Кемероводағы "Зимняя вишня" сауда және ойын сауық орталығында жексенбі күні кешке басталған өрт 60-тан астам адамның өмірін қиды. Өрт балалар ойын залы мен кинозалдар орналасқан жоғарғы қабаттан бастап тараған. Адамдар ғимараттан шыға алмай, түтінге тұншығып қалған.