Сәтпаев: Қазақстан үшін қытайлық несиеге байланып қалмау маңызды

© Sputnik / Серикжан Ковланбаевсаясаттанушы Досым Сәтпаев
саясаттанушы Досым Сәтпаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қытай – Астананың инфрақұрылымдық жобаларын қаржыландыруға дайын ең ірі қазақстандық инвесторлардың бірі. Бұл ретте қалай қытайлық инвестицияға байланып қалмауға болады?

АСТАНА, 7 маусым — Sputnik. Сергей Ким. Қытаймен экономикалық кеңістікте Қазақстанға қатаңдық таныту қажет деп санайды танымал қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев. Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) саммиті қарсаңында саясаттанушы Sputnik Қазақстанға берген сұхбатында неліктен қытайлық "Жібек жолы Экономикалық белдеу" жобасы аясында ШЫҰ-ның Қазақстан үшін қызықты екенін және тиімді шарттарда инвестиция тарту үшін Аспан асты елімен қалай "саудаласуға" болатыны туралы айтты. 

- Астанада бүгін-ертең өткелі жатқан ШЫҰ саммиті несімен қызықты?

Сабыр Имандосов - Sputnik Қазақстан
Саясат
ШЫҰ: есірткіге қарсы күрес жаңа деңгейге көтеріледі

— 10 жыл бұрын Пекинде болған кезімде қытайлық сарапшылармен сөйлестім, олардың өзінде болашақта Шанхай ынтымақтастық ұйымымен не істеу керек екені туралы мәселе белсенді көтеріліп жатты. Сол кездің өзінде ол миссиясын орындап қойды деп саналатын. Есіңізде болса, ШЫҰ ең алдымен шекаралық проблемаларды шешу үшін құрылған. Шекаралық мәселелер шешілген соң, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер ұйымды өңірлік қауіпсіздікпен айналысатын құрылымға трансформациялауды қалады.

Сондықтан ШЫҰ аясында терроризмге қарсы мазмұнды дамыта бастады. Сол сәтте Қытай, еліне қауіп төндіріп отырған – экстремизм, терроризм және сепаратизм — "үш зұлымдық" тұжырымын ұсынды.

ЭЫҰ  саммиті - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаевты Пәкстанда өтетін ЭЫҰ саммитіне шақырды

Уақыт өте Шанхай Ынтымақтастық ұйымын экономикалық жобаларға қосу қажет деген әңгімелер шыға бастады. Астанадағы саммитке келер болсақ: көтерілуі мүмкін ең қызықты мәселелердің бірі ұйымды кеңейту мәселесі. Үндістан мен Пәкістанның Шанхай ынтымақтастық ұйымына кіргісі келеді деген әңгімелер жүріп жатыр. Бұл жерде белгілі бір артықшылықтар мен кемшіліктер бар. 

Артықшылығы, егерде гипотеза тұрғысынан Үндістан мен Пәкстанды ШЫҰ-ға мүше болды деп елестетер болсақ, онда бұл құрылым автоматты түрде жаһандық сахнада өз салмағын артады: оған төрт ядролық мемлекет кіретін болады. 

- Екінші қырынан, ол кезде Орталық Азия елдерінің "үлесті саяси салмағы" төмендейді деген пікір бар…

Нұрсұлтан Назарбаев пен Ли Кэцянның кездесуі - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев: Қытай Қазақстанның негізгі инвесторы болып табылады

— Иә, кемшілік, мұның аясында Орталық Азия елдері массовка үшін ұсақ қосалқы ойыншылар рөлін атқарып қалатынында. Бірінші скрипканы онда Қытай ойнағысы келеді, бірақ екінші жағынан бұл Үндістанның белгілі бір негативті реакциясын туғызуы мүмкін. Үндістанның таяуда Қытайда өткен "Экономикалық белдеуге" арналған форумға бармай қалуын ескерер болсақ, өйткені ол Қытай кейбір инфрақұрылымдық жобаларын Пәкстанмен даулы аймақтарда жүзеге асырып жатыр деп санайды.

Ал Үндістанның Пәкстанмен қарым-қатынасы нашар екенін ескерсек, бұл екі мемлекеттің ШЫҰ-ға кіруі көптеген кемшіліктер әкелуі мүмкін – қайшылықтар мен алауыздықтар ұйымның қалған мүшелеріне тиімсіз.

Оның үстіне ШЫҰ-ға кіру үшін кезекте Иран тұр. Қазір бұл ел үшін санкциялар жеңілдетілген. Ол гипотеза тұрғысынан ШЫҰ-ға кіре алады. Бірақ Трамптың келуімен, АҚШ Иранмен конфронтация саясатын жалғастыратыны көрініп тұр. Мұның Қазақстан және өзге елдердің мүдделерімен қандай ара-қатынаста болатыны түсініксіз. ШЫҰ АҚШ-пен ренжіскісі келмейді, сондықтан кемшіліктердің артықшылықтардан басым болуы мүмкін. 

-  Еуразиялық одақ пен "Жібек жолындағы Экономикалық белдеу" жобаларының қайшылығы жиі айтылады. ШЫҰ саммиті ресейлік-қытайлық мүдделерінің қайшылығын шешуге арналған алаңға айнала алады ма? Бұл бағытта Астанада өтетін саммит өзекті бола алады ма, өйткені Қазақстан екі жобада да маңызды рөл атқарады.

Зауыт - Sputnik Қазақстан
Экономика
Made in Kazakhstan: Қытай Қазақстанда өндіріс ашады

— Ресей ШЫҰ мүшесі, ал Қытай Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейді. Еуразиялық экономикалық одақ пен ШЫҰ біріктіруге ұмтылу әрекеті  - бұл ресейлік тараптың әрекеті. Әсіресе Батыспен конфронтация, өзара санкциялар мен сауда соғысы басталған кездегі украиналық оқиғалардан кейінгі әрекеттері.

Ресей өзі үшін балама – Қытайдың бар екенін көрсетуге тырысты. Айта кетейін, бұл жерде қызықты жәйт бар, өйткені Батыспен конфронтация аясында Ресей Шығысқа қайта бағдарлануға талпынады. Ал Қытай керісінше, егер назар аударған болсаңыз, "Жібек жолы Экономикалық белдеу" жобасын баламалы транзиттік бағыттарды пайдалана отырып Батысқа қарай бағдарлайды. Бұл осы жобада белгілі бір қайшылықтарға әкеп соқтыруы мүмкін екенін айтады.

Саяси тұрғыдан, Ресей мен Қытайдың белгілі бір мәселелер бойынша ортақ көз қарастары бар, Орталық Азияда АҚШ-тың басшылығымен коалицияның күшеюіне қарсы шығады. Бірақ мәселе экономикалық жәйттар туралы болса, Қытай мейілінше прагматикалық мемлекет ретінде АҚШ пен еуропалық нарықтың маңыздылығын түсінеді. Экономикалық тұрғыдан Қытай, керісінше, Батыспен өзара байланыстың нығаюын қалайды. 

- Ташкентте өткен ШЫҰ саммиті қарсаңында Назарбаев "ШЫҰ-ның аморфтық, қағаз жүзіндегі, бюрократиялық ұйымға айналып кетпеуі үшін" барлық қатысушыларға міндеттер қою қажеттілігі туралы айтты. Бұл қауіптер нақты ма?

Фотовыставка Новый облик и достижения Великого Шелкового Пути - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Қазақстан мен Қытай тарих объективінде

— Түптеп келгенде, иә. Өйткені белгілі бір жүйелі саммиттері өткізіліп тұратын, қандай да бір тәжірибелі бастамасыз әдемі ресми мәлімдемелер жасалатын "үйлену той генералы" ұйымына айналып кетеді деген қауіптер болды. Асылында, қазіргі таңда, ШЫҰ-ны қауіпсіздікпен айланыстын құрылым ретінде Қытай қолдап, дамытып отырады, ал экономикалық тұрғыдан "Жібек жолы" жобасына өтетін болады.  

-  "Нұрлы жол" бағдарламасының қытайлық жобамен түйіндесуі қызықтырады. Сіздің пікіріңізше, өзгенің тұжырымына дайынды ұсынғанша, ортақ қазақстандық-қытайлық аралық бағдарлама жасау тиімді емес пе еді?

Жүк вагондары - Sputnik Қазақстан
Экономика
Қазақстан Қытай арқылы Вьетнамға астық жөнелтті

— Бұл жерде "Нұрлы жол" бағдарламасын жүзеге асыру үшін алып қытай инвестицияларына қол жеткізу қалауы болды. Бұл бағдарламаның Қазақстан үшін қаржылық-экономикалық дағдарыс кезеңінде қабылданғанын ұмытуға болмайды. Сол кезде мемлекет басшысы да Ұлттық қордан қаражат алуды қысқартып, үкіметке жаңа қаржы көздерін іздеу қажеттігін мәлімдеген… 

- Яғни мақсаттар  таза прагматикалық қой?

— Таза прагматикалық мақсаттар. Қазақстан "Нұрлы жол" мен "Жібек жолын" біріктіріп, қытайлық инвестицияға қол жеткізбек болды. Оның үстіне Аспан асты елі, таяуда, жоба аясында Орталық Азия елдері үшін қыруар қаржы жаратуға дайын екенін мәлімдеген. Біздің прагматизміміз жеке инфрақұрылым жобаларын қытай инвестициясын тартумен жүзеге асыруда болған. Өйткені біз түсінікті себептермен батыс инвестицияларын күте алмаймыз – ол жақта да экономикалық жағдай мәз емес.

Нурсултан Назарбаев и Си Цзиньпин - Sputnik Қазақстан
Саясат
Елбасы Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастарды үлгі етті

Бұл жерде қытайлық несиеге байланып қалғымыз келіп отыр. Мәселе басқада: Қазақстанның қытайлық инвесторлармен жұмыс істеуде қаншалықты өзінің мүдделерінде қатаң қорғай алуында. Қытай инвестициялық саясатының қаншалықты қатаң екенін барлығы түсінеді. ҚХР бұрыштың басына өз мүдделерін қояды. Егер инвестиция құйып, несие берсе, онда оны қатаң шарттарда жасайды.

Бұл жерде Қазақстан үшін қандайда бір инвестициялық тәуелділікке кіріп қалмай, бұл біздің ұлттық экономикалық мүдделерімізбен келісілетін болса ғана Қазақстан белгілі бір бағыттарды қолдауға дайын екенін көрсете білуі тиіс.

Әскери қызмектерлер - Sputnik Қазақстан
Саясат
Қазақстандық әскери қызметкерлер ШЫҰ аясында Қытайда жаттығуда

Айта кетейік, бұл жоба қауіпсіздік тұрғысынан Қытай үшін аса маңызды. Қытайдың Шыңжан Ұйғыр автономиялық ауданына мол қаражат салайын деп жатқаны ешкімге жасырын емес.  Өйткені ол жерде Қытай үшін жеткілікті дәрежеде қауіпті өңірдің экономикалық дамуына ықпал етеді. Бұл тұрғыда Қазақстан мен Өзбекстанның Орталық Азияда қауіпсіздікті қамтамасыз ете алатын өзекті мемлекет болып табылатыны түсінікті.

Ал Қытай үшін Шыңжандағы қауіпсіздік аса маңызды. Пекин біздің өңіріміздегі шиеленістің Қытайдың өзіне соққы келтіруі мүмкін екенін түсінеді. Бұл тұрғыдан, меніңше, белгілі бір дәрежеде кейбір нәрселерге көнуге тырысады. 


Жаңалықтар
0