Қоғам

Астанада мінəжат орындарының картасы пайда болады

© Sputnik / Сергей Пятаков / Медиабанкке өтуАстана
Астана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бағдарлама жобаларының бірі - Қазақстан астанасының тарихи-мәдени мұраларын біріктіретін "Киелі Астана" картасы болмақ

АСТАНА, 3 тамыз – Sputnik. Елорда әкімдігінде қала әкімінің орынбасары Ермек Аманшаевтің төрағалығымен "Рухани жаңғыру" бағдарламасының жүзеге асуы бойынша жиналыс өтті, деп хабарлайды Астана әкімдіінің баспасөз қызметі.

Ермек Аманшаев Астана өлкесінде көне түрік кезеңіне жататын археологиялық нысандар барын айтты. Бұл барлық ескерткіштер «киелі картаға» енуі керек және тарихи-мәдени мұраларды тереңінен зерттеу үшін жұмыс тобы құрылуы тиіс. Оның құрамында біздің ғалымдар, археологтар, тарихшылар, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының өкілдері болады.

Елорда әкімінің орынбасарының сөзінше, "Киелі Астана" астана өмірінің бірнеше компоненттерін біріктіреді.

"Киелі карта – бұл бір жағынан, өлке тарихын зерттеудің баға жетпес көзі, екіншіден, өз жеріне, елордасына деген сыйластық пен патриоттық сезімнің қалыптасуына негіз болады. Үшіншіден, туристік кластердің креативті құрамы болуы керек.

Әкімнің орынбасары "Рухани жаңғыр" бағдарламасы бойынша жұмыстарды жандандыру қажеттелігі туралы айтты және бағдарламада көрсетілген барлық бағыттарды жүзеге асыруға бағытталған шараларды белгіледі.

Мұндай шаралардың ішінде "Бозоқ" қалашығына мәдени-ғылыми экспедиция жасау, жас өлкетанушылардың қалалық слеті мен форумы, білім мекемелерінде "Туған жер"– рухани жаңғыру» тақырыбында сынып және кураторлық сағаттар өткізу, тағы да басқалар. 

Сонымен қатар жиналыста Астананың жас патриоттар клубы мен қаланың "Рухани жаңғыру" шығармашылық интеллигенциясының кеңесін құру айтылды. Топ құрамында мәдениеттанушылар, тарихшылар, өнер қайраткерлері, археологтар, және қаланың талантты, жасампаз жастары болады.


Жаңалықтар
0