Қоғам

"Ешкімнің басына бермесін" Сағынтаев марқұм балалардың ата-анасына көңіл айтты

© Photo : primeminister.kzҮкімет отырысы
Үкімет отырысы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астана әкімі Бақыт Сұлтанов әкімдік тарапынан барлық көмек көрсетіліп жатқанын жеткізді

АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев үкіметтің кезекті отырысында Астанадағы жойқын өрттен қаза болған бес қыздың ата-анасына көңіл айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Жантүршігерлік жағдай, бір отбасының басына түскен ауыр қайғы. Айдың-күннің аманында бес бірдей баласынан айырылып қалған ата-анасына Құдай күш-қуат берсін дейміз. Марқұм болған балалардың ата-анасына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Алла мұндай жағдайды енді ешкімнің басына бермесін деп тілейік", - деді Сағынтаев үкімет отырысын бастамас бұрын.

Астана әкімі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, бүгінгі күні әкімдік тарапынан барлық көмек көрсетіліп жатыр.

Астанада өрттен бес бала қаза тапты – оқиға орнынан видео - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Апалы-сіңлілі бес қыздың өмірін жалмаған өрт – оқиға орнынан видео

"Атап айтсақ, жерлеу рәсімі, ас беру ұйымдастырылып, материалдық және психологиялық тұрғыда көмек көрсетілуде. Тиісті комиссия құрылды. Қазіргі күні ата-аналармен де жұмыс істеп жатырмыз", -деді Сұлтанов.

Ол мұндай қайғылы жағдайлар қайталанбас үшін жүйелі түрде жұмыстар жасалып жатқанын атап өтті.

"Күннің күрт суытуына орай жер үйлерде пеш жаққаннан кейін өрт шығу қатерлері артуда. Сондықтан мұның алдын алу үшін аудан әкімдері, төтенше жағдайлар департаменті, полиция департаменті басшыларына бірлесіп, түнгі рейд жұмыстарын жүргізу тапсырылды. От жағып отырған жер үйлердің тұрғындарына өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді", - деп есеп берді әкім.

Астанадағы өрт: бес баланың өмірін қиған жантүршігерлік оқиғаның мән-жайы

Ал ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов өрттің шығу себебін атады.

"Пеш жаққанда қауіпсіздік ережелері сақталмаған, өрт содан шығып отыр. Балалар түнгі уақытта қараусыз қалған... Қазіргі уақытта мұндай жағдайлар аз емес. Жылыту маусымы өткен жылдың 15 қазанында басталды, содан бері өрт оқиғалары біршама азайды. Ең бастысы қаза болғандардың саны азайды. Алайда улы газдан қаза болғандар саны 12 процентке артып отыр. Жыл сайын біздің өртке қарсы қызмет профилактикалық шаралар жүргізеді", - деді ол.

Министрдің айтуынша, соңғы бірнеше айда ТЖ қызметкерлері 1 миллион 700 мың жеке үйді аралап, 4 миллион адаммен кездесіп, өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндірген.

Астанадағы жойқын өрттен қаза тапқан бес қыздың ата-анасы туралы белгілі болды

Қайғылы оқиға Астанада Көктал-1 тұрғын үй алабындағы жер үйлердің бірінде 4 ақпанға қараған түні болды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына хабар түскеннен кейін жеті минуттан соң жетті, бірақ үй толығымен өртеніп кетті. Жанып кеткен үйден 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылы туған балалардың денесі табылды. Көз жұмған балалардың барлығы – қыздар, ең кішісінің туғанына үш ай ғана болған. 

Өрт шыққан кезде балалардың ата-анасы екеуі де жұмыста болған – әйел пластикалық карта шығаратын зауытқа түнгі ауысымға барады, ал отағасын техникалық қызмет көрсету станциясына (СТО) жұмысқа шақырып алған.

Жаңалықтар
0