Мәдениет

Бәйтерек монументі Астананың тарихи орнына айналды

© AFP 2024 / STANISLAV FILIPPOVАстана көрінісі
Астана көрінісі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астана символы – "Бәйтерек" монументі архитектуралық ескерткіштермен қатар тарихи орындар картасына енді

АСТАНА, 15 тамыз – Sputnik. "Бәйтерек" монументі елорданың тарихы-мәдени нысандары ретінде Қазақстанның тарихи орындары картасына енді, деп хабарлайды Астананың ресми сайты. 

Мәдениет пен тарихтың ордасы болып саналатын қаланың мәдени нысандары арқасында Астана қаласының имиджі қалыптасқан.

Бәйтерек - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ресей азаматы "Бәйтерек" монументінің 150 мыңыншы қонағы атанды

Әлемдік қалалардың ұқсастығы бойынша отандық және шетелдік қонақтарға Астананы дәріптеу қазіргі заманғы сәулет туындысынан бастап өткен жылдардағы ескі ғимараттарды көрсетуді есепке алумен бірқатар жерлерді қамтуы тиіс.

Бүгінде Астанада 46 тарихи және мәдени ескерткіш бар, оның ішінде 34 сәулет және қалақұрылысы ескерткіші, 12 археологиялық ескерткіш бар.  Олардың ішінде 2 ескерткіштің республикалық маңызы бар, 44-і — жергілікті маңызы бар ескерткіштер. Барлық ескерткіштер бойынша қорғау аумақтары анықталып, мемлекеттің қарамағында және қорғалуында екенін растайтын ақпараттық тақталар орнатылған.

2013,2015,2016 жылдары Астананың тарихи-мәдени мұрасының 13 ескерткіші жөндеуден өтті, олардың ішінде "Мәңгілік Ел" қақпасы, "Астана Бәйтерек" монументі, "1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына тағзым" монументі, Абай ескерткіші, С. Сейфуллин ескерткіші (Жеңіс даңғылы), Кенесары ескерткіші, Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық драма театры қойылым цехінің ғимараты және т.б.

Астана - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Сити Палас, Керуен-2, аквапарк: Астанада тағы қандай нысандар бой көтереді?

Қазіргі уақытта Астанада 20 тарихи және мәдениет ескерткіші салт-дәстүрдің тарихи жерлері деп анықталды. Қала тұрғындары мен қонақтарының назарына бірінші 10 ескерткішті ұсынамыз.Бұл нысандарды қорғау мен насихаттау "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында кеңінен жүзеге аспақ. 

Бозоқ қалашығы —Есіл өзенінің сол жағалауындағы Бұзұқты көлінің шығыс жағалауында орналасқан. Ескерткіш 4 бөлімнен тұрады, аумағы – шамамен 40 г.

"Квартал" деп аталып кеткен көлемі бойынша 35х35 метрлік үш аумақ орталық қала түзеуші болып табылады. Олардың әрқайсысы дуалмен және ішкі шұңқырлармен қоршалған. Бұл археологиялық ескерткіш бірнеше бөліктен тұрады. Олардың әрқайсысы орлармен, бөгеттермен қоршалған. Ескерткіштің ішінде қалашықтың тарихи орталығы орналасқан, онда 2 кірпіш кесенесі, 1 мұнара, кірпіштен жасалған пеш пен 11 жерлеу қабірі бар.

Шұбар қорымы –Астанадан солтүстік-шығысқа қарай 15,5 шақырым жерде, Шұбар ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 1 шақырым жерде орналасқан. Нысан шығыс және батыс желісі бойынша бөлінген екі үйінділерден (топырақ үйіндісі) тұрады.

Астана - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада мінəжат орындарының картасы пайда болады

Сарқырама қорымы – Астананың оңтүстік-шығыс қала шетіндегі бөлігінде орналасқан. Қорым өз кезегінде эллипс формасындағы жер шарының тізбегіне ұқсас. Құрылғының орташа диаметрі 10х11 м. Биіктігі-0,5 м. Шар тәріздес дөңгелек қабырғаларының ені 2м-ді құрайды.

Күйгенжар қорымы- Астана қаласының шығыс бөлігінде орналасқан. Күйгенжар қорымы біздің эрамызға дейінгі III-Iғ.ғ. пайда болған. Қорым арқанмен тартылған 5 қорғаннан тұрады. Қорғандардың биіктігі 1-2м, 12–42 м топырақ тасты сауыт үйінділерінен құралған.  

Көктал жалғыз қорғаны қаланың солтүстік бөлігінде, Көктал елді мекенінен солтүстікке қарай 1,5 қашықтықта орналасқан.

Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрының қойылым цехының ғимараты (бұрынғы мұсылман мектебі) XIX, Отырар көшесі, 1/3. Ғимарат қала орталығында, Абай көшесі мен Республика даңғылының қиылысында орналасқан.

Бұл жерде ХХ ғасырдың басында Ақмоланың ең алғашқы мұсылман мектебі орналасқан. 1907 жылдан бастап медреседе қырғыз-татар бастауыш мектебі өз қызметін атқара бастаған, онда 27 оқушы дәріс алған. Кейіннен мектеп 7жылдық білім жүйесіне ауысты. № 29 үйде (Отырар көшесі 1/2) қыздар, ал № 31 үйде (Отырар көшесі 1/3) ұлдар оқыды. 1912-1916 жылдары бұл мектепте көрнекті ақын, жазушы, қоғам қайраткері С.Сейфуллин дәріс берген. Ескерткіш өз кезегінде провинциялық ғимараттың, XIX – соңы ХХ ғасырдың басындағы ағаш сәулет өнерінің өзіндік үлгісі болып табылатын түпнұсқасын ұсынады.Бүгінде бұрынғы мұсылман мектебі республикалық маңызы бар ескерткіш болып табылады.

"Қараөткел" мұсылман зираты — 1609–1962 жж., Жастар шағын ауданында орналасқан. "Ақ Орда" ақсақалдар қоғамдық бірлестігінің мәліметіне сүйенсек, "Қараөткел" зиратында жерленгендердің  жасы 300-400 жылдан асып жығылады. Араб жазулары бар 100-ден астам қабір бар. Кейбір аңыздарға сүйенетін болсақ, бұл зиратта Тауке ханның ұлы Самеке, Ақмоланың аға сұлтаны Қ.Құдаймендин, Бөгенбай, Қабанбай, Амангелді Иманов сынды батырлар,көпес Б.Қосшығұлов  жерленген болуы мүмкін.

Алакөл көлі - Sputnik Қазақстан
Экономика
Алакөл маңындағы әуежай алғашқы туристерді қабылдады

Жалпы көлемі 17 125 шаршы метрді құрайтын ескерткіш өз кезегінде байтақ қорым болып табылады. Қорым Астананың Алматы ауданында, Манас, Тархан, Гастелло көшелерінің шектеулі шегінде орналасқан. Жерлеулер шағын төбешіктер мен қабір үстіндегі құлыптастар күйінде белгіленген.  

Қосшығұлов мектебі-ХХ ғасырдың басы, Абай даңғылы, 24. Ескерткіш қаланың тарихи бөлігіндегі орталығында, Абай мен Бөкейхан көшелерінің қиылысында орналасқан. Ескерткіштің пайда болуы Ақмола қаласындағы кондитерлік фабрика қожайыны, 1-ші гильдиялық көпес Баймұхамбет Қосшығұловтың атымен байланысты. Б.Қосшығұлов жеке өз қаржысына мешіт пен мұсылман жастарына арнап мектеп салдырған.

Мектеп ғимараты бастапқыда бір қабаттан тұрды, 19 ғасырдың басы мен 20 ғасырға тән сипатта, әшекейлі қалау әдістемесімен күйдірілген кірпіштен салынған.  1986 жылы ғимараттың тарихи-мәдени құндылықтарына қарамастан жөндеу жүргізілді. Осылайша үстіне екінші қабат тұрғызылып, ғимараттың көрінісі сәл өзгертілді. Қазіргі уақытта ғимаратта "Казкоммерцбанк" орналасқан.

Ханшатыр - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Бәйтерек" пен "Ханшатыр" 17 қарашада ақшыл көк түске енеді

Қалдағы көне православ шіркеуі қаланың орталық бөлігінде орналасқан. Шіркеу Сібір казак әскерлерінің қазыналық қаржысына 1854-1856жж. салынған. 1856 жылдың 8-ші шілдесінде шіркеу қызметкері Иоанн Торопов шіркеуді әулие Константин және Хелена патшалардың атымен атады. Шіркеудің бірінші діни қызметкері — Михаил Никольский. Шіркеудің ішкі жұмыстары толығымен 1858 жылы аяқталды. 1893 жылдың 27 сәуіріндегі тағайындаудың шешімімен, Тобольдық рухани консисториясы Ақмола казачествасының сұрауы бойынша Константин-Хелана шіркеуін  Ақмолалық станицасын алаңға көшіруге келісім берді. Осылайша 1900 жылдың 14-ші мамырында арнайы алаң құрылды. Шіркеу бұрынғыдай біртақты әрі крест күйінде болған, дегенмен шіркеу өзгеріп, бес тараулыға айналған.  Бұл сол жылдардың ресми сәулетінің бағытына сәйкес болған.

Жаңалықтар
0