https://sputnik.kz/20220209/qazaq-sozi-qalay-payda-boldy-22639928.html
"Қазақ" сөзі қалай пайда болды
"Қазақ" сөзі қалай пайда болды
Sputnik Қазақстан
"Қазақ" сөзі қалай пайда болғанын оқыңыз.
2022-02-09T20:39+0500
2022-02-09T20:39+0500
2022-02-09T20:39+0500
дерекқор
қазақ
https://sputnik.kz/img/1415/48/14154841_0:93:2000:1218_1920x0_80_0_0_abfe56df6cf0d28f064d6fefb95a853e.jpg
Қазақ сөзінің шығуына қатысты түрлі пікір бар. Бірі "қаз" бен "ақ" сөзінен шыққан десе, енді бірі "қай+сақ", "қас+сақ" секілді сөздердің қосындысынан шыққан дейді. Ал ғалымдардың арасында "қазақ" сөзінің мәнін іздеудің де қажеті жоқ деген пікір бар. Sputnik Қазақстан "қазақ" сөзінің шығуына қатысты ғалымдар пікірі мен "қазақ" сөзінің мағынасын ұсынды.Қазақ сөзінің этнонимі"Қазақ" сөзінің шығуына қатысты алғашқы ой-пікірлер Ресейде 18 ғасырдың ортасынан бері жазылды. Сол уақыттан бері қазірге дейін ғалымдар тарапынан түрлі пікір айтылып келеді, делінген "Мәдени мұра" бағдарламасы бойынша шыққан "Қазақстан тарихы – этникалық зерттеулер" еңбегінде."Қазақ" сөзінің шығуына қатысты алғаш пікір айтқандар қатарына Герхард Фридрих Миллер, Петр Рычков, Василий Татищев, Иоганн Георги, Иван Андреев, Николай Карамзин жатады. Бұл ғалымдардың еңбектері 18 ғасырдың 50 жылдарынан 19 ғасырдың 30 жылдарына дейінгі аралықта жарық көрген.Петр Рычков қазақтарды "қырғыз-қайсақ" ұғынып, "қырғыз" және "қайсақ" сөздерінің мәнін түсіндірген. Ол қырғыз – далада жүретін, үйсіз адам, ал казак – бөлінген, келіп қалған деген мағынаны береді деп жазады. Ал қазақ халқының шығуына қатысты "олардың Алатау қырғыздарынан шыққанына еш дау жоқ" дейді.Василий Татищев "қазақ" сөзін "қашқындар" деп түсіндіреді. Тарихшы Иоганн Фишер қазақтарды қырғыздармен түбі бір халық деп есептеп, қырғыздарды – бурут қырғыздары, ал қазақтарды – қырғыз козактары деп атайды, козак – халықтың атауы емес, татар тілінде отбасы жоқ немесе тұрақты баспанасы жоқ адамды білдірген деген тұжырымға келеді.Иоганн Георги "қазақтарды ноғайлардан шығарып, "қазақ" сөзі олардың ру басының есімі" деп түсіндіреді.Иван Андреев қырғыз деген атаумен үш халық белгілі деп, оларға Енисей қырғыздарын, бурут немесе қара қырғыздарды және қайсақ немесе хазактарды жатқызады. Оларды "қырғыз-қайсақтар" деп атайды. Одан ары қырғыз сөзін "қыр" – дала, "ғыз" – кісі, яғни "қыр адамы, кісісі" деген мағына береді деген қорытынды жасайды. Ал "қайсақ" сөзін де осындай әдіспен "қай" – кім, "сақ" – абай, абайла сөзінен шыққан деп, "қырғыз-қайсақты" – абайлап, сақтанып жүретін дала адамы" деп түйіндейді.Ал Карамзиннің тұжырымы бойынша, "казак" сөзі еркіндік, батылдық, ержігіт деген мағына береді, кейбіреудің айтып жүргеніндей ол сөз теріс мағынадағы "қарақшылар" дегенді білдірмейді. Ержүрек батырлар еркіндік үшін, Отан үшін, сенім үшін жаумен алысып, өлерінде өзін осылай атаған", деп жазған.Одан кейінгі кезеңдегі Алексей Левшиннің дерегінде "қазақ" сөзінің "қайсақ", "қасақ" түрінде айтылуы қате деп, "қазақ" атауын қолдануды ұсынған.Қазақ ғалымдарының пікіріШәкәрім Құдайбердіұлы қазақ халқының қалыптасқан уақытын 15 ғасыр деп көрсетеді. Ал "қазақ" атауының мағынасын Құдайбердіұлы "өз еркімен жүретін" деп түсіндіреді де, одан әрі ол әр рудан құралған деп жазады.Шежіреші Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы да өз еңбектерінде "қазақ" атауына тоқталған. Көпейұлының дерегінше, "қазақ" деген кеше мен бүгін қойылған ат емес, заман-заманнан айтылып келе жатқан ат. Араб тілінде "ұғызақ" деп жазылған, шағатай түркісінде "хазағ" деп жазылған, өзіміздің жуан тілде "қазақ" деп жазылған.Мұхамеджан Тынышбаев "қазақ" сөзі мен қазақ халқының шығуы, пайда болған кезеңі туралы өзіне дейінгі кейбір авторды сынап, енді кейбірін қолдап мынандай түйін жасаған:15 ғасырда "қазақ" атауы Сібір мен Түркістан көшпенділері арасында тараған;"қазақ" сөзінің мағынасына қатысты айтылатын "қарақшы", "кезбе", "еркін" және басқа да пікірлердің қисыны жоқ дей келе, "қазақ" сөзінің мағынасын іздеу ешқандай нәтиже бермейді. Өйткені "орыс", "араб", "француз", "ағылшын" сөздерінің мағынасы да ешқандай нәтиже бермеген."Қазақ" атауына қатысты жасалған негізсіз тұжырымдарТарихшы-ғалым Вениамин Юдин 20 ғасырдың екінші жартысында жазған мақаласында өзіне дейін "қазақ" сөзіне берілген анықтаманың 22-сін жоққа шығарады. Ол қазақ сөзіне ұқсас келетін "ақ қаз" "қыз-ақ", "қази-ақ", "қази-хақ", "қаза-ақ", "қазаға" сөздерінің ойдан шығарылғанын айтып, дәлел келтірген. Ол бұл аталған сөздердің "қазақ" сөзінің шығу төркінін түсіндіруге негізсіз деп көрсетеді.Сондай-ақ "қазақ" сөзінің түбін "ғұз-сақ", "қай+сақ", "қас+сақ", "хай+сақ", "кас-пи" сөздерімен байланыстыру да қате деп көрсеткен.Тарихшы "қазақ" сөзінің шығу төркініне "қашақ" және "қаз+оқ" ("оқ" бұл жерде "жебе", "ру", "тайпа" деген мағынада) сөздерінің жақын екенін айтады.Юдин "қазақ" сөзінің шығу төркіні мен мәні жайын сөз еткенде түп-төркіні ерте түрік дәуірінде жатқанын айтады. "Біздің ойымызша, "қазақ" сөзі Ұйық-Тұран өзені бойынан табылған 8 ғасырдағы көне түркі руналық ескерткіштерінде фонетикалық жағынан жасырын күйде кездеседі", деп жазған шығыстанушы ғалым.Юдин "қызғақ" сөзі көне түркі ескерткіштерінде "қазғақ" болуға тиіс еді, қазғақ – қазақ сөзінің алғашқы түрі дей келе, ол бұл сөздің қазақ сөзіне айналуының схемасын көрсетеді: "қазға+қ(қазғақ) = қазақ". Сөздің шығу төркінін осылай көрсетке, мағынасын "асыранды" дейді, ал "қазақ оғлым" - "асыранды ұлым" деген мағынада айтылады дейді.Қазақ сөзінің шығуына қатысты аңыз"Бабалар сөзінің" 83-томында "қазақ" сөзінің шығуы бойынша аңыз келтірілген.Қазақ атауы "қазы-ақ" деген сөзден өзгерген екен. Жәнібек хан бастаған көшпелілер Әбілхайыр хандығынан бөлініп шыққан соң Жәнібек қазақ тайпаларын үш жүзге бөліпті. Үш жүзге Үйсінді бастық қойып, Жалайыр деген кісіні оған орынбасар еткен. Орта жүзге Арғынды бек сайлап, Найманды оғана көмекші етіп бекіткен. Кіші жүзге Алшынды би қойып, Жаппасты оған жәрдемші етіп белгілейді.Көшпелілер Еділ-Жайық, Есіл-Нұра, Арал, Жем аймақтарында көшіп-қонып жүреді. Кітап оқымайтын көшпелілердің ақылымен біріктірген биліктерінің орынды шыққанына қайран қалған патша: "Бұларға қазы, мүпти керек емес екен, өздері қазы-ақ екен" депті.Аңыздың тағы бір нұсқасы бойынша "Ертеде бір жорықта Қалша Қадір деген қолбасшы жарақаттанады да құбажон, жапан далада жалғыз қалып қояды. Өлейін деп қатты қиналып жатқанда, аспаннан бір қаз ұшып келіп, аузына су тамызады. Содан оны тірілтіп, аман алып қалады. Осыдан екеуі қосылып, сол ақ қазбен бірге өмір сүріп, үрім-бұтақты болады.Қаз-аққу болып келген перизат – ақ қыз екен. Ол үстіндегі аққу терісін сыпырып тастап, ару қызға айналып қалша Қадірдің жарасын емдеп жазады. Қалша Қадір осы ақ қызға үйленеді, олардан туған ол "қазақ" атаныпты.
https://sputnik.kz/20220207/qazaq-ush-zhuz-derekter-22587887.html
https://sputnik.kz/20190618/aidar-tulym-kekil-jelke-shash-10589080.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1415/48/14154841_223:0:2000:1333_1920x0_80_0_0_079644b249752aceafc6beb40259d0bc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақ сөзі мағынасы тарихы шығуы пайда болуы деректер ғалымдар еңбектері
қазақ сөзі мағынасы тарихы шығуы пайда болуы деректер ғалымдар еңбектері
"Қазақ" сөзі қалай пайда болды
Sputnik Қазақстан материалынан "қазақ" сөзінің шығуы мен мағынасына қатысты пікірлерді оқи аласыз
Қазақ сөзінің шығуына қатысты түрлі пікір бар. Бірі "қаз" бен "ақ" сөзінен шыққан десе, енді бірі "қай+сақ", "қас+сақ" секілді сөздердің қосындысынан шыққан дейді. Ал ғалымдардың арасында "қазақ" сөзінің мәнін іздеудің де қажеті жоқ деген пікір бар.
Sputnik Қазақстан "қазақ" сөзінің шығуына қатысты ғалымдар пікірі мен "қазақ" сөзінің мағынасын ұсынды.
"Қазақ" сөзінің шығуына қатысты алғашқы ой-пікірлер Ресейде 18 ғасырдың ортасынан бері жазылды. Сол уақыттан бері қазірге дейін ғалымдар тарапынан түрлі пікір айтылып келеді, делінген "Мәдени мұра" бағдарламасы бойынша шыққан "Қазақстан тарихы – этникалық зерттеулер" еңбегінде.
"Қазақ" сөзінің шығуына қатысты алғаш пікір айтқандар қатарына Герхард Фридрих Миллер, Петр Рычков, Василий Татищев, Иоганн Георги, Иван Андреев, Николай Карамзин жатады. Бұл ғалымдардың еңбектері 18 ғасырдың 50 жылдарынан 19 ғасырдың 30 жылдарына дейінгі аралықта жарық көрген.
Петр Рычков қазақтарды "қырғыз-қайсақ" ұғынып, "қырғыз" және "қайсақ" сөздерінің мәнін түсіндірген. Ол қырғыз – далада жүретін, үйсіз адам, ал казак – бөлінген, келіп қалған деген мағынаны береді деп жазады. Ал қазақ халқының шығуына қатысты "олардың Алатау қырғыздарынан шыққанына еш дау жоқ" дейді.
Василий Татищев "қазақ" сөзін "қашқындар" деп түсіндіреді. Тарихшы Иоганн Фишер қазақтарды қырғыздармен түбі бір халық деп есептеп, қырғыздарды – бурут қырғыздары, ал қазақтарды – қырғыз козактары деп атайды, козак – халықтың атауы емес, татар тілінде отбасы жоқ немесе тұрақты баспанасы жоқ адамды білдірген деген тұжырымға келеді.
Иоганн Георги "қазақтарды ноғайлардан шығарып, "қазақ" сөзі олардың ру басының есімі" деп түсіндіреді.
Иван Андреев қырғыз деген атаумен үш халық белгілі деп, оларға Енисей қырғыздарын, бурут немесе қара қырғыздарды және қайсақ немесе хазактарды жатқызады. Оларды "қырғыз-қайсақтар" деп атайды. Одан ары қырғыз сөзін "қыр" – дала, "ғыз" – кісі, яғни "қыр адамы, кісісі" деген мағына береді деген қорытынды жасайды. Ал "қайсақ" сөзін де осындай әдіспен "қай" – кім, "сақ" – абай, абайла сөзінен шыққан деп, "қырғыз-қайсақты" – абайлап, сақтанып жүретін дала адамы" деп түйіндейді.
Ал Карамзиннің тұжырымы бойынша, "казак" сөзі еркіндік, батылдық, ержігіт деген мағына береді, кейбіреудің айтып жүргеніндей ол сөз теріс мағынадағы "қарақшылар" дегенді білдірмейді. Ержүрек батырлар еркіндік үшін, Отан үшін, сенім үшін жаумен алысып, өлерінде өзін осылай атаған", деп жазған.
Одан кейінгі кезеңдегі Алексей Левшиннің дерегінде "қазақ" сөзінің "қайсақ", "қасақ" түрінде айтылуы қате деп, "қазақ" атауын қолдануды ұсынған.
Қазақ ғалымдарының пікірі
Шәкәрім Құдайбердіұлы қазақ халқының қалыптасқан уақытын 15 ғасыр деп көрсетеді. Ал "қазақ" атауының мағынасын Құдайбердіұлы "өз еркімен жүретін" деп түсіндіреді де, одан әрі ол әр рудан құралған деп жазады.
Шежіреші Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы да өз еңбектерінде "қазақ" атауына тоқталған. Көпейұлының дерегінше, "қазақ" деген кеше мен бүгін қойылған ат емес, заман-заманнан айтылып келе жатқан ат. Араб тілінде "ұғызақ" деп жазылған, шағатай түркісінде "хазағ" деп жазылған, өзіміздің жуан тілде "қазақ" деп жазылған.
Мұхамеджан Тынышбаев "қазақ" сөзі мен қазақ халқының шығуы, пайда болған кезеңі туралы өзіне дейінгі кейбір авторды сынап, енді кейбірін қолдап мынандай түйін жасаған:
15 ғасырда "қазақ" атауы Сібір мен Түркістан көшпенділері арасында тараған;
"қазақ" сөзінің мағынасына қатысты айтылатын "қарақшы", "кезбе", "еркін" және басқа да пікірлердің қисыны жоқ дей келе, "қазақ" сөзінің мағынасын іздеу ешқандай нәтиже бермейді. Өйткені "орыс", "араб", "француз", "ағылшын" сөздерінің мағынасы да ешқандай нәтиже бермеген.
"Қазақ" атауына қатысты жасалған негізсіз тұжырымдар
Тарихшы-ғалым Вениамин Юдин 20 ғасырдың екінші жартысында жазған мақаласында өзіне дейін "қазақ" сөзіне берілген анықтаманың 22-сін жоққа шығарады. Ол қазақ сөзіне ұқсас келетін "ақ қаз" "қыз-ақ", "қази-ақ", "қази-хақ", "қаза-ақ", "қазаға" сөздерінің ойдан шығарылғанын айтып, дәлел келтірген. Ол бұл аталған сөздердің "қазақ" сөзінің шығу төркінін түсіндіруге негізсіз деп көрсетеді.
Сондай-ақ "қазақ" сөзінің түбін "ғұз-сақ", "қай+сақ", "қас+сақ", "хай+сақ", "кас-пи" сөздерімен байланыстыру да қате деп көрсеткен.
Тарихшы "қазақ" сөзінің шығу төркініне "қашақ" және "қаз+оқ" ("оқ" бұл жерде "жебе", "ру", "тайпа" деген мағынада) сөздерінің жақын екенін айтады.
Юдин "қазақ" сөзінің шығу төркіні мен мәні жайын сөз еткенде түп-төркіні ерте түрік дәуірінде жатқанын айтады. "Біздің ойымызша, "қазақ" сөзі Ұйық-Тұран өзені бойынан табылған 8 ғасырдағы көне түркі руналық ескерткіштерінде фонетикалық жағынан жасырын күйде кездеседі", деп жазған шығыстанушы ғалым.
Юдин "қызғақ" сөзі көне түркі ескерткіштерінде "қазғақ" болуға тиіс еді, қазғақ – қазақ сөзінің алғашқы түрі дей келе, ол бұл сөздің қазақ сөзіне айналуының схемасын көрсетеді: "қазға+қ(қазғақ) = қазақ". Сөздің шығу төркінін осылай көрсетке, мағынасын "асыранды" дейді, ал "қазақ оғлым" - "асыранды ұлым" деген мағынада айтылады дейді.
Қазақ сөзінің шығуына қатысты аңыз
"Бабалар сөзінің" 83-томында "қазақ" сөзінің шығуы бойынша аңыз келтірілген.
Қазақ атауы "қазы-ақ" деген сөзден өзгерген екен. Жәнібек хан бастаған көшпелілер Әбілхайыр хандығынан бөлініп шыққан соң Жәнібек қазақ тайпаларын үш жүзге бөліпті. Үш жүзге Үйсінді бастық қойып, Жалайыр деген кісіні оған орынбасар еткен. Орта жүзге Арғынды бек сайлап, Найманды оғана көмекші етіп бекіткен. Кіші жүзге Алшынды би қойып, Жаппасты оған жәрдемші етіп белгілейді.
Көшпелілер Еділ-Жайық, Есіл-Нұра, Арал, Жем аймақтарында көшіп-қонып жүреді. Кітап оқымайтын көшпелілердің ақылымен біріктірген биліктерінің орынды шыққанына қайран қалған патша: "Бұларға қазы, мүпти керек емес екен, өздері қазы-ақ екен" депті.
Аңыздың тағы бір нұсқасы бойынша "Ертеде бір жорықта Қалша Қадір деген қолбасшы жарақаттанады да құбажон, жапан далада жалғыз қалып қояды. Өлейін деп қатты қиналып жатқанда, аспаннан бір қаз ұшып келіп, аузына су тамызады. Содан оны тірілтіп, аман алып қалады. Осыдан екеуі қосылып, сол ақ қазбен бірге өмір сүріп, үрім-бұтақты болады.
Қаз-аққу болып келген перизат – ақ қыз екен. Ол үстіндегі аққу терісін сыпырып тастап, ару қызға айналып қалша Қадірдің жарасын емдеп жазады. Қалша Қадір осы ақ қызға үйленеді, олардан туған ол "қазақ" атаныпты.