Экономика

Алакөл маңындағы әуежай алғашқы туристерді қабылдады

© Photo : акимат Восточно-Казахстанской областиАлакөл көлі
Алакөл көлі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгін Алакөл көлінің маңында салынған жаңа әуежай өзінің алғашқы жолаушыларын қабылдады

АСТАНА, 21 шілде – Sputnik. Бүгін Алматы облысы Үшарал қаласының әуежайы ашылып, әуежайға Астанадан алғашқы рейспен демалушылар ұшып келді, деп хабарлайды Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Ұшақ, архивтік сурет - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Мұхамедиұлы Алакөлдегі әуежайдың қашан ашылатынын айтты

Облыстық жолаушы көлігі жəне автомобиль жолдары басқармасының басшысы Е. Жасыбаевтың айтуынша, əуежайдың құрылысына облыстық бюджеттен 1 миллиард теңгеден астам қаржы бөлініп, құрылысын  "ASD Group" ЖШС мердігер мекемесі жүргізген. Мұнда "Жетісу" авиакомпаниясы қызмет көрсетеді. Енді Үшарал әуежайы аптасына төрт рет "Астана-Үшарал-Астана" және үш рет "Талдықорған – Үшарал – Талдықорған" бағытындағы әуе рейстерін қабылдайтын болады. Бұл рейстерді субсидиялауға республикалық және облыстық бюджеттен 177,2 млн.теңге қаржы бөлінді. 

Атап өтсек, Астанадан ұшатын рейстің құны 16 мың теңгеден, Талдықорған рейсі 8 мың теңгеден.

"Бүгін бәріміз үшін — тарихи күн. Елбасының облысымызға 2014 жылы іссапармен келгенде берген тапсырмаларының бірі — Алакөл көлінде туристік саланы дамыту болатын. Соған сәйкес өңірде туристік инфрақұрылым қарқынды дамып, заманауи туристік нысандар, қонақ үйлер көптеп салынуда. Соның нәтижесінде Алакөлге елімізбен қатар ТМД-дан, тіпті алыс шетелдерден де демалуға азаматтар келіп жатыр. Алакөлдің туристік потенциалы зор. Жаңа әуежайдың ашылуы туристік саланың одан әрі дамуына тың серпін береді деп ойлаймын", — деді Амандық Баталов. 

2016 жылы Алакөлде 452 мыңнан астам адам демалса, биылғы жылы 500  мыңнан астам демалушы келеді деп күтіліп отыр.


Жаңалықтар
0