АСТАНА, 6 сәуір — Sputnik. Ұлы Жібек жолы мен қазақ-қытай қарым-қатынасының тарихы фотокамералар призмасы арқылы қазақстандықтардың назарына ұсынылды. Алматыда "Ұлы Жібек жолының жаңа бейнесі мен жетістіктері" атты көрме ашылды.
Кәсіби фотографтар мен әуесқойлардың 70-тен астам жұмысы көрермендерді Қытайдың бай мәдениеті, өнері мен салт-дәстүрлерімен таныстырады.
Көрме үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде жұмыстар "Жаңа бейне" тақырыбымен біріктірлген. Бұл жерде фотографиялар өткенге — Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихына әкетеді. Ол дәуір 2 мың жыл бұрын пайда болып, Шығыстың да Батыстың да мәдениетінде өз ізін қылдырды.
Екінші бөлім "Бірлескен құрылыс пен пайдалану" 25 жұмыстан тұрады. Ол жұмыстар Қазақстан мен Қытайдың тығыз және ынтымақтастығы қатысты болды.
Үшінші бөлім "Бірге тұрып, бірге даму" мәдениет және өнер саласында елдер арасындағы байланыстарды қамтиды.