Астанадағы жер үйлердің бірінде шыққан өрттен бір отбасының бес баласы қаза тапты. Қайғылы оқиға 4 ақпанға қараған түні болды. Тілсіз жау туралы хабар өрт сөндіру қызметіне сағат 02.24 түскен, өрт сөндірушілер жалынды 50 минуттан кейін сөндірді. Жанып кеткен үйден 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылы туған балалардың денесі табылған. Көз жұмған балалардың барлығы – қыздар, ең кішісінің туғанына үш ай ғана болған. Осы оқиғаға байланысты Астана әкімі шұғыл кеңес өткізіп, құзырлы органдарға оқиғаның мән-жайын анықтауды және отбасына көмек көрсетуді тапсырды. Кейін ішкі істер министрінің орынбасары өрттің алдын ала себебін атады. Айтуынша, пешті жағу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмаған. Толығырақ Sputnik Қазақстан материалдарынан оқыңыз. 

На месте пожара, в котором погибли пятеро детей - Sputnik Қазақстан
Материал
Керек уақытты таңдау
Тағы 20 материал
  • Бір апта ішіндегі
  • Бір ай ішіндегі
  • Бір жыл ішіндегі
  • Осы уақытқа дейінгі
Жаңалықтар
0