ШОС: борьба с наркотиками выходит на новый уровень
ШЫҰ бас хатшысының орынбасары Сабыр Имандосов айтып өткендей, Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің күш қуатын шоғырландырып, әрі қарай ынтымақтасуға жағдай жасайтын ШЫҰ-ның 2017-2021 жылдарға арналған есірткіге қарсы стратегиялары талқыланып қабылданды.
"Бүгін өткен отырысты ШЫҰ-ның басты оқиғасы — Астанада маусым айында өтетін мемлекеттік басшылар отырысына дайындық барысындағы кезеңдердің бірі деп санаймыз. Сол себепті бүгінгі қабылданған шешім ұйымымыздағы басқа да іс-әрекеттерді толықтыратын болады", — деп түсіндірді Имандосов.
ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыповтың төрағалығымен өткізілген отырысқа ШЫҰ-на мүше елдердің делегация басшылары қатысты.