Коронавирусқа қарсы жаңа вакцина жасалып жатыр

© AFP 2024 / THOMAS KIENZLEАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.08.2023
Жазылу
Германиядағы дәрігерлер екпені жасы 60-тан асқан қариялар мен олардың туыстарына қабылдауға кеңес береді
АСТАНА, 25 тамыз – Sputnik. Коронавирустың "Эрис" штаммына қарсы жаңа вакцина қыркүйекте жасалып бітеді, деп хабарлады Хабар 24.
"BioNTech" және "Модерна" концерндері екпені нарыққа шығаруға дайын. Бірақ бұл үшін барлық тиісті рұқсат қағаздарын алу қажет. Вакциналар бір реттік дозамен беріледі.
Германиядағы дәрігерлер екпені жасы 60-тан асқан қариялар мен олардың туыстарына қабылдауға кеңес береді. Әлемнің 51 елінде "Эрис" штаммын жұқтырғандар саны 17 пайызға жеткен. Бір ай бұрын ғана бұл көрсеткіш 7-ақ пайыз еді. Мамандар аталған мутация жұқпалы, бірақ аса қауіпті емес дейді.
Ерлан Кукубасов - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.04.2023
Денсаулық
Дәрігер папиллома вирусына қарсы вакцина жайлы: бедеулікке әкелмейді, бұған дәлеліміз бар
Жаңалықтар
0