Саясат

Қазақстандық әскери қызметкерлер ШЫҰ аясында Қытайда жаттығуда

© Photo : Минобороны РКӘскери қызмектерлер
Әскери қызмектерлер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әскери қызметкерлер оқ атусыз қаруды қолдану, оқ атуды бастаусыз үш нүктедегі қарудың үш түрін, сонымен қатар, таулы-атқыш дайындығын жетілдіреді.

АСТАНА, 2 жел — Sputnik. Қазақстанның әскери қызметшілері ШЫҰ елдері бөлімшелерінің бірлескен жаттығуына қатысуда Қытайдағы Корла қаласы оқу-жаттығу базасының спорт кешенінде Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберінде әскери қызметшілердің бірлескен таулы-атқыш жаттығуы өтуде, деп хабарлайды Қорғаныс министрілігінің баспасөз қызметі 

Оған Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің бөлімшелері қатысуда. Қазақстан Қарулы Күштерінің намысын саны 28 адамнан құралған әскери қызметшілер қорғауда.

Бүгінгі күні бірлескен жаттығуға қатысушылар оқу-жаттығу базасының инфрақұрылымымен танысып үлгерді және бөлімшелер құрамында қарумен 5 000 метрге жүгірді. Одан кейін әскери қызметшілер толық жауынгерлік жарақтандыруда 100 метр қашықтықтағы қоршауды бұзып өту бойынша көрсетпелі әдістемелік сабаққа қатысты.

Бұдан өзге, бірлескен жаттығу бағдарламасы оқ атусыз қаруды қолданудың тактикалық негіздерін, оқ атуды бастаусыз үш нүктедегі қарудың үш түрін, сонымен қатар, әскери қызметшілердің таулы-атқыш дайындығын жетілдіруге бағытталған бірқатар практикалық сабақтарды қамтиды.  

 

Жаңалықтар
0