https://sputnik.kz/20231002/pfizer-men-astrazeneca-elimizde-oz-ondirisin-ashudy-zhosparlap-otyr-38929069.html
Pfizer мен AstraZeneca елімізде өз өндірісін ашуды жоспарлап отыр
Pfizer мен AstraZeneca елімізде өз өндірісін ашуды жоспарлап отыр
Sputnik Қазақстан
GE Healthcare компаниясымен медициналық техника өндірісін локализациялау жөніндегі негіздемелік келісімге қол қойылды 02.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-02T08:28+0500
2023-10-02T08:28+0500
2023-10-02T08:28+0500
денсаулық
өндіріс
https://sputnik.kz/img/old/36/95/369578_0:50:1001:613_1920x0_80_0_0_db6c02afae4339e174020de08c4871be.jpg
АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Қазақстан үкіметі мемлекеттік қолдау шараларының пакеттерін ұсына отырып, фармацевтикалық индустрияның әлемдік ірі өкілдерімен белсенді іскерлік байланыстарды арттырады.Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің кезекті отырысында айтылды.Сондай-ақ Қазақстан президентінің АҚШ-қа сапары барысында GE Healthcare компаниясымен құны 60 млн доллар болатын медициналық техника өндірісін локализациялау жөніндегі негіздемелік келісімге қол қойылды.Roche компаниясымен 2,5 млн долларға бірқатар жоба пысықталып жатыр. Оңтүстік Корея, Түркия, Египет және Израиль инвесторларымен келісім-шарттық өндіріс жобалары жүзеге асырылуда."Дәрілік заттарға сұраныстың артуы аясында денсаулық сақтау саласының, оның ішінде фармацевтика өнеркәсібінің даму әлеуеті өте зор", — деп атап өтті Әлихан Смайылов.
https://sputnik.kz/20231002/qazaqstanda-zheke-investitsiya-esebinen-20-kopbeyindi-aurukhana-salynady-38928622.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/36/95/369578_58:0:941:662_1920x0_80_0_0_3b2b81cf7e6b20c9637a7729d3a9f524.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өндіріс
Pfizer мен AstraZeneca елімізде өз өндірісін ашуды жоспарлап отыр
GE Healthcare компаниясымен медициналық техника өндірісін локализациялау жөніндегі негіздемелік келісімге қол қойылды
АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Қазақстан үкіметі мемлекеттік қолдау шараларының пакеттерін ұсына отырып, фармацевтикалық индустрияның әлемдік ірі өкілдерімен белсенді іскерлік байланыстарды арттырады.
Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің кезекті отырысында айтылды.
"Pfizer компаниясымен Дәрі-дәрмек өндірісін локализациялау бойынша инвестициялық келісім жасау жоспарланып отыр. AstraZeneca компаниясымен инвестиция көлемі 32 млн доллар болатын бірегей дәрілік заттардың келісімшарттық өндірісін құру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді", - деп хабарлайды премьер-министр сайты.
Сондай-ақ Қазақстан президентінің АҚШ-қа сапары барысында GE Healthcare компаниясымен құны 60 млн доллар болатын медициналық техника өндірісін локализациялау жөніндегі негіздемелік келісімге қол қойылды.
Roche компаниясымен 2,5 млн долларға бірқатар жоба пысықталып жатыр. Оңтүстік Корея, Түркия, Египет және Израиль инвесторларымен келісім-шарттық өндіріс жобалары жүзеге асырылуда.
"Дәрілік заттарға сұраныстың артуы аясында денсаулық сақтау саласының, оның ішінде фармацевтика өнеркәсібінің даму әлеуеті өте зор", — деп атап өтті Әлихан Смайылов.