Әлем

Кемероводағы өрт кезінде Қазақстан тумасы қаза тапты

Жазылу
Әйел адам Ақмола облысында туған, екі жыл бұрын Ресей азаматтығын алыпты

АСТАНА, 27 наурыз — Sputnik. Қазақстанның тумасы Марина Баранова Кемероводағы өрт кезінде қаза тапты.

57 жастағы әйел жексенбі күні "Зимняя вишня" сауда және ойын-сауық орталығында болған.

мәйітхана, архив - Sputnik Қазақстан
Әлем
Кемеровода қаза болғандардың нақты санын білу үшін тұрғындар мәйітханаларды тексерді

"Қаза тапқан әйел Баранова Марина Ивановна 1960 жылы 3 мамырда туған, ұлы Баранов Дмитрий Николаевичтің айтуынша, Ақмола облысының тумасы екен, 2016 жылы Ресей азаматтығын алып, Кемерово қаласына тіркеліп, тұрып жатқан", – деп хабарлайды Омбыдағы Қазақстан консулдығы.

Павлодар әкімдігі Sputnik Қазақстанға хабарлағандай, Марина Баранова "Павлодар-Су арнасы" ЖШС ұйымында жұмыс істеген. Әйел адам 2 сәуірге дейін демалыста болыпты.

Бастапқы мәліметтер бойынша, өрт кезінде қызы мен немерелері де қаза тапқан. Құрбандар қатарында 12 жастағы Артем Баранов пен 8 жастағы Арина Баранова аталды.

25 наурыз күні "Зимняя вишня" сауда орталығында 64 адамның өмірін қиған жойқын өрт шықты.  

Жалын бірнеше кинозал мен балалар ойын алаңы орналасқан жоғарғы қабаттан басталған. Қалың түтін көзді ашып-жұмғанша бүкіл ғимаратты алып кетеді.

Болжамдарың бірінше, ойын залында жасөспірімдердің поролон текшелерді жағып жіберуі өртке себеп болған.

Жаңалықтар
0