https://sputnik.kz/20230624/makhambet-otemisuly-turaly-qyzyqty-derekter-36336806.html
Махамбет Өтемісұлы туралы қызықты деректер
Махамбет Өтемісұлы туралы қызықты деректер
Sputnik Қазақстан
Биыл отарлау саясатына қарсы азаттық қозғалыстың жарқын өкілі, қазақ халқының біртуар тұлғасы, ақын, күйші Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жыл
2023-06-24T11:49+0500
2023-06-24T11:49+0500
2023-06-26T11:49+0500
дерекқор
махамбет өтемісұлы
https://sputnik.kz/img/07e7/06/1a/36336614_0:0:600:338_1920x0_80_0_0_f3ccf0259fd789ad67e34ca355b5849a.jpg
Биыл отарлау саясатына қарсы азаттық қозғалыстың жарқын өкілі, қазақ халқының біртуар тұлғасы, ақын, күйші Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жыл толып отыр. Sputnik Қазақстан Исатай Тайманұлың үзеңгілес досы, Бөкей ордасындағы көтерістің қаһарманы туралы қызықты деректерді ұсынады.Әкесі мен балалары турашыл болғанМахамбет Өтемісұлы ішкі Бөкей Ордасының Бекетай құмында (қазіргі Батыс Қазақстан облысына қарасты қазіргі Жәнібек ауданында, Нарын құмында) 1803 жылы дүниеге келген. Бала кезінен Ұлы Далаға аты мәшһүр ақындар мен жыраулардың шығармаларына қанық болып өскен. Заманына сай мұсылманша сауатын ашып, орыс тілімен қатар татар және араб тілдерін меңгеріп алды.Махамбеттің әкесі Өтеміс ықпалды билердің бірі болған. Старшина болып ел басқарды. Ондай қызмет Махамбетпен бір туған Тоқтамыс, Бекмұхамбетке де бұйырған. Өтеміс Беріштің 19 биінің бірі, аяқтыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, орақ ауызды шешен, би болған. Халық мүддесін жоғары қойған. Сол үшін билеуші топтарға ұнамаған. Одан теке-тірестер де болған.1816 жылы сұлтан өз адамдарымен Өтемістің ауылын шапқан. Сұлтанға қарсы арызданғанымен одан еш нәтиже шықпайды, керісінше, Өтемістің өзіне қарсы айыптар тағылды. Ақыры Орынборда қамауға алынады. Ал 1817 жылдың 2 қарашасында қамауда қайтыс болған. Осылайша, Махамбет Өтемісұлы жастайынан әкесінен айрылып, анасының тәрбиесін көріп өседі.Өтемістен он ұрпақ тараған. Осы он ұлының ішінде Бекмұхамбет, Қожахмет, Сүлеймен, Қасен, Есмайыл, Досмайыл, Ыбырайым атты ұлдары Махамбеттің жанынан табылып, азаттық қозғалысының белді қатысушылары болды.Жәңгір ханға жақын болды1824-1828 жылдары Махамбет Өтемісұлы Орынборда оқып жатқан Жәңгір ханның ұлы Зұлқарнайынның тәрбиешісі болды. Сол қалада тұрды деген мәліметтер де бар. Алайда Махамбет Зұлқарнайынның жанында ұзақ уақыт жүрмеген. Себебі 1834 жылдары Бөкей Ордасындағы саяси шиеленістерге белсенді атсалысты. Тіпті, сол жылы старшын болып тағайындалады. Осылайша, Жәңгір хан Исатай бастаған азаттық қозғалыстың басты дем берушісі Махамбетке шен беру арқылы оның саяси көзқарастарын өзгертуді көздеген. Бірақ одан еш нәтиже шықпады. Оған дейін батыр Жәңгір ханның жақыны саналған. Алайда уақыт өте келе, наразы халықтың жағына шығып, азаттық қозғалысты ұйымдастырушылардың қатарына қосылды.1829 жылы Махамбет Өтемісұлы Ішкі Ордаға заңсыз өтті деген айыппен Калмыков бекінісіне бір жылдай уақытқа қамауға алынады. Алайда жаппай індет тараған кезде қашып шықты. Артынан әскери губернатор, граф Сухтеленнің шешімімен ақталды.Көтеріліс қалай басталдыКөтерілістің алғашқы қақтығыстары 1836 жылдың 24 наурызында Қарауылқожа Бабажанов пен Исатай Тайманұлы арасындағы қақтығыстан басталды. Алғашында Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы Жәңгір ханмен соғысу арқылы емес, мәміле арқылы мәселені келісуге тырысты. Жәңгір хан да бір хатында: "Ақылыңыз бен жүрегіңізді біле тұра, сізге деген сенімімді жоғалтқым келмейді, бірақ дәлірек білу үшін, жеке келіссөз жүргізу мақсатында сізге тез маған келуіңізді талап етемін", - деп жазған. Алайда келіссөздер тығырыққа тіреліп, іс жүзінде іске аспай қалады. 1836 жылдың 17 наурызында Жәңір хан билер мен старшындарға Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлын бүлікші ретінде ұстауға бұйрық береді. Ал мамырда Махамбетке Күшік Жапаровты өлтірді деген айып тағып, үстінен Орынбор шекара комиссиясына шағымданды. Бірақ комиссия Күшік Жапаровтың өліміне Махамбеттің де, Исатайдың да қатысы жоқ деген шешімге келді.Жәңгір ханға қарсы шықты1937 жылы көтерілісшілердің саны артты. Олардың Жәңгір ханға жақтастарына ғана емес, тікелей өзіне қарсы шықты. 1837 жылдың 4 маусымында Балқы Құдайбергеновтің ауылын шауып, Балқының адамдарын талқандайды. Ал қыркүйекте Махамбет Өтемісұлы көтерілісшілермен бірге Қарауылқожа Бабажановтың ауылын шауып, ауылдың 550 жылқысын, 95 түйесін алып, кедейлерге үлестіреді. Ертесінде тұтқындалған 50 адамның 30-ын босатып жібереді.Жәңгір ханның туыстары Шөкі Нұралиев, Тәуке Бөкейханов, Жанбөбек Бегалиевтердің ауылдары да қысым көреді. Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілер сұлтандарды да қолға түсіру үшін арнайы жасақтар жібереді. Олар Глинянск форпостына барып тығылуға мәжбүр болады.1937 жылдың қараша айында хан ордасына шабуыл жасалады. Исатай мен Махамбет бастаған екі мыңнан астам адам хан сарайын қоршауға алады. Жәңгір оларға төтеп бере алмайтынын біледі. Содан Исатайды мәмілеге келуге шақырып, талаптарын орындауға уақыт беруін сұрайды. Көтерілісшілер болса, Балқы би мен Қарауылқожаны хан төңірегінен шеттетіп, билікті ру старшындарына беруді талап етеді.Жәңгір хан уақытты барынша созуға тырысады. Сол екі арада Орынбордан подполковник Гекке бастаған казак-орыс әскері көмекке келіп жетеді. 1837 жылы 15 қарашада Тастөбе деген жерде 700 казак-орыс, екі зеңбірек, ханның 400 сарбазы мен көтерілісшілер арасында шайқас болды. Зеңбіректен оқ атылғаннан кейін көтерілісшілер топ-топқа бөлініп кетеді. Исатай жаудың қолына түспеу үшін аз ғана жігіттерімен шегінуге мәжбүр болды.Ақбұлақ шайқасы1838 жылы 12 шілдеде Ақбұлақ шайқасында көтерілісшілер тағы полковник Гекке бастаған әскерге қарсы шықты. Қайтадан зеңбіректерден оқ атылды. Махамбет Өтемісұлы бастаған жасақ оқты қардай боратқан патша әскерлеріне қарсы тұра алмай, шегінуге мәжбүр болды. Шегінген көтерілісшілерге сұлтан Баймағамбет Айшуақұлының жасақтары күтпеген жердентап берді. Махамбеттің сарбаздарды сұлтанның жасақтарына тойтарыс берді. Осы кезде казак-орыс жүздіктері келіп, көтерілісішілерді қоршауға ала бастады. Олар тағы шегінуге мәжбүр болды. Ал азаттық қозғалыс жетекшісі Исатай Тайманұлы осы шайқаста қаза тапты.Исатай қаза болғаннан кейін көтеріліс біршама бәсеңдеді. Алайда белсенді ұйымдастырушысы әрі идеологы Махамбет Өтемісұлын қуғындау саясаты тоқтамады.Ақбұлақ шайқасынан кейін Махамбет Қайыпқали сұлтанмен бірге Хиуа жеріне өтіп кетеді. Сол жақта Алақұл ханмен байланыс орнатып, қазақтар орыс патшалығынан қысымшылық көрген жағдайда Хиуа жағына көшуге рұқсат алады.Махамбеттің қайтып келуі1839 жылдың қазан айында Махамбет Өтемісұлы Бөкей Ордасына келеді. Жәңгір хан Әділ Бөкейханов сұлтанға батырды тауып, тұтқындауға бұйрық береді. Бірақ еш нәтиже шықпаған.1840 жылдың желтоқсан айында Махамбет өз жақтастарымен бірге Беріш руының старшыны Ақтай Мұнаевтың 35 жылқысын барымталап, Орал арқылы Сарыкөл елді мекеніне қоныс аударады. Ал шілде айында генерал-майор Жемчужниковтың жасағына шабуыл жасайды. 1841 жылдың қаңтар айында әскери генерал-губернатор Орал жасақтарының атаманына Махамбет Өтемісұлын тұтқындауға бұйрық береді.Наурыз айында Мұртаза Өзбекқалиев Махамбет Өтемісұлының теңіз жағалауындағы ауылдарда жасырынып жүргендігін жеткізеді. Сол кезде Голунов, Ведерников және Хохлов сынды жасақ басшылары батырды қолға түсіріп, Орынбордағы әскери-далалық сотқа тапсырады. Махамбет Өтемісұлын Орынбор түрмесіне жібереді. Ал ісі Орынбор әскери сотына тапсырылады.1841 жылы 7 шілдеде сот "бүлікке" тағы араласса, қатаң жазалансын деген үкіммен тұтқыннан босатып, шекарадан өтпеуді қатаң ескертті.Батырды қалай өлтірді1845 жылы Алаша руының старшындары мен билері Махамбетті Ішкі Орда жерінен түбегейлі қуып шығу туралы қоғамдық шешім шығарады. Себебі батыр халықты үнемі көтеріліске шақырған. Шешімге он екі старшын мен билер қол қойды.Сол жылы 7 қыркүйекте шекаралық комиссия Махамбет Өтемісұлын ұстауға бұйрық береді. Оны орындауды сұлтан Баймағамбет өз мойнына алды. 1846 жылдың қазан айында Айшуақов Махамбетті ұстау үшін Ықылас Төлеев, Жанберген Боздақов, Төрежан Тұрұмов, Мұса Нұралин, Жүсіп Өтеулиев бастаған 20 адамды аттандырады.Махамбет қоныс тепкен жерге келгенде Төрежан Тұрұмов оған сұлтанның ұрланған жылқыларды қайтару туралы бұйрығымен таныстыруға келдім деп алдайды да, үй