Шенеуніктің айтуынша, қазір ведомство мұқтаж отбасылардың саны туралы ақпарат жинап, қолдау көрсетуді жетілдіру мақсатындағы ұсыныстарды қарастырып жатыр.
Әбілқасымова отставкаға кетуі туралы да пікір білдірді.
"Ең күрделі мәселелер біздің министрлікке қарайтындықтан, сынды жиі естиміз. Ең бастысы, біз осы сыннан ой түйіп, қорытынды жасаймыз, жағдайды жақсартуға тырысамыз. Алдағы уақытта мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылданады", - деп сендірді ол.
Естеріңізге сала кетсек, бір отбасындағы бес баланың өмірін жалмаған өрт Астанада Көктал-1 ауданында болды. Апалы-сіңлілі бес қыз түнде үйде жалғыз қалған, ата-анасы жұмыста болыпты. Өрт салдарынан 2006, 2009, 2014, 2016 және 2018 жылдары туған бес бала көз жұмды.
Қайғылы оқиғаға қатты қынжылған халық тұрмысы нашар көпбалалы ата-ананың жас балаларын үйге тастап, жұмысқа шығуға мәжбүр болғанына еңбек министрін айыптап, отставкаға кетуін талап етті.
Ал Мадина Әбілқасымованың өзі қайғыдан қан жұтып отырған отбасыға сол күні барып, көңіл айтқан екен, бірақ ауырып жүргендіктен марқұм қыздардың жаназасына қатыспапты. Трагедиядан кейінгі алғашқы түсініктемені оның орынбасары Светлана Жақыпова жариялаған болатын. Министрлік басшысы 6 ақпан күні де үкімет отырысына келмеді.
Кейін орталық коммуникациялар қызметіндегі Мадина Әбілқасымова қатысуы тиіс брифинг басталар алдында кейінге қалдырылды.