17:36 27 Қаңтар 2022
Тікелей эфир
  • USD434.34
  • EUR490.24
  • RUB5.50
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
1867 0 0

Ер мен әйелдің кездесіп жүргені, пәтер жалдап, бірге арақ ішкені анықталды. Мас  болып қалған еркек сүйіктісін қызғаныштан өлтірген

НҰР-СҰЛТАН, 11 қазан – Sputnik. Оралдық полицейлер кісі өлтірді деген күдікпен ер адамды ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.

Оқиға 5 қараша күні қаладағы шағын аудандардың бірінде болған. Жалдамалы пәтерден көптеген пышақ жарақаты салынған 40 жастағы әйелдің денесі табылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

"Жедел іздестіру іс-шаралары барысында 42 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды. Аталған екеудің кездесіп жүргені, пәтер жалдап, бірге арақ ішкені анықталды. Мас  болып қалған ер адам сүйіктісін қызғаныштан өлтірген", - деді Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Нұрғожин.

Қазіргі таңда Қазақстан Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігіне (Адам өлтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Дәл осыған ұқсас қылмыс Алматыда да болды. 18 жастағы қызды жігіті өлтіріп, өртеп жіберген.

Жалдамалы пәтерге жігітімен келген бойжеткен туған әпкесіне кешкі жеті шамасында "құрбымның үйінде түнеймін" деп жазып жіберген. Алайда біршама уақыт өткеннен кейін "ұрып жатыр" деп бір ауыз сөз жазып үлгеріп көмек сұраған.

Оқи отырыңыз:

Кілт сөздер:
жалдамалы баспана, қылмыс, қызғаныш
Загрузка...

Басты тақырып