НҰР-СҰЛТАН, 22 қараша – Sputnik. Қызылордада ер адам достарымен бірге әлеуметтік желі арқылы танысқан шымкенттік қызды тонап кетті.
20 қараша күні сағат 06:27-де Қызылорда қаласының полиция басқармасына Шымкент тұрғыны арызданған. Айтуынша, қызылордалық жігіт оның үйіне келіп, қорқытып, ұялы телефоны мен ақшасын тартып алған, деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 191-бабы 2-тармағы 1-тармақшасы (Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жедел іздестіру шаралары кезінде полиция қаланың екі тұрғынын "ізін суытпай" ұстады. Олардан заттай айғақтар тәркіленді. Күдіктілер өз кінәсін толығымен мойындады, қамауға алынды.
Қазіргі таңда олардың сыбайластары іздестірілуде.