жылдан кейін Тәуке хан ордасындағы жиындарға қатыса бастайды. Сонда алғашқы жиналыста Ресей мен Қазақ хандығы арасындағы шиеленісіп кеткен жағдайды реттеу мәселесі қаралды."Заң сенімнен жоғары емес"Бір ретте Әз Тәуке хан "Мына тіршілікте өлмейтұғын не нәрсе бар?" деген сұрақ қойыпты. Сол кезде Бұқар жырау: "Асқар таудың өлгені – басын мұнар шалғаны. Көктегі бұлттың өлгені – аса алмай таудан қалғаны. Ай мен күннің өлгені – еңкейіп барып батқаны. Айдын-шалқар өлгені – мұз болып тастай қатқаны. Қара жердің өлгені – қар астында қалғаны. Өлмегенде не өлмейді – жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді!" – деп жауап берген.Бұқар жырау 1710 жылы өткен Қарақұм құрылтайына да қатысқан. Сонда қазақтың әдет-ғұрып заңдары мен шариғат заңдары бойынша пәтуа жасаған."Әр мұсылманның жүрегінде Аллаға сенім орнаған, әр мұсылман Алладан келген бес парызды орындауға асық. Алла жүрегіне ұялаған адам үшін бір ғана заң бар, Алла аспанда емес, жерде емес – әркімнің жүрегінде, сезімінде, жанында. Ал заң сол сенімнен жоғары емес. Араб дәстүрі қазақ даласына, біздікі онда келе бермейді, жері бөлек, ауасы жат, қылығы басқа", - деді жырау.Тәуке ханның заңдар жинағын құрастыруға да атсалысты.Батырларға рух берген1723 жылы "Ақтабан шұбырынды" басталды. Екі жылдан кейін Бұқар жырау Төртуыл елінің көшімен бірге Сарыарқаға келді. Арқада қазақ пен қалмақ арасындағы қанды соғыстар табан астында өршіп, толастамай тұрған. Елдің бәрі ат үстінде, найзасы үйіне сүйеулі. Бұқар Ұлытауға келгеннен бері көп уақытын ел қорғап жүрген батырларының жанында өткізетін болды. Жырау сол кездегі шешуші шайқастар мен тариха оқиғалардың бел ортасында жүрді. Олар:Бұқар жырау Әбілмансұрдың "Абылай" атанған сәтінде жанында болды. 1741-1743 жылдары Бұқар жырау Әбілмәмбет ханның жанында Түркістанда болған. Сол кезде Абылайды тұтқыннан босату мәселесімен де айналысты.1743 жылы Нияз аталық, Қаз дауысты Қазыбек, Малайсары батыр бастаған қазақтан үш жүздей адам қалмаққа елшілікке барып, Әбілмәмбет хан баласы Әбілпейіз сұлтанды аманатқа тапсырып, Абылайды тұтқыннан босатып алды.Қазақ пен қытай арасындағы соғыстар қалай аяқталды1756 жылдың мамыр айында Қытай императорының қазақ даласына басып кіру туралы жарлығы шықты. Сол кезде батыс шекарада тұрған әскер қазақ жеріне лап берді. Мамыр айынан қазанға дейін қазақ пен қытайдың арасында 11 ірі соғыс болды.1756 жылы 17 қазанында Абылай қазақ батырларының жасақтары Баян аулада шешуші айқасқа жиналсын деген жарлық таратты. Шідертінің жоғарғы жағында үлкен соғыс болды. Қытай әскері қазақ жеріне кіргелі бері алапат қырғынға ұшырады. Жиырма мың әскерден екі мыңға толмайтыны ғана еліне оралды. Артынан соғыс болған жер "Шүршіт қырған" деп аталып кетті. 1757 жылдың күзінде Аягөз, Айтаңсық өзендерінің бойында ақырындап қытай мен қазақ арасындағы саяси қарым-қатынас қалыптаса бастады.Бұқар жырау барлық келіссөзге қатысты. Ал 1757 жылдың күзінде қазақтың бірінші лауазымды елшілігі Бейжіңге аттанды. Негізгі талабы - қайткен күнде де Тарбағатай мен Алтайдан айырылып қалмау.1769 жылы Абылайдың үлкен ұлы Уәли бастаған елшілік Бейжіңге барды. Соның ішінде Бұқардың баласы Жарылғап та болған."Ай, Абылай, Абылай"1771 жылы жаз соңында Бұқар жырау Түркістанда Абылайдың үш жүзге хан сайлану рәсіміне қатысты. Абылайды төбесіне тәңірдей тұтып, бар қасиетін жұртқа марапаттап, мақтауын жеткізіп жүрген Бұқар осы тойда ең бір ғажап толғауларының бірін шығардыЖырау үнемі қара сөзбен емес, көмекейі бүлкілдеп, түйдек-түйдек жырмен сөйлейтін. Абылай оған "сәуе айтшы" деген тілегімен түсінде көрген істерін болжап айтуды сұрайтын. Сонда айтқан сөзі дәлме-дәл келген.Бұқар жырау ерліктің небір ғажайып үлгілерін көрсеткен хан мен оның батырларын жырға қосып, олардың өшпес әдеби бейнелерін жасаған. Әсіресе, Абылай ханның көрегендігі мен даналығын, ел ұйытқысы бола білгенін асқақ жырлаған. Оның "Абылай ханның қасында", "Ал, тілімді алмасаң", "Ай, Абылай, Абылай", "Қазақтың ханы Абылай", "Ханға жауап айтпасам", "Басыңа біткен күніңіз", "Ай, Абылай, сен он бір жасыңда", "Ал, айтамын, айтамын" атты толғауларында ханның сол кездегі ұстанған саясаты мен көрегендігі, алғырлығы мен білгірлігі сипатталады. Ал "Садыр, қайда барасың? ", "Бұқарекең біз келдік, Ақан, Төбет байларға" деген жырларында ел болашағы, татулық мәселелері көтеріледі. Бұқар жыраудың толғаулары Абылай дәуірінің айнасы болып саналады."Бұхарекең сөйлеген уақытында сөзі мұндай жүз есе, мың есе шығар. Бізге келіп жеткен тамыры ғана, бұл кісінің сөзін түгел жазамын деушіге Нұқтың өмірі, Айыптың сабыры, Аплатонның ақылы керек" — деп жазды жыраудың тұңғыш библиографы Мәшһүр Жүсіп Көпеев.Жырау толғауларында Ресей империясының отарлау, басқыншылық саясаты да мейлінше әшкереленеді. Қазақ қоғамының шынайы сәнінен, мәнінен айырылатынын, дінінің, тілінің тозатынын, қабілетсіздер, көргенсіздер сұңғылаларды илеп билейтінін, шынайы дәрменсіздік жайлайтынын, марқасқалардың төбесінде қара бұлт үйірілетінін баяндаған."Сарыарқа төсінің топырағы бұйырсын"Мәшһүр Жүсіптің айтуына қарағанда, Бұқардың, тіпті сауып ішер малы, мініп-түсер аты да болмаған. Жырау алпыстан асқанша осы жарлы, кембағал халде күн кешкен. Алайда өмірінің соңғы кезеңінде Бұқар жай ғана арқалы жырау, ақылшы аға емес, мемлекет істеріне елеулі ықпал етіп отырған қабырғалы биге, өз заманының ұраншысына айналды.1780 жылы 97-ге келген қария жырау маңайындағы күтушілерінен далаға алып шығыңдар деп өтініш жасады."Мені дүниеден қайтқанда аманатқа сақтап, Әзіреті сұлтанға апарып қоймаңдар. Қыс ішінде әуре болып, қарбаласқа түспеңдер. Маған осы Сарыарқа төсінің топырағы бұйырсын. Әйтпесе, елдің құты қашады, ырысың кетеді. Басыма қорған тас үйіңдер, әспеттеп бейіт көтермеңдер. Менің кием осы Сарыарқаға ие болсын. Қазақтың ендігі Жиделі Байсыны – осы жер" - деді жырау.1780 жылы Көмекей әулие Бұқар мәңгілік сапарға аттанды. Сүйегі – Баянауылда, Далба тауының етегінде.
https://sputnik.kz/20230613/abylay-khan-turaly-qyzyqty-derekter-35871165.html
https://sputnik.kz/20230530/sultan-beybarys-turaly-qyzyqty-derekter-35400624.html
https://sputnik.kz/20230525/qazaqtyn-aygili-kuyshisi-dina-nurpeyisova-turaly-qyzyqty-derekter-35045191.html
https://sputnik.kz/20230518/ayteke-bi-turaly-ne-bilemiz-35063702.html
https://sputnik.kz/20230515/adamzattyn-ustazy-al-farabi-turaly-ne-bilemiz--34769379.html
https://sputnik.kz/20230512/qaz-dauysty-qazybek-bi-turaly-ne-bilemiz-34872414.html
https://sputnik.kz/20230510/tole-bi-qyzyqty-derekter-34783660.html
https://sputnik.kz/20230428/general-panfilov-turaly-ne-bilemiz-34364669.html
https://sputnik.kz/20230417/khannyn-serigi-dala-danyshpany-zhirenshe-sheshen-turaly-qyzyqty-derekter-33985037.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/07/1b/37045762_0:45:827:665_1920x0_80_0_0_3409c3d662f654a4d59e87e4796357af.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бұқар жырау қалқаманұлы бухар жырау абылай хан толғаулары ойшыл жырау абыз
бұқар жырау қалқаманұлы бухар жырау абылай хан толғаулары ойшыл жырау абыз
Қазақ халқының аса көрнекті ойшылы, әйгілі жырау, Абылай ханның ақылшы-биі, абыз, халық арасында "көмекей әулие" атаған Бұқар Қалқаманұлының туғанына 330 жыл толды. Көкірегі даңғыл, алмас тілді, дуалы ауыз данагөй хан шеше алмаған ауыр түйін, қиын жұмбақ, көмескі келешекті бұлжытпай болжайтын. Ал Абылай оны қасынан бір елі қалдырмаған. Жырау қос бүйірдегі екі алып мемлекеттің арасында оңтайлы саясат ұстануына, әскери дипломатиялық қарым-қатынастарды реттеуге үлкен үлес қосты.
"Тілің шықпай жасыңда, бала болдың сен мылқау"
Бұқар жырау 1683 жылы Жиделі Байсын дейтін жерде дүниеге келген. Бұхар қаласының маңында туған балаға Бұқар есімі берілді. Үмбетей жырау өзінің бір толғауында:
"Туған жерің Жиделі Байсын екен,
Елібай деп атаған Бұқар маңы.
Атыңды Бұқар қойған сол себептен
Мәлім ғой, ол қазақтың ескі заңы.
Соғыста қалмақ жеңіп басып келген,
Белгісіз келген жанның қанша саны,
Бастап келген Қалқаман сенің әкең
Батырды қарсы алыпты Бұхар ханы", – деп сол кездегі оқиғаларды жырға қосқан.
1695 жылы Бұқар сол кездегі аса білімдар абыз Әнет бабаның нұсқауымен Бұхара қаласындағы Көкілташ медресесіне аттанады. Бұқар бала кезінде томаға-тұйық, кісікиіктеу болыпты. Қиялға беріліп, өз бетімен жүретін. Содан адамдар оны мылқау деп ойлаған. Ал он екі жасында үйлесімді ұйқасқан өлең жырымен жұртты таңғалдырады.
Сырқат па, әлде мінез бе?
Көріктей басқан күпілдеп,
Көмекейің бүлкілдеп", – дейді Үмбетей жырау.
Бұқар жырау Көкілташ медресесінде 1695-1702 жылдары оқыған. Содан бірден Қазақ хандығының астанасы – Түркістан шаһарының жанындағы Қарнақ медресесінде мүддәріс дәрежесінде ұстаздық қызметіне кіріскен. Ал бір жылдан кейін Тәуке хан ордасындағы жиындарға қатыса бастайды. Сонда алғашқы жиналыста Ресей мен Қазақ хандығы арасындағы шиеленісіп кеткен жағдайды реттеу мәселесі қаралды.
"Заң сенімнен жоғары емес"
Бір ретте Әз Тәуке хан "Мына тіршілікте өлмейтұғын не нәрсе бар?" деген сұрақ қойыпты. Сол кезде Бұқар жырау: "Асқар таудың өлгені – басын мұнар шалғаны. Көктегі бұлттың өлгені – аса алмай таудан қалғаны. Ай мен күннің өлгені – еңкейіп барып батқаны. Айдын-шалқар өлгені – мұз болып тастай қатқаны. Қара жердің өлгені – қар астында қалғаны. Өлмегенде не өлмейді – жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді!" – деп жауап берген.
Бұқар жырау 1710 жылы өткен Қарақұм құрылтайына да қатысқан. Сонда қазақтың әдет-ғұрып заңдары мен шариғат заңдары бойынша пәтуа жасаған.
"Әр мұсылманның жүрегінде Аллаға сенім орнаған, әр мұсылман Алладан келген бес парызды орындауға асық. Алла жүрегіне ұялаған адам үшін бір ғана заң бар, Алла аспанда емес, жерде емес – әркімнің жүрегінде, сезімінде, жанында. Ал заң сол сенімнен жоғары емес. Араб дәстүрі қазақ даласына, біздікі онда келе бермейді, жері бөлек, ауасы жат, қылығы басқа", - деді жырау.
Тәуке ханның заңдар жинағын құрастыруға да атсалысты.
1723 жылы "Ақтабан шұбырынды" басталды. Екі жылдан кейін Бұқар жырау Төртуыл елінің көшімен бірге Сарыарқаға келді. Арқада қазақ пен қалмақ арасындағы қанды соғыстар табан астында өршіп, толастамай тұрған. Елдің бәрі ат үстінде, найзасы үйіне сүйеулі. Бұқар Ұлытауға келгеннен бері көп уақытын ел қорғап жүрген батырларының жанында өткізетін болды. Жырау сол кездегі шешуші шайқастар мен тариха оқиғалардың бел ортасында жүрді. Олар:
1726 жылы Сәмеке хан бастаған, Әбілқайыр хан қостаған Жайық бойы қалмақтарына қарсы жорық;
1726 жылы Шұна Дабо әскеріне тосқауыл жасаған Шұбартеңіз соғысы;
1727 жылы Бұланты шайқасы;
1727 жылы Ордабасы кеңесі;
1733 жылғы Жоңғария ордасын шабуылдаған Бөгенбай батыр бастаған жорық;
1734 жылы Баянауылдағы Сабындыкөл жағасында Абылайды Орта жүздің сұлтаны сайлаған елдің үлкен жиыны;
1739 жылы Әбілмәмбетті қазақтың ұлы ханы сайлап ақ кигізге көтерген ұлы той;
1740 жылы башқұрт көтерілісі.
Бұқар жырау Әбілмансұрдың "Абылай" атанған сәтінде жанында болды. 1741-1743 жылдары Бұқар жырау Әбілмәмбет ханның жанында Түркістанда болған. Сол кезде Абылайды тұтқыннан босату мәселесімен де айналысты.
1743 жылы Нияз аталық, Қаз дауысты Қазыбек, Малайсары батыр бастаған қазақтан үш жүздей адам қалмаққа елшілікке барып, Әбілмәмбет хан баласы Әбілпейіз сұлтанды аманатқа тапсырып, Абылайды тұтқыннан босатып алды.
Қазақ пен қытай арасындағы соғыстар қалай аяқталды
1756 жылдың мамыр айында Қытай императорының қазақ даласына басып кіру туралы жарлығы шықты. Сол кезде батыс шекарада тұрған әскер қазақ жеріне лап берді. Мамыр айынан қазанға дейін қазақ пен қытайдың арасында 11 ірі соғыс болды.
1756 жылы 17 қазанында Абылай қазақ батырларының жасақтары Баян аулада шешуші айқасқа жиналсын деген жарлық таратты. Шідертінің жоғарғы жағында үлкен соғыс болды. Қытай әскері қазақ жеріне кіргелі бері алапат қырғынға ұшырады. Жиырма мың әскерден екі мыңға толмайтыны ғана еліне оралды. Артынан соғыс болған жер "Шүршіт қырған" деп аталып кетті. 1757 жылдың күзінде Аягөз, Айтаңсық өзендерінің бойында ақырындап қытай мен қазақ арасындағы саяси қарым-қатынас қалыптаса бастады.
Бұқар жырау барлық келіссөзге қатысты. Ал 1757 жылдың күзінде қазақтың бірінші лауазымды елшілігі Бейжіңге аттанды. Негізгі талабы - қайткен күнде де Тарбағатай мен Алтайдан айырылып қалмау.
1769 жылы Абылайдың үлкен ұлы Уәли бастаған елшілік Бейжіңге барды. Соның ішінде Бұқардың баласы Жарылғап та болған.
1771 жылы жаз соңында Бұқар жырау Түркістанда Абылайдың үш жүзге хан сайлану рәсіміне қатысты. Абылайды төбесіне тәңірдей тұтып, бар қасиетін жұртқа марапаттап, мақтауын жеткізіп жүрген Бұқар осы тойда ең бір ғажап толғауларының бірін шығарды
Жырау үнемі қара сөзбен емес, көмекейі бүлкілдеп, түйдек-түйдек жырмен сөйлейтін. Абылай оған "сәуе айтшы" деген тілегімен түсінде көрген істерін болжап айтуды сұрайтын. Сонда айтқан сөзі дәлме-дәл келген.
Бұқар жырау ерліктің небір ғажайып үлгілерін көрсеткен хан мен оның батырларын жырға қосып, олардың өшпес әдеби бейнелерін жасаған. Әсіресе, Абылай ханның көрегендігі мен даналығын, ел ұйытқысы бола білгенін асқақ жырлаған. Оның "Абылай ханның қасында", "Ал, тілімді алмасаң", "Ай, Абылай, Абылай", "Қазақтың ханы Абылай", "Ханға жауап айтпасам", "Басыңа біткен күніңіз", "Ай, Абылай, сен он бір жасыңда", "Ал, айтамын, айтамын" атты толғауларында ханның сол кездегі ұстанған саясаты мен көрегендігі, алғырлығы мен білгірлігі сипатталады. Ал "Садыр, қайда барасың? ", "Бұқарекең біз келдік, Ақан, Төбет байларға" деген жырларында ел болашағы, татулық мәселелері көтеріледі. Бұқар жыраудың толғаулары Абылай дәуірінің айнасы болып саналады.
"Бұхарекең сөйлеген уақытында сөзі мұндай жүз есе, мың есе шығар. Бізге келіп жеткен тамыры ғана, бұл кісінің сөзін түгел жазамын деушіге Нұқтың өмірі, Айыптың сабыры, Аплатонның ақылы керек" — деп жазды жыраудың тұңғыш библиографы Мәшһүр Жүсіп Көпеев.
Жырау толғауларында Ресей империясының отарлау, басқыншылық саясаты да мейлінше әшкереленеді. Қазақ қоғамының шынайы сәнінен, мәнінен айырылатынын, дінінің, тілінің тозатынын, қабілетсіздер, көргенсіздер сұңғылаларды илеп билейтінін, шынайы дәрменсіздік жайлайтынын, марқасқалардың төбесінде қара бұлт үйірілетінін баяндаған.
"Сарыарқа төсінің топырағы бұйырсын"
Мәшһүр Жүсіптің айтуына қарағанда, Бұқардың, тіпті сауып ішер малы, мініп-түсер аты да болмаған. Жырау алпыстан асқанша осы жарлы, кембағал халде күн кешкен. Алайда өмірінің соңғы кезеңінде Бұқар жай ғана арқалы жырау, ақылшы аға емес, мемлекет істеріне елеулі ықпал етіп отырған қабырғалы биге, өз заманының ұраншысына айналды.
1780 жылы 97-ге келген қария жырау маңайындағы күтушілерінен далаға алып шығыңдар деп өтініш жасады.
"Мені дүниеден қайтқанда аманатқа сақтап, Әзіреті сұлтанға апарып қоймаңдар. Қыс ішінде әуре болып, қарбаласқа түспеңдер. Маған осы Сарыарқа төсінің топырағы бұйырсын. Әйтпесе, елдің құты қашады, ырысың кетеді. Басыма қорған тас үйіңдер, әспеттеп бейіт көтермеңдер. Менің кием осы Сарыарқаға ие болсын. Қазақтың ендігі Жиделі Байсыны – осы жер" - деді жырау.
1780 жылы Көмекей әулие Бұқар мәңгілік сапарға аттанды. Сүйегі – Баянауылда, Далба тауының етегінде.