Видео

Губернатор Аман Төлеев не үшін қызметінен кететінін түсіндірді – видео

Жазылу
Аман Төлеев видео үндеуде отставкаға кетуге не үшін шешім қабылдағанын түсіндірген. Кемерово облысы губернаторының қоштасу сөзі жазылған бейне өңір билігінің ресми Youtube арнасында жарияланды

Аман Төлеев сөзін Кемероводағы қайғылы оқиғаны еске алып бастады.

Аман Төлеев - Sputnik Қазақстан
Кемерово облысының губернаторы қызметінен кетеді

"Құрметті кузбастықтар, мен қолымнан келгеннің бәрін жасадым: қаза тапқандардың отбасымен кездесіп, оларға жәрдем беру мәселесін шешуге тырыстым. Тағы да қайғырып көңіл айтамын. Бірақ тірі адам тіршілігін жалғастыруы керек. Жоғалтқан жақындарымызды мәңгі жадымызда сақтап өмір сүреміз. Өрттің себебін Ресейдің құқық қорғау органдары анықтап жатыр", — деді Төлеев.

Ресей президенті Владимир Путинге отставкаға кету туралы жазған өтінішін губернатор осы қайғылы оқиғамен байланыстырды.

"Мұндай ауыр қайғымен губернатор лауазымында қызметімді жалғастыру – мүмкін емес. Отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін. Баршаңызды, біздің туған жерімізді Құдайым бір өзі сақтасын", — деді Төлеев Кемерово облысы тұрғындарына арналған сөзінде.

РФ президенті Владимир Путин Кемерово облысы губернаторы Аман Төлеевтің мерзімінен бұрын қызметінен кетуі туралы жарлыққа қол қойды.

Жаңалықтар
0