Денсаулық

Балалар семіздігі: себептері мен емдеу жолдары

Семіздік проблемасының жыл сайын өзектілігі артып жатыр. Артық дене салмағы және онымен байланысты асқынулар ересектерде ғана емес, балаларда да кездеседі және жыл сайын науқас саны ұлғаюда.
Sputnik
Соңғы мәліметтерге сәйкес, Ресейде әрбір оныншы бала, ал АҚШ-та әрбір бесінші бала артық салмақтан зардап шегеді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы дерегі бойынша, Қазақстанда 6-9 жас аралығындағы балалардың 21%-ында артық салмақ бар, яғни семіздікке шалдыққан.
8 жастағы қыздар үшін бұл көрсеткіш шамамен 18%-ды құрайды және 2015 жылдан бері бұл көрсеткіш еш өзгеріссіз тұр. Ұлдар арасындағы қарқын әлдеқайда алаңдатарлықтай. 2015 және 2020 жылдар аралығында 8 жастағы ұлдар арасында артық салмақ пен семіздіктің таралуы 5%-дан 24%-ға дейін артқан.
Денсаулық
Қызылша ауруы: пайда болу себептері мен емдеу жолдары

Семіздік ауру ма?

Балалар семіздігі дамыған елдерде де, дамушы елдерде де эпидемиялық деңгейге жетті. Бала кездегі артық салмақ физикалық және психологиялық денсаулыққа айтарлықтай әсер етеді. Артық салмағы бар және семіздікпен ауыратын балалар ересек кезде де бұл проблеманы шеше алмаған күйде өмір сүруге мәжбүр.
Семіздіктің даму механизмі толық зерттелмеген, өйткені бұл аурудың көптеген себебі бар. Қоршаған орта факторлары, өмір салты және мәдени орта бүкіл әлемде семіздіктің таралуында шешуші рөл атқарады. Артық салмақ пен семіздік көбінесе калория мен майдың көп тұтынылуының салдарынан болады. Сонымен қатар алкогольсіз сусындардағы қантты шамадан тыс тұтыну, тамақ мөлшерінің ұлғаюы және физикалық белсенділіктің тұрақты төмендеуі семіздік деңгейінің өсуінде үлкен рөл атқаратынын растайтын дәлелдер бар.
Семіздік баланың физикалық денсаулығына, әлеуметтік және эмоционалдық күйіне және өзін-өзі бағалауына елеулі әсер етуі мүмкін. Бұл сондай-ақ оқуда нашар үлгерімге және балалардың өмір сүру сапасының төмендеуіне әкеледі. Семіздік салдарынан метаболикалық, жүрек-қан тамырлары, ортопедиялық, неврологиялық, бауыр, өкпе және бүйрек аурулары сияқты көптеген ілеспелі дерттер де байқалып жатыр. Сондықтан артық салмақ пен семіздікті де ауру деп қарастырады.
Денсаулық
Жүктілік кезіндегі жіті респираторлық вирустық инфекция туралы не білу керек

Балалар мен жасөспірімдер семіздігінің себептері

Дәрігерлер балалардың семіздікке ұшырауының негізгі себебі тағамнан көп мөлшерде калория тұтыну екенін айтады. Көп адам баланың беті томпайып, аяқ-қолы тырсылдап тұратындай салмағы болғанын дені сау екенінің белгісі деп түсінеді. Сондықтан олар үнемі баланы тамақтандыруға тырысып, негізгі тамаққа қосымша ретінде печенье, тәттілер, нан өнімдерін беруге дағдыланған.
Дәрігерлер балаларда артық салмақтың ең көп тараған себебі энергия қажеттілігінен асатын мөлшерде тағам тұтыну, яғни көп тамақ жеу деп санайды. Яғни, зиянды, пайдасыз тағамдарды, жоғары калориялы тағамды көп тұтыну.
Денсаулық
Күйзеліс гормоны: кортизол туралы не білеміз
Семіздіктің негізгі себептері:
Дене белсенділігінің болмауы;
Күн режимінің бұзылуы, ұйқының ретсіздігі;
Жұқпалы аурулар;
Зат алмасудың бұзылуы;
Жасөспірім қыздардың гормоналды препараттарды ұзақ уақыт қабылдауы;
Жиі болатын күйзеліс;
Семіздіктің жіктелуі.
Денсаулық
Дисбактериоз: себептері мен белгілері
Аурудың себептеріне байланысты семіздіктің түрлері:
Бастапқы семіздік (Алиментарлы-конституциялық). Конституциялық семіздік (тұқым қуалаушылықпен байланысты) және алиментарлық (тамақ өнімдерін шамадан тыс тұтыну).
Екінші реттік семіздік. Туа біткен және басқа эндокриндік аурулар болған кезде пайда болады.
Гипоталамустық семіздік – гипоталамустағы ісіктерден дамиды. Гипоталамустық синдром балалардағы семіздіктің және эндокриндік-зат алмасу патологиясының ең көп таралған түрі ретінде танылған.
Аралас семіздік.
Дегенмен балалардағы семіздік әдетте екі санатқа бөлінеді: бастапқы (алиментарлық) және екінші реттік.
Денсаулық
Остеохондроз: пайда болу себептері мен емдеу жолдары
Бастапқы семіздік кезіндегі негізгі себептері мыналар:
Дұрыс тамақтанбау:
егер бала тұратын отбасы тұтынатын тағамдар майлар мен жылдам көмірсуларға бай және жоғары калориялы болса;
егер отбасында ыдыс босағанша тауысып тамақтану әдетке айналған болса;
егер балаға негізгі тағамды жегеннен кейін тәтті беруге тұрақты ынталандырылса;
егер "анаң үшін бір қасық, әкең үшін бір қасық" деген сипатта баланы көбірек тамақтандыратын болса, онда мұндай баланың семіздікке ұшырау ықтималдығы әр тамақтану сайын артады.
Гиподинамия көбінесе жоғарыда аталған тамақтанудағы теңгерімсіздікпен қатар жүреді. Физикалық белсенділіктің аз болуы баланың семіруіне әкеледі.
Денсаулық
Тағамдық аллергия: неден туындайды және қалай емдейді
Екінші реттік семіздік кезіндегі негізгі себептері мыналар:
Екінші реттік семіздік – басқа аурудың немесе тұқым қуалайтын бейімділіктің салдары. Семіздікті тудыратын патологиялардың арасында мыналар бар:
Жүктілік кезінде әйел адамда гестациялық қант диабетінің болуы;
Әйелдің бойына бала біткен кезде болашақ ата-аналардың семіз болуы;
Коэн, Лоуренс-Мун-Бидл, Прадер-Вилли синдромы сияқты туа біткен генетикалық аурулар;
Әр түрлі, соның ішінде туа біткен эндокринопатиялар, қалқанша безінің, гипофиздің және жыныс бездерінің бұзылысы.
Сондай-ақ, бір жасқа дейінгі баланың семіздігіне ана сүтінен жасанды тамақтандыруға көшу де себеп болуы мүмкін.
Денсаулық
Псориазды емдеу және алдын алу жолдары

Семіздікті емдеу жолдары

Балалар мен жасөспірімдер семіздігін емдеу, оның себебіне қарамастан дәрігерлердің ғана емес, сонымен бірге баланың ата-анасының да қатысуын талап ететін күрделі және ұзақ процесс. Әрбір отбасы мүшесі барлық белгіленген іс-шаралардың маңыздылығын түсініп, диетолог пен басқа мамандардың нұсқауларын орындауы маңызды. Сондықтан ата-анаға, барлық отбасы мүшелеріне балаға дұрыс үлгі көрсетіп, салауатты өмір салтына көшу маңызды.
1 және 2 дәрежелі семіздікті емдеуге арналған заманауи клиникалық ұсыныстарға ең алдымен диета және физикалық белсенділік жатады. Баланың зат алмасу қызметі ересек адамға қарағанда әлдеқайда қарқынды жұмыс істейді. Сондықтан негізгі тамақтану ережелерін сақтаса, жақсы нәтижеге жылдам жетуге болады.
Денсаулық
Асқазан-ішек жолдары аурулары: белгілері мен емдеу жолдары
Артық салмағы бар баланың диетасы мына ережелерге негізделеді:
тәтті және майлы, тұзды тағамдарды аз жеу;
жеткілікті мөлшерде таза су ішу;ү
соңғы тамақты ұйқыға жатқанға дейін 3 сағат бұрын жеу;
фастфуд, газдалған сусын, чипстер секілді зиянды астан бас тарту.
Семіздікке душар болған балаға арналған тағам мәзірінде майлылығы орташа қантсыз сүт өнімдері, пісірілген, қайнатылған немесе буға пісірілген майсыз ет, құс еті немесе балық қосылған тағамдар, жарма және қалыпты мөлшердегі тәтті жемістер, шектеусіз көкөністер болуы керек.
Физикалық белсенділік артық салмақтан арылуды тездетіп қана қоймай, сонымен қатар теріні қатайтады және бұлшықеттерді күшейтеді. Жаттығулар дәрігер маманның қадағалауымен және баланың бастапқы дене салмағын, оның жасын ескеріп белгіленеді.
Ауыр семіздікті емдеу спорт пен диетадан басқа, дәрі-дәрмектерді, ағзадағы гормоналды және басқа да бұзылуларды түзетуді қамтиды. Жалпы адам бойындағы артық салмақты арылтумен және семіздікті емдеумен диетолог дәрігер айналысады.
Денсаулық
Шаш түсудің себептері мен емдеу жолдары