https://sputnik.kz/20231009/disbakterioz-sebepteri-men-belgileri-39240610.html
Дисбактериоз: себептері мен белгілері
Дисбактериоз: себептері мен белгілері
Sputnik Қазақстан
Дисбактериоз – ішек микрофлорасының патологиялық өзгерістері салдарынан дамитын ауру. Пайдалы лакто, бифидобактериялар санының азаюынан, патологиялық микроорганизмдердің көбеюінен асқазан-ішек жолдарының қалыпты жұмысы бұзылады.
2023-10-09T09:57+0500
2023-10-09T09:57+0500
2023-10-12T09:57+0500
денсаулық
дисбактериоз
ауру
дәрігер
пайдалы кеңес
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/16/18723325_176:0:1618:811_1920x0_80_0_0_bb9dc41603efcf44af6edb159a5f6188.jpg
Пайдалы лакто және бифидобактериялар санының азаюына және патологиялық микроорганизмдердің көбеюіне байланысты асқазан-ішек жолдарының қалыпты жұмысы бұзылады. Ішек дисбактериозының пайда болуы себептері, белгілері мен емдеу жолдары туралы оқыңыз.Дисбактериоз қандай ауруДисбактериоз деген ұғым ішек арнасындағы патогендік микрофлораның шамадан тыс жоғарылауымен жүретін ішектегі табиғи микрофлораның құрамы сандық және сапалық тұрғыдан өзгеруін білдіреді.Бактериялық және микробтық байланыстардағы мұндай бұзылыстар көбінесе зат алмасудағы, иммундық және ас қорыту бұзылыстарымен бірге жүреді. Шын мәнінде, дисбактериозды жеке ауру деп атауға болмайды. Өйткені ол басқа аурулардың салдары ретінде жиі пайда болады.Қалыпты ішек микрофлора неліктен аса маңыздыҚалыпты микрофлорасы бар сау ішекте барлық бактерия тепе-теңдік күйінде болады. Бұл ішектің ас қорыту процесіне белсенді қатысуына мүмкіндік береді. Яғни, қалыпты күйдегі микрофлора мына процестердің жүруіне мүмкіндік береді:Патология дамуының негізгі себептері:Бұл ауру балаларда, тіпті жаңа туған нәрестелерде де жиі кездеседі. Сәбилерде оның пайда болуы мерзімінен бұрын босанумен, ерте жастан жасанды тамақтандыруға көшумен, жатырішілік инфекциялардың болуымен, сондай-ақ қосымша тамақтың дұрыс емес құрамымен байланысты болады.Дисбактериоз белгілеріДисбактериоз белгілері оның даму кезеңдерінде әртүрлі сипатта болады. Бастапқы кезеңде адам тіпті ештеңеден күдіктенбеуі мүмкін. Дәрігерлер денсаулыққа көбірек назар аударуды және мына белгілерге назар аударуды ұсынады:Дегенмен бұл белгілердің барлығы бір уақытта болуы міндетті емес екенін ескеру керек. Жоғарыда аталған белгілердің біреуінің болуы дәрігерге жүгінуге себеп болуы керек.Дисбактериозды емдеуДисбактериозды емдеу ең алдымен дәрігермен, атап айтқанда гастроэнтеролог дәрігермен кеңесуді қажет етеді. Ол диагностика жүргізіп, соның негізінде қажетті емдеу курсын тағайындай алады.Бірінші кезеңде науқастың шағымдарын талдау және аурудың медициналық сипатына зерттеу жүргізіледі. Алдымен дәрігер науқасты іш аймағын қолымен басып тексеріп, ауырсынудың орнын анықтайды.Зертханалық зерттеу әдісі кезінде зәр талдауы, қан талдауы, нәжістің бактериологиялық талдауы, хроматографиялық спектрометрия, глюкозаға тест, өт қышқылын анықтауға арналған тест, шиллингке тесте жүргізіледі.Ішек шырынының себіндісіне арналған зерттеу стерильді зонд арқылы аш ішекті тексеруге мүмкіндік береді.Құрсақ қуысының ультрадыбыстық зерттеуі құрылымды бағалауға, сондай-ақ органдардағы патологиялық өзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді.Контрасты заттарды қолданатын рентген іш қуысының органдарын мұқият тексеруге мүмкіндік береді.Ішек дисбактериозыен емдеу мүмкін беДәрігерлер егер дисбиотикалық өзгерістер антибиотиктерді қабылдаудан немесе жедел ішек инфекциясынан туындаса, онда бұл жағдайды уақытылы диагностикалау және дұрыс емдеу арқылы бифидобактерияларды ғана емес, сонымен қатар басқа да микробтарды, яғни ішек микрофлорасының тепе-теңдігін толық қалпына келтіруге болатынын айтады.Егер дисбактериоз созылмалы гастрит, дуоденит, колит секілді созылмалы аурудың салдары болса, дисбактериозды біржола емдеу мүмкін емес. Бірақ уақытылы ішектің микробтық құрамын қалыпқа келтіруге бағытталған терапия жүргізу өте қажет. Өйткені микрофлорадағы сандық және сапалық өзгерістер негізгі аурудың өршуіне әкелуі мүмкін.Жалпы дисбактериоз асқазан-ішек жолындағы бұзылыстардың салдарынан туындайтындықтан, әрбір адам бұл аурудың алдын алу үшін ең алдымен өзінің тамақтану дәстүріне көңіл бөлуі керек.
https://sputnik.kz/20231006/osteokhondroz-payda-bolu-sebepteri-men-emdeu-zholdary-39013453.html
https://sputnik.kz/20230928/tagamdyq-allergiya-neden-tuyndaydy-zhane-qalay-emdeydi-38932616.html
https://sputnik.kz/20230915/psoriazdy-emdeu-zhane-aldyn-alu-zholdary-38551484.html
https://sputnik.kz/20230909/asqazan-ishek-zholdary-aurulary-belgileri-men-emdeu-zholdary-38378346.html
https://sputnik.kz/20230510/uyqy-bezi-auruynyn-belgileri-zhane-emdeu-zholdary-34357312.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/16/18723325_356:0:1437:811_1920x0_80_0_0_f488b9f4f48c4eecc0dc066b3885cba4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дисбактериоз ішек микрофлорасы микрофлора кишечника кекіру безеу метеоризм ас қорыту процесі лактобактериялар бифидобактериялар
дисбактериоз ішек микрофлорасы микрофлора кишечника кекіру безеу метеоризм ас қорыту процесі лактобактериялар бифидобактериялар
Дисбактериоз: себептері мен белгілері
09:57 09.10.2023 (жаңартылды: 09:57 12.10.2023) Дисбактериоз – бұл ішек микрофлорасының патологиялық өзгерістері салдарынан дамитын ауру
Пайдалы лакто және бифидобактериялар санының азаюына және патологиялық микроорганизмдердің көбеюіне байланысты асқазан-ішек жолдарының қалыпты жұмысы бұзылады. Ішек дисбактериозының пайда болуы себептері, белгілері мен емдеу жолдары туралы оқыңыз.
Дисбактериоз деген ұғым ішек арнасындағы патогендік микрофлораның шамадан тыс жоғарылауымен жүретін ішектегі табиғи микрофлораның құрамы сандық және сапалық тұрғыдан өзгеруін білдіреді.
Бактериялық және микробтық байланыстардағы мұндай бұзылыстар көбінесе зат алмасудағы, иммундық және ас қорыту бұзылыстарымен бірге жүреді. Шын мәнінде, дисбактериозды жеке ауру деп атауға болмайды. Өйткені ол басқа аурулардың салдары ретінде жиі пайда болады.
Қалыпты ішек микрофлора неліктен аса маңызды
Қалыпты микрофлорасы бар сау ішекте барлық бактерия тепе-теңдік күйінде болады. Бұл ішектің ас қорыту процесіне белсенді қатысуына мүмкіндік береді. Яғни, қалыпты күйдегі микрофлора мына процестердің жүруіне мүмкіндік береді:
Ағзаны қоректік заттармен қамтамасыз ету;
Иондық тепе-теңдікті сақтайды;
Уларды бейтараптандырады және дәрі-дәрмектерді сіңіреді;
Ағуыз, майлар секілді заттардың алмасуына қатысады.
Ішек дисбактериозы сирек жағдайларда негізгі ауру ретінде қалыптасады. Көбінесе ол адам бойындағы жүйелер мен органдардың жұмысындағы бұзылыстардың салдары болады.
Патология дамуының негізгі себептері:
Бұл ауру балаларда, тіпті жаңа туған нәрестелерде де жиі кездеседі. Сәбилерде оның пайда болуы мерзімінен бұрын босанумен, ерте жастан жасанды тамақтандыруға көшумен, жатырішілік инфекциялардың болуымен, сондай-ақ қосымша тамақтың дұрыс емес құрамымен байланысты болады.
Дисбактериоз белгілері оның даму кезеңдерінде әртүрлі сипатта болады. Бастапқы кезеңде адам тіпті ештеңеден күдіктенбеуі мүмкін. Дәрігерлер денсаулыққа көбірек назар аударуды және мына белгілерге назар аударуды ұсынады:
әртүрлі түрдегі іштің ауыруы: түю, сыздау немесе құрысу
қышқыл иісі бар сұйық нәжіс
гиповитаминоздың көрінісі ретінде құрғақ тері және ауыздықтар
шаршау және ұйқының бұзылуы
Дегенмен бұл белгілердің барлығы бір уақытта болуы міндетті емес екенін ескеру керек. Жоғарыда аталған белгілердің біреуінің болуы дәрігерге жүгінуге себеп болуы керек.
Дисбактериозды емдеу ең алдымен дәрігермен, атап айтқанда гастроэнтеролог дәрігермен кеңесуді қажет етеді. Ол диагностика жүргізіп, соның негізінде қажетті емдеу курсын тағайындай алады.
Бірінші кезеңде науқастың шағымдарын талдау және аурудың медициналық сипатына зерттеу жүргізіледі. Алдымен дәрігер науқасты іш аймағын қолымен басып тексеріп, ауырсынудың орнын анықтайды.
Зертханалық зерттеу әдісі кезінде зәр талдауы, қан талдауы, нәжістің бактериологиялық талдауы, хроматографиялық спектрометрия, глюкозаға тест, өт қышқылын анықтауға арналған тест, шиллингке тесте жүргізіледі.
Ішек шырынының себіндісіне арналған зерттеу стерильді зонд арқылы аш ішекті тексеруге мүмкіндік береді.
Құрсақ қуысының ультрадыбыстық зерттеуі құрылымды бағалауға, сондай-ақ органдардағы патологиялық өзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді.
Контрасты заттарды қолданатын рентген іш қуысының органдарын мұқият тексеруге мүмкіндік береді.
Ішек дисбактериозыен емдеу мүмкін бе
Дәрігерлер егер дисбиотикалық өзгерістер антибиотиктерді қабылдаудан немесе жедел ішек инфекциясынан туындаса, онда бұл жағдайды уақытылы диагностикалау және дұрыс емдеу арқылы бифидобактерияларды ғана емес, сонымен қатар басқа да микробтарды, яғни ішек микрофлорасының тепе-теңдігін толық қалпына келтіруге болатынын айтады.
Егер дисбактериоз созылмалы гастрит, дуоденит, колит секілді созылмалы аурудың салдары болса, дисбактериозды біржола емдеу мүмкін емес. Бірақ уақытылы ішектің микробтық құрамын қалыпқа келтіруге бағытталған терапия жүргізу өте қажет. Өйткені микрофлорадағы сандық және сапалық өзгерістер негізгі аурудың өршуіне әкелуі мүмкін.
Жалпы дисбактериоз асқазан-ішек жолындағы бұзылыстардың салдарынан туындайтындықтан, әрбір адам бұл аурудың алдын алу үшін ең алдымен өзінің тамақтану дәстүріне көңіл бөлуі керек.