АСТАНА, 26 наурыз — Sputnik. Ресейдің Кемерово қаласындағы сауда ойын-сауық орталығынан шыққан өрттен қаза тапқандардың саны 48 адамға жетті, деп хабарлады РИА Новости төтенше жағдай орнындағы жедел штабтың өкіліне сілтеме жасап.
"Нақтыланған дерек бойынша, "Зимняя вишня" СОО-дағы өрт кезінде 48 адам қаза тапты", — деді ол.
Қаза тапқандардың арасында Кемерово облысының губернаторы Аман Төлеевтің туысы бар болып шықты.
"Сауда орталығындағы өрттен қаза тапқандардың бірі губернатор Аман Төлеевтің 11 жасар туысы екені белгілі болды ", — деді өңірлік әкімшіліктің өкілі.
Естеріңізге сала кетейік, жексенбі күні Кемероводағы "Зимняя вишня" сауда ойын-сауық орталығынан өрт шыққан болатын.