https://sputnik.kz/20231128/qyzylsha-auruy-payda-bolu-sebepteri-men-emdeu-zholdary-40488593.html
Қызылша ауруы: пайда болу себептері мен емдеу жолдары
Қызылша ауруы: пайда болу себептері мен емдеу жолдары
Sputnik Қазақстан
Қызылша - вирустық инфекция. Қызылшаны денеге шыққан бөртпе арқылы білуге болады. Бұл ауру өте жұқпалы, ауа арқылы таралады және бірнеше аптаға созылады.
2023-11-28T13:18+0500
2023-11-28T13:18+0500
2023-11-28T14:09+0500
денсаулық
қызылша
вакцина
ауру
https://sputnik.kz/img/582/15/5821564_0:207:3240:2030_1920x0_80_0_0_43fc63c3c5aaae38e8229725542f5856.jpg
АЛМАТЫ, 28 қараша – Sputnik. Қазіргі күні қоғамда үрей тудырып тұрған қызылша ауруы туралы не білеміз? Сақтану жолы қандай, егер жұқтырса адамға қандай қаупі бар. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне Алматы қалалық № 30 емхананың эпидемиолог дәрігері Айнұр Сәрсенова айтып берді.Қызылша ауруы қалай жұғады?Қызылша - вирустық инфекция. Қызылшаны денеге шыққан бөртпе арқылы білуге болады. Бұл ауру өте жұқпалы, ауа арқылы таралады және бірнеше аптаға созылады.Қызылша вирусы өте құбылмалы келеді, тіпті қызылшамен ауырған науқаспен тікелей байланыста болмай-ақ, онымен бір үйде тұрсаң да жұғады. Вирус тез өледі. Бұл вирусты тұрмыстық заттар, ойыншықтар, киім-кешек арқылы жұқтыру мүмкін емес.Балалардағы қызылша белгілеріҚызылша вирусын жұқтырған алғашқы кезеңде, яғни алғашқы белгілері пайда болғанға дейін бала 7-ден 17 күндей ауырады."Бала инкубациялық кезеңнің соңғы екі күнінде, катаральды кезеңде (3-4 күн) және бөртпелердің төртінші күніне дейін, яғни 9 күн ішінде басқаларға жұқпалы болады. Алғашқы үш күнде қызылша респираторлық инфекция түрінде көрінеді. Дененің безгегі ұстап, басы ауырады. Жөтел пайда болады, мұрыннан су ағып, тамағы ауырады", - дейді дәрігер-эпидемиолог.Ауру негізінен үш кезеңнен тұрады: катаральды, бөртпе кезеңі және пигментация кезеңі."Алғашқы үш 3-5 күнде қызылшаның белгілері көрінеді. Ағзаны ұйқы басып, тез шаршайды және дене температурасы аздап көтерілуі мүмкін. Бұл кезеңде қызылшаның негізгі симптомы – науқастың аузында тістердің түбінде ерекше бөртпе пайда болады. Дақтар қызарып тұрады. Мұндай дақтар ерте бастан диагноз қойып, ауырған адамды немесе баланы ертерек оқшаулауға мүмкіндік береді. Қызылша жұқтырған балаларда жөтел жиілеп, дене қызуы біртіндеп 40 градусқа жетуі мүмкін", - дейді Айнұр Сәрсенова.Эпидемиологтың айтуынша, қызылшамен сырқаттанған 1 жастағы балаларда қызылша онша байқалмайды. Бөртпе де бірден білінбейді. Бірақ баланың іші өтіп, құса бастайды.Ал қызылшамен ауырған ересектерде терінің қышуы 20% болады. Ларингит, бронхит 15 күнге дейін созылуы мүмкін, әсіресе 60 жастан асқан адамдарда ұзаққа созылады. 20-30% қысқа мерзімді диарея және орталық жүйке-жүйесі зақымдануы мүмкін. Қызылша асқынған жағдайда адам пневманияға шалдығады.Қызылша бөртпесін қалай білуге боладыҚызылша бөртпесі бастапқыда құлақтың артында және шаштың өсу аймағында бас терісінде пайда болады, бетке, мойын аймағына және кеудеге таралады.“Екінші күні иықтың, қолдың, арқаның, іштің терісі бөртіп кетеді. Науқастың саусақтары, аяғының төменгі бөлігінде де пайда болады. Өңі бозарады. Денедегі бөртпелер балаларға қарағанда ересектерде анық білінеді. Аурудың ең шарықтау кезі осы бөртпелердің пайда болған кезі. Вирустың ең ауыр кезеңі де осы сәтте жүреді. Науқасты тексеру кезінде артериялық гипотензия, тахикардия, бронхит немесе трахеобронхит белгілері анықталады", - дейді Сәрсенова.Дәрігер-эпидлемиолог әсіресе геморрагиялық форманы атап өткен жөн, дейді."Қызылша ауруы теріде және шырышты қабаттарда көп қан кеткен жағдайларда қауіпті. Адамның зәрінде және нәжісте қан пайда болып, тіпті қан көптеп кетуі мүмкін. Тіпті, бұл адам өліміне әкеп соғады. Сол себепті қызылшаны асқындырмай дер кезінде дәрігер көмегіне жүгіну керек", - дейді эпидемиолог.Бөртпе пайда болғаннан бастап дұрыс ем қабылдаса, 3-4-ші күні накуқастың жағдайы жақсарады.Қызылшаны емдеу жолдарыЖалпы ауруды анықтау үшін дәрігер науқасқа сараптама жасатады. Ол – қан мен зәрді жалпы талдау, серологиялық зерттеу. Бұл – баланың қан сарысуындағы қызылша вирусына антиденелерді анықтау. Сосын қаннан вирустың бөлінуін анықтап, кеуде қуысының рентгенографиясы жасалады. Алайда бұл – ерекше жағдайда ғана жасалатын тексеру. Сондай-ақ электроэнцефалография, бұл тексеру де науқастың жүйке-жүйесінде асқынулар болған жағдайда ғана жүргізіледі.Жалпы диагнозды анықтау дәрігерге еш қиындық тудырмайды."Қызылшамен ауырған балалар көбінесе үйде емделеді. Егер науқастың жағдайы ауыр болса, онда ауруханаға жатқызылады. Сондай-ақ ауруы асқынған және үй жағдайында күтімі жоқ балалар да ауруханада емделеді. Бір жасқа дейінгі міндетті түрде ауруханада ем алады. Жалпы ауырған баланың гигиена сақтауын қадағалап, дәрумендерге бай сұйықтықты жиі ішкізу қажет. Денедегі бөртпелерге ештеңе жақпау керек. Бөлме температурасында баланы сумен жуындыру жеткілікті. Онда да дене температурасы төмендегеннен кейін, яғны ыстығы басылғаннан кейін ғана шомылдыруға болады", - дейді эпидемиолог.Қызылша ауруы бедеулікке әкелмейді, дейді дәрігер. Бірақ жүкті әйелдерде түсік түсіру, мерзімінен бұрын босану және жатырішілік ақаулар болуы мүмкін. Қазіргі жағдайда қызылша жұқтырған жүкті әйелдер тыныс алу жеткіліксіздігінен және интоксикация белгілеріне байланысты орташа ауырлықта жүреді.Вакцинаның маңызы Қызылшаға қарсы егу профилактикалық егу күнтізбесіне кіреді. Алғашқы вакцинация 12-15 айлық дені сау балаларға жасалады. Вакцинаны қайта жасау (ревакцинация) 6 жасында, мектеп алдында жүзеге асырылады.Вакцинада баланың иммунитетін дамытатын тірі қызылша вирустары бар. Вакцинацияға реакция әртүрлі болуы мүмкін. Баланың дене қызуы кейде 37,5 – 38 градусқа дейін көтеріледі. Бұл вакцинациядан кейін 5-8 күн ішінде болуы мүмкін және үш күнге дейін созылатын кездер болады. Ескеретін бір жайт, иммунитеті төмен және онкологиялық аурулардан зардап шегетін балаларға вакцина алуға болмайды."Соңғы жылдары жаппай вакцинациядан бас тарту үрдісі қалыптасты. Салдарынан балалар арасында ауру жиілеп кетті. Биылғы 5 желтоқсаннан бастап балаларды вакцинаялау жоспарланып жатыр. Бірінші кезеңде балалар вакцина алады. Екінші кезеңде қызылшаға қарсы профилактикалық екпелері жоқ, сондай-ақ 2019-2022 жылдардағы кезеңде және 2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі кезеңде эпидемиялық көрсеткіштер бойынша егілмеген медицина қызметкерлері мен денсаулық сақтау ұйымының қызметкерлеріне екпе салынады", - дейді дәрігер-эпидемиолог.Жалпы биыл жыл басынан 1 қазанға дейін Алматыдағы балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына 5 754 науқас жүгінген. Оның ішінде 1 жастан 7 жасқа дейінгі балалар саны 71%, ал қызылшаны жұқтырған ересектер 2000-ға жеткен.
https://sputnik.kz/20231006/osteokhondroz-payda-bolu-sebepteri-men-emdeu-zholdary-39013453.html
https://sputnik.kz/20231009/disbakterioz-sebepteri-men-belgileri-39240610.html
https://sputnik.kz/20231002/pfizer-men-astrazeneca-elimizde-oz-ondirisin-ashudy-zhosparlap-otyr-38929069.html
https://sputnik.kz/20231124/astanada-qyzylsha-zhuqtyrgan-6-bala-zhansaqtau-boliminde-zhatyr-40391521.html
https://sputnik.kz/20230825/koronavirusqa-qarsy-zhana-vaktsina-zhasalyp-zhatyr-37933511.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/582/15/5821564_231:0:2962:2048_1920x0_80_0_0_570e541dd65ad0d88d1ae56297db5ddb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
қызылша корь ауру инфекция вирус екпе вакцина вакцинация гигиена бөртпе
қызылша корь ауру инфекция вирус екпе вакцина вакцинация гигиена бөртпе
АЛМАТЫ, 28 қараша – Sputnik. Қазіргі күні қоғамда үрей тудырып тұрған қызылша ауруы туралы не білеміз? Сақтану жолы қандай, егер жұқтырса адамға қандай қаупі бар. Бұл туралы
Sputnik Қазақстан тілшісіне Алматы қалалық № 30 емхананың эпидемиолог дәрігері Айнұр Сәрсенова айтып берді.
Қызылша ауруы қалай жұғады?
Қызылша - вирустық инфекция. Қызылшаны денеге шыққан бөртпе арқылы білуге болады. Бұл ауру өте жұқпалы, ауа арқылы таралады және бірнеше аптаға созылады.
"Инфекция ауа арқылы жұғады. Мысалы, сөйлескенде, түшкіргенде және жөтелгенде. Қызылшамен ауырған науқаспен байланыста болған адам, әсіресе қызылшаға қарсы екпе алмаған және бұл аурумен ауырып көрмеген адам 100% дерлік жұқтыруы мүмкін", - дейді Алматы қалалық 30 емхананың эпидемиолог дәрігері Айнұр Сәрсенова.
Қызылша вирусы өте құбылмалы келеді, тіпті қызылшамен ауырған науқаспен тікелей байланыста болмай-ақ, онымен бір үйде тұрсаң да жұғады. Вирус тез өледі. Бұл вирусты тұрмыстық заттар, ойыншықтар, киім-кешек арқылы жұқтыру мүмкін емес.
Балалардағы қызылша белгілері
Қызылша вирусын жұқтырған алғашқы кезеңде, яғни алғашқы белгілері пайда болғанға дейін бала 7-ден 17 күндей ауырады.
"Бала инкубациялық кезеңнің соңғы екі күнінде, катаральды кезеңде (3-4 күн) және бөртпелердің төртінші күніне дейін, яғни 9 күн ішінде басқаларға жұқпалы болады. Алғашқы үш күнде қызылша респираторлық инфекция түрінде көрінеді. Дененің безгегі ұстап, басы ауырады. Жөтел пайда болады, мұрыннан су ағып, тамағы ауырады", - дейді дәрігер-эпидемиолог.
Ауру негізінен үш кезеңнен тұрады: катаральды, бөртпе кезеңі және пигментация кезеңі.
"Алғашқы үш 3-5 күнде қызылшаның белгілері көрінеді. Ағзаны ұйқы басып, тез шаршайды және дене температурасы аздап көтерілуі мүмкін. Бұл кезеңде қызылшаның негізгі симптомы – науқастың аузында тістердің түбінде ерекше бөртпе пайда болады. Дақтар қызарып тұрады. Мұндай дақтар ерте бастан диагноз қойып, ауырған адамды немесе баланы ертерек оқшаулауға мүмкіндік береді. Қызылша жұқтырған балаларда жөтел жиілеп, дене қызуы біртіндеп 40 градусқа жетуі мүмкін", - дейді Айнұр Сәрсенова.
Эпидемиологтың айтуынша, қызылшамен сырқаттанған 1 жастағы балаларда қызылша онша байқалмайды. Бөртпе де бірден білінбейді. Бірақ баланың іші өтіп, құса бастайды.
Ал қызылшамен ауырған ересектерде терінің қышуы 20% болады. Ларингит, бронхит 15 күнге дейін созылуы мүмкін, әсіресе 60 жастан асқан адамдарда ұзаққа созылады. 20-30% қысқа мерзімді диарея және орталық жүйке-жүйесі зақымдануы мүмкін. Қызылша асқынған жағдайда адам пневманияға шалдығады.
Қызылша бөртпесін қалай білуге болады
Қызылша бөртпесі бастапқыда құлақтың артында және шаштың өсу аймағында бас терісінде пайда болады, бетке, мойын аймағына және кеудеге таралады.
“Екінші күні иықтың, қолдың, арқаның, іштің терісі бөртіп кетеді. Науқастың саусақтары, аяғының төменгі бөлігінде де пайда болады. Өңі бозарады. Денедегі бөртпелер балаларға қарағанда ересектерде анық білінеді. Аурудың ең шарықтау кезі осы бөртпелердің пайда болған кезі. Вирустың ең ауыр кезеңі де осы сәтте жүреді. Науқасты тексеру кезінде артериялық гипотензия, тахикардия, бронхит немесе трахеобронхит белгілері анықталады", - дейді Сәрсенова.
Дәрігер-эпидлемиолог әсіресе геморрагиялық форманы атап өткен жөн, дейді.
"Қызылша ауруы теріде және шырышты қабаттарда көп қан кеткен жағдайларда қауіпті. Адамның зәрінде және нәжісте қан пайда болып, тіпті қан көптеп кетуі мүмкін. Тіпті, бұл адам өліміне әкеп соғады. Сол себепті қызылшаны асқындырмай дер кезінде дәрігер көмегіне жүгіну керек", - дейді эпидемиолог.
Бөртпе пайда болғаннан бастап дұрыс ем қабылдаса, 3-4-ші күні накуқастың жағдайы жақсарады.
Жалпы ауруды анықтау үшін дәрігер науқасқа сараптама жасатады. Ол – қан мен зәрді жалпы талдау, серологиялық зерттеу. Бұл – баланың қан сарысуындағы қызылша вирусына антиденелерді анықтау. Сосын қаннан вирустың бөлінуін анықтап, кеуде қуысының рентгенографиясы жасалады. Алайда бұл – ерекше жағдайда ғана жасалатын тексеру. Сондай-ақ электроэнцефалография, бұл тексеру де науқастың жүйке-жүйесінде асқынулар болған жағдайда ғана жүргізіледі.
Жалпы диагнозды анықтау дәрігерге еш қиындық тудырмайды.
"Қызылшамен ауырған балалар көбінесе үйде емделеді. Егер науқастың жағдайы ауыр болса, онда ауруханаға жатқызылады. Сондай-ақ ауруы асқынған және үй жағдайында күтімі жоқ балалар да ауруханада емделеді. Бір жасқа дейінгі міндетті түрде ауруханада ем алады. Жалпы ауырған баланың гигиена сақтауын қадағалап, дәрумендерге бай сұйықтықты жиі ішкізу қажет. Денедегі бөртпелерге ештеңе жақпау керек. Бөлме температурасында баланы сумен жуындыру жеткілікті. Онда да дене температурасы төмендегеннен кейін, яғны ыстығы басылғаннан кейін ғана шомылдыруға болады", - дейді эпидемиолог.
Қызылша ауруы бедеулікке әкелмейді, дейді дәрігер. Бірақ жүкті әйелдерде түсік түсіру, мерзімінен бұрын босану және жатырішілік ақаулар болуы мүмкін. Қазіргі жағдайда қызылша жұқтырған жүкті әйелдер тыныс алу жеткіліксіздігінен және интоксикация белгілеріне байланысты орташа ауырлықта жүреді.
Қызылшаға қарсы егу профилактикалық егу күнтізбесіне кіреді. Алғашқы вакцинация 12-15 айлық дені сау балаларға жасалады. Вакцинаны қайта жасау (ревакцинация) 6 жасында, мектеп алдында жүзеге асырылады.
Вакцинада баланың иммунитетін дамытатын тірі қызылша вирустары бар. Вакцинацияға реакция әртүрлі болуы мүмкін. Баланың дене қызуы кейде 37,5 – 38 градусқа дейін көтеріледі. Бұл вакцинациядан кейін 5-8 күн ішінде болуы мүмкін және үш күнге дейін созылатын кездер болады. Ескеретін бір жайт, иммунитеті төмен және онкологиялық аурулардан зардап шегетін балаларға вакцина алуға болмайды.
"Соңғы жылдары жаппай вакцинациядан бас тарту үрдісі қалыптасты. Салдарынан балалар арасында ауру жиілеп кетті. Биылғы 5 желтоқсаннан бастап балаларды вакцинаялау жоспарланып жатыр. Бірінші кезеңде балалар вакцина алады. Екінші кезеңде қызылшаға қарсы профилактикалық екпелері жоқ, сондай-ақ 2019-2022 жылдардағы кезеңде және 2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі кезеңде эпидемиялық көрсеткіштер бойынша егілмеген медицина қызметкерлері мен денсаулық сақтау ұйымының қызметкерлеріне екпе салынады", - дейді дәрігер-эпидемиолог.
Жалпы биыл жыл басынан 1 қазанға дейін Алматыдағы балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына 5 754 науқас жүгінген. Оның ішінде 1 жастан 7 жасқа дейінгі балалар саны 71%, ал қызылшаны жұқтырған ересектер 2000-ға жеткен.