Өңірлер

Алматы облысында жеке үйге маска киген бір топ адам баса-көктеп кірді

© Photo : Pixabay / TheDigitalWayВзломщик
Взломщик - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.11.2021
Жазылу
Маска киген қылмыскерлер жеке үйге кіріп, үй иесін ұрып-соғып, қымбат зергерлік бұйымдарды алып кеткен

ТАЛДЫҚОРҒАН, 2 қараша – Sputnik. Алматы облысында жеке үйге баса-көктеп кірген бір топ күдікті ұсталды, деп хабарлады өңірдегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицияның мәліметінше, қылмыс 27 қазан күні түнгі сағат 12 шамасында Іле ауданының Көкқайнар ауылында жасалған. 32 жастағы әйелдің айтуынша, түнде оның жеке үйіне маска киген бірнеше адам кіріп келіп, қарумен қорқытып, ұрып-соғып, әшекей бұйымдарын ұрлап кеткен.  

Жедел тергеу тобы дереу оқиға орнына келіп, 35 пен 53 жас аралығындағы төрт ер адамды ұстады. Күдіктілердің үшеуі алматылық болса, бірі қала сыртындағы елді мекеннің тұрғыны екені анықталды.

"Ұсталғандардың барлығы өз кінәсін толық мойындады. Олардың үшеуі бұрын сотталып, жазасын өтеген", - деді Іле ауданы полиция басқармасының бастығы Марат Күштібаев.

Қазір Қазақстан Қылмыстық кодексінің 192-бабы 3-бөлімі (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ведомство заттай айғақтар – 16-калибрлі аңшы мылтығы мен зергерлік бұйымдар тәркіленіп, іс материалдарына тіркелгенін атап өтті.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0