Қоғам

Назарбаев өрттен қаза болған бес баланың ата-анасына көңіл айтты

© Sputnik / Владислав ВодневӨрттен қаза болған қыздарды жерлеу рәсімі
Өрттен қаза болған қыздарды жерлеу рәсімі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент үкімет пен Астана қаласының әкіміне зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетуді тапсырған

АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. Қазақстан президенті Астана қаласындағы өрт салдарынан қаза болған балалардың ата-анасы мен туысқандарына көңіл айтты, деп хабарлайды Ақорда.

"Кеше Астанада ауыр қайғылы оқиға болды. Өрт салдарынан бір отбасы бес бірдей перзентінен айырылып қалды. Қаза болған балалардың ата-анасы мен туысқандарына көңіл айтамын", - деді мемлекет басшысы.

Қалмұханбет Қасымов - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Бес баланың ата-анасына қатысты қылмыстық іс қозғала ма - министр жауап берді

Осыған байланысты президент үкімет пен Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтановқа зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетуді тапсырғанын айтты.

"Барлық өңірдің әкімдері құзырлы органдармен бірлесіп, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бақылауды күшейтуі керек, сондай-ақ тиісті тексерістер ұйымдастырып, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет. Мұндай жағдай қайталанбас үшін барлық тиісті шараларды қабылдаған жөн", - деді Назарбаев.

Тағы оқыңыз: Үкімет көпбалалы отбасыларға көрсетілетін көмекті жетілдірмекші

Жаңалықтар
0