Қоғам

Отставкаға кеткен Төлеев резиденциясы мен ай сайынғы төлемақысын сақтап қалады

© Sputnik / Александр КряжевАман Төлеев
Аман Төлеев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кемерово облысының басшысы жексенбі Владимир Путинге өз еркімен отставкаға кетуге өтініш жазды

АСТАНА, 2 сәуір — Sputnik. Аман Төлеевке "Халық губернаторы" құрметті атағын беру туралы заң күшін жойған жоқ. Бұл туралы Ресей президентінің Сібір федералдық округі бойынша өкілетті өкілі Сергей Меняйло хабарлады, деп жазады РИА Новости. 

Аман Төлеевтің бейне үндеуі - Sputnik Қазақстан
Видео
Губернатор Аман Төлеев не үшін қызметінен кететінін түсіндірді – видео

Заңға сәйкес, Кемерово облысының бұрынғы басшысы резиденциясы мен қызметтік үй-жайын, көмекшісі мен ай сайынғы төлемақысын сақтап қалады. 

"Заң қабылданды, ол бүгінде күшін жойған жоқ", — деп мәлім етті Меняйло журналистердің сұрағына жауап бере отырып. 

Жексенбі Кемерово облысының губернаторы Аман Төллев 64 адам қаза тапқан "Зимняя вишня" сауда орталығында шыққан өрттен кейін отставкаға кетті. Ол өңір тұрғындарына арнаған бейнеүндеуінде бұл шешімнің саналы түрде жасалғанын және ең дұрысы екенін мәлім етті. 

Аман Төлеевке "Халық губернаторы" құрметті атағын беру туралы заң 2011 жылы желтоқсанда қабылданған. Құжатқа сәйкес оған 50 мың рубль көлеміндегі ай сайынғы төлемақы тағайындалды, бұл сома жыл сайын инфляция деңгейіне байланысты индекстеледі. 

Бұдан бөлек, бұрынғы губернаторға қоғамдық қызметін іске асыру үшін көмекші мен қызметтік орын беріледі. 


Жаңалықтар
0