03:01 01 Желтоқсан 2021
Тікелей эфир
  • USD434.16
  • EUR493.29
  • RUB5.81
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
1197 0 0

Қыздың үйіне екі ер адам – танысқан жігіті мен оның досы келген. Артынан тағы екі ер адам кірген

НҰР-СҰЛТАН, 22 қараша – Sputnik. Қызылордада ер адам достарымен бірге әлеуметтік желі арқылы танысқан шымкенттік қызды тонап кетті.

20 қараша күні сағат 06:27-де Қызылорда қаласының полиция басқармасына Шымкент тұрғыны арызданған. Айтуынша, қызылордалық жігіт оның үйіне келіп, қорқытып, ұялы телефоны мен ақшасын тартып алған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 191-бабы 2-тармағы 1-тармақшасы (Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тергеу барысында жәбірленуші әлеуметтік желіде бір азаматпен танысып, оны өз үйіне шақырғаны анықталды. Шамамен 30 минуттан кейін қыздың үйіне екі ер адам – танысқан жігіті мен оның досы келген. Артынан тағы екі ер адам кірген. Төртеуі қосылып, қызды қорқытып, ұялы телефоны мен ақшасын тартып алып кеткен.

Жедел іздестіру шаралары кезінде полиция қаланың екі тұрғынын "ізін суытпай" ұстады. Олардан заттай айғақтар тәркіленді. Күдіктілер өз кінәсін толығымен мойындады, қамауға алынды.

Қазіргі таңда олардың сыбайластары іздестірілуде.

Оқи отырыңыз: 

Кілт сөздер:
Қызылорда, Шымкент, қыз, полиция, тонаушылар, әлеуметтік желілер, видео
Загрузка...

Басты тақырып